6-сыныпқа арналған тест тапсырмалары



бет1/3
Дата07.12.2022
өлшемі36,2 Kb.
#161676
  1   2   3
Байланысты:
6-7сынып тест


6-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
1. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер.
А) жем,су,малшы
В) жауап,таза,барады
С) ет, адам,мал
D) жұмыртқа, ұя,жағдай
E) қалам, ауа, жағажай
2. Берілген сөз қай сөз табы?
Мен
А) есімдік
В) сан есім
С) етістік
D) зат есім
E) сын есім
3. Сөзде неше буын бар, көрсетіңіз
Шынықтырады
А) сегіз
В) алты
С) бес
D) төрт
E) он бір
4. Мөлшер үстеуін табыңыз
А) ілгері
В) әрең
С) кеше
D) едәуір
Е) ертең
5. Бітеу буынды сөзді табыңыз
А) төрт
В) ал
С) ант
D) аға
Е) сынып
6. Реттік сан есімді табыңыз
А) бір
В) біреу
С) бір-бірден
D) бірінші
Е) бес-алты
7. Қатаң дауыссыз дыбысты табыңыз
А) ғ,г
В) ж,з
С) т,с
D) м,ң
Е) б,қ
8. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді табыңыз
А) біздің болашағымыз
В) біз ұшқышпыз 
С) бізге қара
D) бізден кейін
Е) бізбен бірге
9. «Жылдам» сөзінің антонимін табыңыз
А) қышқыл
В) ақырын
С) тегіс
D) лас
Е) әдемі
10. Қатыстық сын есімді табыңыз
А) жасыл
В) көгілдір
С) білімді
D) үлкен
Е) зәулім
Мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
11. Нағыз достық не береді?
А) сенім береді
В) шабыт береді
С) құндылық береді
D) шынайылық береді
Е) адалдық
12. Достыққа не кедергі бола алмайды?
А) сатқындық
В) адалдық
С) сыйластық
D) шынайылық
Е) мінез
13. Өмірлік мақсаттардың бірі
А) дос таңдай білу
В) достықты таңдай білу
С) еңбек түрін таңдай білу
D) арманға қол жеткізу
Е) бақытты болу
14. Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасында не үшін қажет?
А) сенімді арттыру үшін
В) қарым- қатынас үшін
С) саяси тұрақтылық үшін
D) ынтымақтастық орнату үшін
Е) дос болу үшін
15. Достықты берік ететін не?
А) сенім мен жарқын көңіл
В) татулық
С) саяси тұрақтылық
D) ынтымақтастық
Е) шыдамдылық




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет