6 курс 8-ші «Жүрек шамасыздығы» тақырыбына тапсырмалар. Ситуациялық жағдай



Дата11.01.2022
өлшемі36 Kb.
#111242

6 курс 8-ші «Жүрек шамасыздығы» тақырыбына тапсырмалар.
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Науқас З., 38 жаста, ауруханаға келесі шағымдармен түсті: аздап физикалық күштемеде пайда болатын ентікпе, кеудесінің сол жартысының 1,5-2,0 сағатқа дейін созылатын сыздап аурсынуы, жөтел, тұншығу ұстамалары.

Анамнезінен: 5 жыл бері аурады, оқта-текте ентікпе, ал түнде тұншығу ұстамалары мазалай бастаған. Жүрек глизозидтерімен ем нәтиже бермеген. Соңғы 3 жылда – жыбыр аритмия, тұрақты формасы. 1 жыл бұрын 2 рет ми қанайналымының бұзылысын басынан өткізген, содан бері – сол жақтық гемипарез. Соңғы жылда жағдайы үдемелі нашарлап, ісінулер көбейген, ентікпе өршіген.

Объективті: жалпы жағдайы өте ауыр, диффузды цианоз, мойын веналарының ісінуі. Оң мәнді веналық пульс. Қалпы мәжбүр – ортопноэ. Аяқ ұшы, балтырларының ісінуі. Өкпесінде төменгі-артқы бөліктерінде майда ылғалды сырылдар, ТЖ 26 минутына.

Прекардиальді пульсация анықталады. Жүрек шекаралары: сол шекарасы 6 қабырғааралықта, алдыңғы қолтық асты сызығында, оң – төс қырынан 2,0 см оңға. Аускультацияда: жүрек және төс ұшында систолалық шу, өкпе артериясында 2 тонның акценті. ЖЖ 74 минутына, пульсі 72 минутына, аритмиялық. АҚ 125/70 мм сын.бағ. Іші іш қуысына сұйықтық жиналу себебінен ұлғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қатайған, қабырға доғасынан 8,0 см шығыңқы.

Жалпы қан анализінде: эритроциттер-3,5x10*12/л, гемоглобин-110 г/л, лейкоциттер-7,0x10*9/л, т/я 2%, с/я 76%, лимфоциттер 18%, моноциттер4%. ЭТЖ-7 мм/с.

Зәрдің жалпы анализі: мөлдір, салыстырмалы тығыздығы 1012, белок – 0,066 г/л, к/а бірең-сараң лейкоциттер, эритроциттер.

Биохимия: белок 80 г/л, холестерин 3,8 ммоль/л, СРБ жоқ, жалпы билирубин 18 мкмоль/л, АСЛО 1:150, АСК 1:300.

Электрокардиограмма: Р тісшесі анықталмайды, ff тұрақсыз толқындары, R-R интервалдары әр түрлі, қарыншалардың жиылуы 76 в минуту.

ЭКГ тәуліктік мониторлау: 3817 политопты қарыншалық экстрасистолалар анықталды,.

Өпке рентгенографиясында: жүрек ені кеңейген, солға көбірек, жүрек мықыны тегістелген, сол жүрекше мен қарыншалардың ұлғаюы.

ЭхоКГ. Қорытынды: сол қарынша: соңғы диастолалық өлшемі – 7,0 см, соңғы систолалық – 6,0 см, оң қарынша – 3,1см, сол жүрекше – 3,3 см, сол қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығы 1,1 см, қабырға аралық преденің – 1,1 см, айдау фракциясы – 35%.

Доплероэхография – митральді, трискупидальді регургитация белгілері.




ТАПСЫРМАЛАР

1. Синдромдарды анықтаңыз. Негізгі синдромды көрсетіңіз.

2. Болжам диагноз құрыңыз.

3. Берілген лабораторлы-аспаптық зертеулердің нәтижелерін түсіндіріңіз.

4. Клиникалық диагнозды негіздеп, дифференциялық диагноз жүргізіңіз.

5. Ем жоспарын тағайыдап, берілген емді негіздеңіз.




КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАЗБАША ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

1. Жүрек шамасыздығының анықтамасы.

2. Жүректің созылмалы шамасыздығының (ЖСШ) даму механизмдері.

3. ЖСШ патофизиологиясы. Гемодинамика бұзылыстары. Нейтрогуморальді аутқулар.

4. ЖСШ емдеу бағдарламасы:

а) рациональді емдік режим;

б) ем дәм;

в) миокардтың жиырылуын күшейту - жүрек гликозидтері, гликозидті емес инотропты дәрмектер;

г) дәрілік ем: ААФ ингибиторлары, АРБ, диуретиктер, перифериялық вазодилататорлар, альдостерон антогонистері, -блокаторлар, жүрек гликозидтері - әсер ету механизмдері, көрсетпелері, кері әсерлері.

д) метеболимдік, антиоксидантй ем;



5. Рефрактерлі ЖСШ туралы түсінік, ем жоспары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет