6-сынып,қазақ әдебиеті пәні



Дата23.08.2017
өлшемі47,06 Kb.
#25193
6-сынып,қазақ әдебиеті пәні.

Қазақтілі мен әдебиет пәні мұғалімі Серкебаева Санимкуль Туяковна

Аннотация

Ұсынылып отырған сабақ үлгісі мультимедиялық құралдарды тиімді қолдану арқылы құрылған. Қазіргі заманауи технологиялар арқылы оқушылардың білім сапасын арттырып сонымен қатар білім алудағы қызығушылығын арта түседі. Өйткені оқушыларымыз техниканың дамыған ғасырының ұрпақтары. Сондықтан қарапайым дәстүрлі сабақтарды жүргізу заман талабына сай келе бермейді. Ақын-жазушының өмірін жалпақ тілмен айтып жеткізгеннен гөрі, сол ақынның өзі туралы бейнефильдерді көрген, шығармасына сай көркем фильмдерден үзінді қарап, шығарма кейіпкерлеріне, тақырыбын ашуда, басқа да талдау түрлерін жасағанда сабақ өте тартымды, қызықты өтіледі. Интерактивті тақтада флипчартқа кесте, сызбаларды орындау дәптерге орындағаннан гөрі қызықты, түсінікті жеткізіледі. Сабақ кезеңдерін презентациялау, бұл сабақтың жинақылығы, нақты, маңыздыларды жүзеге асыруға көмек беретін бірден-бір құрал. Қорыта айтқанда, әр сабағымызда 10-15 минут мультимедия құралымен өткізген тиімді деп санаймын.


Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа»

Қорытынды сабақ: Түбі адам болатын бала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру; Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру; Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой –қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу; Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту; Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пікір-сайыс сабақ

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым- Қожа” кітабы, Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым - Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер.



Сабақтың өтілу жоспары:

1. Бұл қай сәт?

2. Мынау кім?

3. Теріп алу стратегиясы

4. Ой тастау

Сабақтың барысы:



Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушыларды түгендеу;

ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;

б)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау;



Үй тапсырмасын сұрау

«...Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам,өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.»

---Кімнің сөзі?

---Б.Соқпақбаев туралы не білеміз?

---Жазушының қандай шығармаларын білеміз?

Өткен сабақта «Менің атым –Қожа» повесін мазмұны бойынша бөлімдерге бөлдік. Енді, осы бөлімдер бойынша повестің мазмұнын еске түсірейікші.



І бөлім «Ат қою салты»

ІІ бөлім «Оқулығы сай бала-көңілі жай бала»

ІІІ бөлім «Ағаттық аяқ астында»

ІV бөлім «..................»

Ситуациялық сұрақ арқылы жаңа сабақты меңгерту.

---Қожа бейнесі сендерге таныс болып қалды.Қожа шынында да сотқар бала ма? Одан жақсы адам шығады деп ойлайсыңдар ма? Біз бүгінгі сабағымызда осы мәселені қозғаймыз. (Қысқаша мазмұны айтылады)

Педкеңестің шешімі бойынша Қожаның мәселесі қалай шешілді, осы уақытқа дейін оның істеген істері дұрыс, бұрыстығын талқылау мақсатында бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.

--- Балалар, сендер «Менің атым – Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Олай болса, мына үзіндіге назар аударайық.

1.Өзінің атына көңілі толмауы.(фильмнен үзінді)

2. Дүкенге кезексіз кіруі.(фильмнен үзінді)

3. Осы жердегі Қожаның іс-әрекеті дұрыс па?(фильмнен үзінді)

4.Қожа Майқанованың сөмкесіне бақаны әдейі салады ма, жоқ, әлде қызық қуу мақсатында салады ма?(фильмнен үзінді)

Бұл қай сәт? Енді, Қожаның мына бір сәттеріне көңіл бөле отырып, оқулықтан тауып көрейікші.

--- Қожаның орыс тілі пәніне дайындықсыз келген сәттегі ішкі дүниесі.

«Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Оһ, шіркін-ай!»

--- Қожаның педкеңеске кірген кездегі ішкі жан дүниесі.

«Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ сияқты қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.»

--- Қожаның педкеңестен шыққаннан кейінгі ішкі ойы.

«Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым.Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?

Мынау кім? Ойыны арқылы сергіту сәтін өткізейік.

1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?

2. Біз екеуіміз таныс шығармыз деймін ?

3. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың?

4. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.

5. Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер?

6. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”

Енді, осы екі тапсырма бойынша не түйдік, Қожаға қандай баға берер едіңдер? Тақтаға берілген тірек сөздердің керектісін пайдалана отырып, Қожаға мінездеме беріңдер.

«Теріп алу» стратегиясы (дәптермен жұмыс)

Алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза,тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз.

Қожа-алғыр, пысық ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой,тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.

---Қадыров түбінде адам болатын бала,-дейді Майқанова.Осыдан кейін педкеңес туралы фильмнен үзінді.

Ой тастау. Қалай ойлайсыңдар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

Үйге тапсырма. ІV бөлімді оқу.

«Менің қиялымдағы Қожа...» эссе жазу.

Бағалау.

Пайдаланған материалдар:



  1. «Менің атым Қожа» фильмі;

  2. Б.Соқпақбаев жайында бейнефильм;

  3. Сабақ презентациясы;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет