7 жеті саны, тақ, жай натурал сан. Жеті саны ертеден сиқырлы болып саналады. Вавилондықтар жеті планета бар деп есептеді,олардың ғибадатханалары жеті деңгейлі болды, аптада жеті бар



Дата25.12.2021
өлшемі193,45 Kb.
#104968
Байланысты:
7 саны

7 Саны

  • 7 – жеті саны, тақ, жай натурал сан.Жеті саны ертеден сиқырлы болып саналады. Вавилондықтар жеті планета бар деп есептеді,олардың ғибадатханалары жеті деңгейлі болды, аптада жеті бар. Көптеген діңдерде жеті саны киелі:еврейлердің балауыз қойғышы, шырағандары, менорлар жетіден, Таурат кітабында жеті саны 500 рет қайталанады. Жеті саны бақытты сан деп санағандықтан ба,мақал-мәтелдерде көп айтылады. Жеті саны көп заттардың аттарында да бар:мысалы,Боинг 747 ұшағы. Жетінші баланың жетінші баласы ерекше күшке ие болады. Жеті-адамзаттың сүйікті саны. Егер кез келген адамға он көлеміндегі санның ішінен бір санды таңда десек, ол міндетті түрде жеті санын таңдайды. Жеті санынан тұратын заттардың тізімі өте ұзын, олардың бәрін адам есіне сақтай бермейді.
  • Міне, енді кітапты аяғына дейін оқып, сіз әлемнің жеті санынан тұратын кереметтерінің атын есіңізде сақтай алар ма екенсіз? Өлімге себепкер болатын жеті күнә:тамақсаулық,жалқаулық,нәсіпқұмарлық,өркөкіректік,ашу,қызғаныштық және сараңдық. Тауратқа теолог Фомо Аквинский күнәкарларға ауыр жаза берілетін күнәлардың ішіндегі ең негізгелерін түсіндіріп жазды. Кемпірқосақтың жеті түсі:жарық-көрінбейтін радиотолқындар мен рентгендік сәулелерге жататын,электромагнит деп аталатын сәуле шығарушы ауқым. Жарық мынадай жеті түстен тұрады:қызыл,қызғылт-сары,сары,жасыл,көгілдір,көк және күлгін. Бұл түстерді жеке тек арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. Кейбір мамандар кемпірқосақта алты түс бар деп есептейді, бірақ оқымысты Исаак Ньютон тағы бір түс-көк түсті қосты. Енді кемпірқосақта жеті түс бар.
  • Жеті құртақан:немістің XIX ғасырда өмір сүрген жазушылары ағайынды Гриммдердің (Якоб пен Вильгельмнің) атақты “Ақшақар мен жеті құртақан” атты ертегілері ертегілер жинағына кіргізілді. 1973 жылы түсірілген Уолт Диснейдің мультфильмінде әрбір құртақанға ат қойылды. Жеті саны туралы:1Адамның жеті жасы (Шекспирдің “Калай сендерге ұнай ма?” пьесасынан) сәби,жылауық,оқушы,ғашық адам,сарбаз,судья, ақымақ және балалық пен ұмытшақтық (өлім). 2Әлемді жаратуға арналған жеті күн (Таурат бойынша):құдай 1-күні жарықты, 2-күні аспанды, 3-күні Жерді, 4-күні Күні,Ай және жұлдыздарды, 5-күні балықтар мен құстарды, 6-күні аңдар мен адамдарды жаратты, ал 7-күні Құдай демалды. 3Аптаның жеті күні:дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 4Жеті аспан (Ислам дініндегі):күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. 5Жеті (Христиан дініндегі):сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. 6Жеті континент:Африка,Антрактида,Азия,Австралия,Еуропа,Солтүстік және Оңтүстік Америка. 7Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі:тосқауылдармен 100 м-ге жүгіру, биіктікке секіру,200 м-ге ату, ұзындыққа секіру, 800 м-ге найза лақтыру.

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. “Жеті атасын білмеген жетесіз” деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

  • Және тағы 7 санына басқада мысалдар бар мысалы жеті керемет 7 қазына 7 жұт 7 жетім және 7 санына тағы да басқа көптеген мысалдар бар

Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан болып саналады

Жеті Египетте мәңгілік өмірдің нышаны, Осирис құдайының саны. Сондай-ақ олар жеті планета бар деп санаған. Шумерліктердің Лугуланнемунду атты патшасы өз қаласында Нинту ғибадатханасын тұрғызған екен. Бұл ғимараттың жеті қақпасы және жеті есігі болған көрінеді. Және ғимарат құрылысы аяқталған соң, жеті рет дәріптеліп, жеті өгіз бен жеті қой құрбандыққа шалынған.

  • Жеті Ежелгі Грекияда Аполлон нышаны. Аполлон айдың жетінші жұлдызында дүниеге келген. Оның лирасының (музыкалық аспап) жеті ішегі болған ек

Дінде де жеті санының орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген ұғымдар бар болса, христиандарда жеті – жаратылыстың нышаны болып саналады.

Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті...

Соның бірі өлімге себепкер болатын жеті күнә: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық және сараңдық. Теолог Фома Аквинский күнәһарларға ауыр жаза берілетін күнәлардың ішіндегі ең негізгілерін талдап, түсіндіріп жазып шыққан.

  • Ал сіз жеті саны туралы не білесіз?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет