Таңғажайып алаңы



Дата24.04.2017
өлшемі70,48 Kb.
#14872
түріСабақ
Таңғажайып алаңы

Кіріспе:


Құрметті оқушылар,ұстаздар мен қонақтар.Бүгін 23.11.11 күні тарих апталығының жоспары бойынша «Таңғажайып алаңы» ойынына қош келіпсіздер!Тақырыбымыз «Ел тарихы-ел мұрасы» деген тақырыпқа байланысты.Қазақстан Республикасының 20-жыл тәуелсіздігіне арналған.

Кеште қатысушылар:7-сынып,8а-сынып,8ә-сынып оқушылары.4 турда әр сыныптан бір оқушыдан қатысады.

Бірінші сайысытың ережелерін таныстыра кетсек:

Әр ойыншы жүріс істеп ұпай ұтып,әріпті айтады.Әріпті дұрыс атаса,ұпай сол ойыншының есебіне саналады.Сыйлық секторы түссе ол ойыншы екі ережеден біреуін таңдайды.

1-ереже.Егер сыйлықты таңдаса,сол ойыншы ойыннан шығады.

2-ереже.Егер сыйлықты алмаса,ол ойыншы әріпті атауына құқысы бар.Дұрыс әріпті атаса,оған 180 ұпай есебіне қосылады.

Плюс секторы түссе,онда ойыншы сөздің нешінші әріпті ашуы құқысы бар.

Еке есе көбейту секторы шықса ойыншының ұпайы екі есе көбейтіледі.

Соңғы кезенде жеңімпазымызбен ақтық ойын ойнауға ұсынады.Ойыншының өз шешімі бойынша ойнауға немесе ойнамауға құқығы бар.Өйткені ол жеңімпазымыз болып қала береді.

Әр турдан кейін көрермендермен сұрақ-жауап ойыны өтеді.

Турлар сұрақтары:

1-тур:Каспий теңізінің ежелгі атауы?(Гиркан)

2-тур:Орта ғасырда құрылыста қолданылған оюлы және жылтыр кірпішті қалай атады?(Терракота)

3-тур:Парсы деректеріңде сақтарды қалай атады?(Турлар)

Ақтық ойын:1-ші Дарий қалдырған жартастағы жазу қалай аталды?(Бехистун)

Көрермендерге сұрақ

1.Тудың авторы кім?(Ш.Ниязбеков)

2.Елтаңба авторы кім?(Ж.Малибеков пен Ш.Уалиханов)

3.Гимнің сөзің жазған кімдер?(Ж.Нәжімиденов пен Н.Ә.Назарбаев)

Осымен біздің “Таңғажайып алаңы” атты сайысымыз аяқталды.Баріңізге көптен-көп рахмет!Қош сау болыңыздар!!!

Ашық сабақ

8-сынып


Сабақ тақырыбы:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілсі.

Сабақ мақсаты:

1.Кенсары Қасымұлы бастаған көтерлісті зерттеу нәтижесінде тарихи маңыздылығын ашу.

2.Оқушыларды өз жерін тәуелсіздікті сақтауын және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:.Конференция

Көрнекіліктер.1)Кенесары Қасымұлының суреті.

2)Қазақстан Республикасының физикалық картасы.

3)Сөзжұмбақ

4)Карточкалар

5)Сабақ жоспары

Сабақ барысы:

1)Ұйымдастыру кезені

2)Үй тапсырманы тексеру.(Карточкалар)

3)Жаңа тақырып:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

Мұғалім:

Қазақ елі биыл тәуелсіздігінің 25 жылдығын республика көлемінде атап өтеді.«Осы тәуелсіздікке қазақ халқы қалай қол жеткізді?»-деген мәселе бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін маңызды.Оған жауап іздеу үшін өткен тарихымызға тереңірек үңілгеніміз орынды болмақ.Ресей отарлауына қарсы қолына қару алып күресу үшін үш ғасырға жуық уақытты қамтыды.Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз жалғасып отырды.

XV111 ғасырдың аяқ кезінде Сырым Датов (1783-1797 жж.)отаршылармен 14 жыл соғысса,Жоламан Тіленшиев (1822-1840 жж.) 18 жылға жуық,Саржан Қасымов (1825-1836 жж) 10 жылдан астам,Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы (1836-1838 жж.) 2 жылдай,Кенесары Қасымұлы (1837-1847 жж.) 10 жыл бойы арпалысты.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Амангелді Иманов басқарған.Алаш арыстарының тәуелсіздік үшін күресі және кешегі Кеңес билігін шайқалтқан 1938 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» деп көтерілістер санын тізбектеуге болады.

Оқушыларды үш топқа бөлу:

1 топ-тарихшылар.

2 топ-


3 топ-зерттеушілер.

1 топ оқушысы:Кенесары Қасымұлы 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысында дүниеге келген.Қазақ халқының ең көрнекті ханы.Абылайдың немересі болған,ол атасына еліктеген және соның жолын қуушымын деп есептеген.«Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін»-деп ашық айтқан еді.

1 топ оқушысы:Кенесары жаужүрек батыр.Көрнекті қолбасшы,адамшылығы мол адам,халықты ұйымдастырушы,қайраткер,халық бостандығы үшін күрескер деген атаққа ие болған.Сондықтан Кенесары Қасымұлын «Хан Кене» деп атаған.Ол бала күнінде-ақ қорқуды білмейтін батыл болған.Атпен жүріп,аң аулағанды ұнататын.

1 топ оқушысы:Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді.Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмад.Оның үстіне Қоқандықтар Саржан мен Есенгелдіні,ал бір жылдан соң әкесі Қасымды опасыздықпен өлштіреді.

1 топ оқушысы:Кенесары-азаттық қозғалысының қолбасшысы,оның ішінде қазақтың Ұлы жүзінің де әйгілі батырлары болды.Мысалы:Ағынай \Орта жүзден\,Иман Дулатов \Амангелдінің атасы\, Жоламан Тіленишев \Кіші жүзден\ және Бұғыбай \Ұлы жүзден\. Осы шайқастарда Кенесары өзінің қолбасшылық дарынын танытты.

Мұғалім:Көтерілістің себептерін айтып кетейік.Олар:

1)Кіі жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың,билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызады.

2)Патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады.

3)Бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ,түтін салығы,жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті.

4)Патша үкіметінің әскери торядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап,күн көрстепеді.

Көтерілістің басты мақсаты:Қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу,округтерді тарату,отаршылар енгізген алым-салықтары жою еді.Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер,содай-ақ старшындар мен би,батырлар,тіпті сұлтандар да болды.

2 топ оқушысы:1 Николайға Кенесарының хатының үзіндісі.

3 топ оқушысы:1937 жылы аяқ кезінде Кенесары Хорунший Рытовтың отряды тас-талқан етіп жеңіп шықты.Ол отрядтын құрамында уредпик және 48 сібір қазағы болды..Олар Петропавлдан Ташентке бара жатқан сауда керуен күзетін бара жатқан еді.

2-оқушы:1938 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлша Құдайменұлының ауылдарына шабуыл жасады.Оның 12 мыңға жылқысын айдап әкетті.Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті.Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округінің ауылдарына шабуыл жасады.

3-оқушы:1938 жылы тамыз айында Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді 6 күн бойы қоршауды ұстап,өртеп жіберді.Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады.Бекініс өртке оралды.

4-оқушы.1841 жылы қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан деп сайланды.

5-оқушы:Кенесары хан болып сайланғаннан кейін алдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді.Мал өсірушілер-Зекет,диқандар-ұшыр төлейтін болды.Соғысты жалғастыру үшін алым-*салықтың қосымша түрлері енгізіледі.Мысалы:малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылады.40-тан 100 басқа дейін малы бар адамдар 1 малдан,ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.

Диқандар өзщдерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті болды.

3 топ,1-оқушысы:Отаршылдыққа қарсы күреске қазақтардың үш жүзінің бәрі бірдей белсене қатысуы патша үкіметінің дәресін ұшырды.1843 жылы Ресей императоры Кенесары бастаған көтерілісті басу мәселесі үшін жарлық шығарды.Ханның басына 3 мың сом мөлшерінде сыйлық жариялады.Көтерілісшілерге қарсы старшина Лебедев басқарған 300 солдаттан тұратын жазалаушы отряд жіберілді.

2-оқушы:Кенесары Ұлытаудан,Кішітауда,Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі «Қамауға» ауып барған.Кенесары «Клиауда» жатқанда 1846 жылы Аягөзден Кенесарыға қарсы патша үкіметі әскер жіберді.Әскердің бастығы Нюхалов деген жасауыл болады.Кенесар «Қамауды» тастап,Шуға қарай өрлейді.Нюхалов Қызылағашта жатып, қырғыздың манапаттарына хат жазады7

1)Бұғы туынан Боранбай Баймұтарұлына

2)Сарбағышты билеп тұрған Орман Ниязбекұлына

3)Солты руын билеп тұрған манобы Жаңғараш Есқожаұлына.Ол хатта «Кенесарыға көнбеңдер.Кенесарыны жойыңдар.Кенесары сендердің дд,патша үкіметінің де дұшпаны.Патша үкіметі сіздерге жәрдемдесетін болады»-деген мазмұнда.

3-оқушы:Сонымен қатар Досмұхамедов Кенесары мен Наурызбайдың қалай қырғыздарға түскенін былай жазады.Кекілік Сеңгірде қазақтар бытырап,жан-жаққа қашып кетеді.Кенесары мен Наурызбай да қашқан.Қырғыздар қуып,Шудың күншығыс жердегі Алмалы сой,яуи Су алма деген жерде аты тұрып қалған Кенесарыны ұстап алған.Наурызбай да сол шамада Кенесарыдан бөлек ұсталған.Төрелерді атқа мінгізіп,қырғыздар тау ішіндегі еліне апарады.Өздерін бөлек үй тігіп беріп,құрметпен сыйлайды.Кенесары,Наурызбайдың жатқан үйі Жолба деген қырғыздын үйі екен.Осы үйде төрелер 7 күн жатқан.Кенесарыны Сарбағыш Тастыннбек балалары,Наурызбайды Сарбағыш Тілеуқабыл балалары жабылып өлтірген.Екеуі екі бөлек қойылған.Кенесары Борды деген сойға көмілген.Борды Тоқмақтан жиырма бес шақырымдай Буанға жүретін қара жолдың оң жағы болды.Наурызбайдың қайда көмілгені әлі анық емес.

Көтерілістің жеңілу себептері:

1)Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірленген өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады.

2)Кенесары бірнеше бағытта-патша үкіметіне,қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді.

3)Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.

Тарихи маңызы:

Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскри қолбасшысы,аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде есте қалды.Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп,қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтрді және болашақ ұрпаққа өшпес өнеге болды.

Нығайту.Сөзжұмбақ

1)Қай жерде қазақтар қырғыздардан бытырап,жан-жаққа қашып кетті?

2)1843 жылы көтерісшілерге қарсы патша әскерін кім басқарды?

3)Кенесеры көтерілісі кезіндегі Ресей патшасы кім болды?

4)Кенесары мен Наурызбайдың қалай қырғыздарға түскені туралы кім жазған?

5)Кенесары кімнің ұлы?

6)Кенесарының қарындасы?

7)Кенесарының інісі кім?

8)Кенесары хан сайланған соң алдымен нені тәртіпке келтірді?

4.Бағалау



5.Үйге тапсырма: §12-13.тақарып бойнша тест құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет