7 сын «География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата18.12.2021
өлшемі16,53 Kb.
#102453
Байланысты:
7 сын ТЖБ 2- тоқсан
7 сын ТЖБ 2- тоқсан

7 сын

«География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

1-нұсқа

1. Тропосферадан жоғары 50 км биіктікке созылатын атмосфера қабатын атаңыз. 1б

А) экзосфера В) тропосфера С) стратосфера

D) мезосфера Е) термосфера

2. Тропосфераның жыл сайын қайталанып келетін жай күйін атаңыз. 1б

А) климат В) ауа райы С) атмосфералық қысым

D) ауа температурасы Е) атмосфералық құбылыс
3. Құрлық суына жатпайтын нысанды көрсетіңіз. 1б

А) атмосферадағы су буы В) өзендер

С) мұздық D) көл Е) жер асты сулары

4. Суының қасиеті, жануарлар дүниесі ерекше болып келетін мұхит бөлігін белгілеңіз. 1б

А) шұңғыма В) шығанақ С) бұғаз

D) арал Е) теңіз

5. Атмосфераның тропосфера қабатының ерекшелігін сипаттаңыз 2б
6. Мұхит суының қасиеттерінің бірі – тұздылық. Әлемдегі ең тұзды теңіз – Қызылтеңіз. Осы теңіздің тұздылығына әсер ететін факторлардың ішінен екеуін сипаттап жазыңыз.
7. Мұхиттың беткі суы толқын жасап қозғалатынын білесіз. Осы толқындардың пайда болуының екі түрлі себебін сипаттап жазыңыз. 2б
8. Ауа райының қолайсыз құбылыстарын атап, сипаттаңыз. 2б

a. Ауа райының қолайсыз құбылыстары ішінен өзіңіз өмір сүретін аймақта жиірек болатын біреуін таңдап атаңыз............................... [1]

b. Осы құбылыс өзіңіз тұратын аймақта қаншалықты жиі болатынына дәлел келтіріп жазыңыз.................................... [3]

c. Аталған қолайсыз ауа райы құбылысының адамға теріс әсерін сипаттаңыз...... [2]

d. Осы құбылыстың әсерінен сақтану жолдарын ұсыныңыз................ [2]
9. Дүниежүзілік мұхит проблемаларының ішінен біреуін атап, олардың себептерін, салдарын сипаттап, сол проблемаларды шешу жолдарын ұсыныңыз.

себебі .......................................................................[1]

салдары.................................................................... [2]

проблеманы шешу жолдары ...................................[2]





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет