7-сынып. Білім алушы: ________________________________________________ Күні: 16.03.21 ж.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық
бағалау тапсырмалары
«Төрт түлік мал мен егіншілік - ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын!
Ұлыс оң болсын!» бөлімдері бойынша
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Оқылым. Жазылым
|
Оқу мақсаты
|
7.3.4.1 - мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау;
7.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, ресми құттықтаулар жазу;
|
Бағалау критерийі
|
Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасайды; мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, ресми құттықтаулар жазады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
40 минут
|
Оқылым. /8 ұпай/
1-тапсырма: Мәтіндерді түсініп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1 мәтін:
Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі. Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол шөлге шыдамды, көшкенде - көлік, жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім, шапан, көрпелер жасаған. Түйенің құнарлы сүтін емге пайдаланған. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ жасаған.
Сиыр - отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп есептелген. Сиырдың терісінен ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. Өзі өсімтал, сүті майлы, жұғымды, қонақ асы. Қойдың терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады.
Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. Ешкі - өте өсімтал мал. Оның еті жеңіл, сіңімді, сүті өте құнарлы. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт орамалдар тоқиды.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Жылқы жүйрік, өте төзімді мал. Оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні тоңдырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды.
2-мәтін:
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі, тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Қазақтар малды бағып-күтіп, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Мал қазаққа жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапанда серігі болған. Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдың пірлері бар.
Түйе пірі - Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Өмірін түйе бағумен өткізген. Ол өз елінің түйелерін бағып, өзінің кәсібіне адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған.
Сиыр пірі - Зеңгі баба. Бұл да өмірде болған адам. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, түркілер арасында пір болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде.
Жылқы атасы - Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар. Кейбіреулер оны «Қамбар батыр» жырының кейіпкері дейді. Ол атқа мініп жауға шапқан нағыз батыр адам. Сондықтан халық елін жаудан қорғаған ерін пір тұтады.
Қой атасы - Шопан ата. Ол - ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген аңыздық тұлға. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз-әңгімелер көп.
Ешкі пірі - Сексек ата. Дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында жерленген Исмайыл атаның баласы.
Достарыңызбен бөлісу: |