6-сынып 1-нұсқа 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер



бет1/22
Дата25.09.2024
өлшемі152,57 Kb.
#205064
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
5-6 сынып БЖБ (1)


6-сынып
1-нұсқа
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер.


Оқу мақсаты 6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі
ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу
6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис
арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы

  • оқылым материалдары бойынша негізгі

ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін
жазады

  • тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқып,негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып жинақы мәтін жазыңыз
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе елді мекені маңында «Шерқала» деп аталатын тау бар. Ерте кезде бұл жерде адайлар мен түркімендер арасында қырғын соғыс болған. Түрікпен-қазақ қырғынында осы ұшпаға түрікпендер орналасып алып, жаугершілік жасаған. Бұл ұшпаның жан-жағы тегіс тас, өтетін жері, жолы болмаған. Тек бір ғана жолы ішінде су алатын түрікпендердің тіршілік еткен көзі үлкен шыңырауы болған. Жоғарыдағы жауға ештеңе істей алмай, құруға жақын қалған қазақтар ақыры амалын тауыпты. Олар шыңыраудан қауіпсіздеу бір шетін тесіп, сол жерден түрікпендердің су алуға түсірген қауға, шелегін кесіп тастап тұрған. Ақырында шөлден қырылып, қаталаған түрікпендердің жартылай қолы «Шерқаланы» тастап қолға түскен екен. «Шерқаланы» түрікпенше алынбайтын қамал дегенді білдіреді екен. «Шерқала» тауы - Маңғыстау қазақтарының «киелі» деп санайтын жерінің бірі.
2-тапсырма Берілген сөздерді орфографиялық нормаға сай көшіріп жазыңыз
Шым бұлақ,дем алыс,тас бақа,әр бір,фото сурет,бас жүлде,Іле Алатауы,Сыр дария,Ақсу Жабағылы,Алаша хан күмбезі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет