7 СЫНЫП «ОЛИМП» ТАПСЫРМАСЫ ФИЗИКА
1. Қандай заттарда(қатты, сұйық, немесе газ )диффузия құбылысы болады.
а)Диффузия құбылысы тек газда болады.
ә)Диффузия құбылысы тек сұйықта болады.
б)Диффузия құбылысы тек қаттты затта болады.
в) Диффузия құбылысы газ, сұйық және қатты затта болады.
2. Қатты заттардың молекулалары қалай орналасқан және олар қалай қозғалады?
а)Молекулаларының ара қашықтықтары молекулалардың өздерінің өлшемдерінен анағұрлым артық. Сондықтан олар барлық бағытта қозғала береді.
ә) Молекулаларының ара қашықтықтары молекуланың өз өлшемінен кем.Молекулалар бірін- бірі едәуір тартып тұрады.
б) Молекулалары белгілі ретпен орналасады және белгілі бір нүктенің төнірегінде тербеле қозғалады.
3. Қандай қозғалысты бір қалыпты қозғалыс деп атайды?
а) Кез келген өзара тең уақыт аралықтарында бірдей жол жүрілсе.
ә) ) Кез келген уақыт аралықтарында бірдей жол жүрілсе.
б) Дене қозғалысының траекториясы түзу сызықты болса.
4. Велосипедші 250м жолды, 5м/с жылдамдықпен қанша уақытта жүріп жетеді?
а) 1250с; ә) 20с; б) 50с; в) 30.
5. 0,75т қанша килограм бар?
а) 0,75кг; ә) 7,5кг; б) 75кг; в) 7500кг.
6. Формулада тығыздықты.... әрпімен, массаны.... әрпімен, көлемді... әрпімен белгілейді.
7. ...кг 2000г бар.
8. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы ... деп аталады.
9. Дене массасының оның көлеміне қатынасына тең физикалық шама ... деп аталады.
10. Жердің денені өзіне тарту куші ... деп аталады.
11. Мыналардың сәйкестігін тап.
1. Физикалық дене а) жылдамдық в) масса
2. Физикалық шама ә) қозғалыс г) жол
3. Физикалық құбылыс б) арба
12. Мыналардың сәйкестігін тап.
1. Жылдамдық а) м3
2. Масса ә) м/с
3. Көлем б) кг /м3
4 Тығыздық г) кг
13. Мыналардың сәйкестігін тап.
1. Көлем а)динамометр
2.Масса ә)мензурка
3. Температура б) таразы
4. Күш в) термометр
14. Мыналардың сәйкестігін тап.
1. Уақыт а) мензурка
2. Көлем ә) таразы
3. Масса б) секундомер
4. Жылдамдық в) спидометр
15.Егер бір денеге басқа бір дене әсер етсе , онда оның жылдамдығы...
а) өзгермейді б) артады немесе кемиді.
16.Заттың тығыздығың анықтау үшін ...
а ) оның массасын көлемге көбейту қажет
ә) оның массасын көлемге бөлу қажет
б) оның көлемін массаға бөлу қажет.
17. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3 , ал бұл ...
а ) 1м3 көлемде 800 кг керосин болады дегенді білдіреді.
ә ) 1кг керосиннің көлемі 800м3 дегенді білдіреді.
б) 800кг керосиннің көлемі 800м3 дегенді білдіреді.
18. Лақтырылған тас...
а ) Аурылық күшінің әсерінен жерге түседі.
ә) Серпімділік күшінің әсерінен жерге түседі.
б) Массасына байланысты жерге түседі
19.Егер бір денеге басқа бір денелер әсер етпесе , ол...
а) тыныштық күйде болады.
ә) қозғалады.
б) белгілі бір жылдамдықпен қозғалады.
в) бір қалыпты козғалады
20. Коптеген заттар құралатын өте ұсақ бөлшектер...
а) Молекулалар деп аталады.
ә ) Атомдар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |