1.Мектептегі баскетболды оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
2.1-4 сыныптарда баскетбол оқыту әдістемесі.
3. 5-7сыныптарда баскетбол оқыту әдістемесі.
Ойынның белсенді тұрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және рационалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді. Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістерінің дұрыс орындалу сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек. Кез-кеген уақытта қарсыласынан допты алуға дайын болу қабілеттілігі мен бір қалыпты жағыдайды сақтау негізгі талап болып табылады.Бір қалыпты жүгіру ойынның ауысу жұмсақтығымен оның еркіндігімен ерекшеленеді.
Жүргізу (басқару) – допты ұзақ ұстай алаңды соққылау. Егер доп ұзақ қолда тұрса, жүгіру бітті деген сөз. Допты жүргізу үшін сәл бүгілген аяқтарға ауысып тұру керек. Допты еркіндікте басқару үшін оны алды жақта, бүйір тұсында ұстау керек
Қарапайым басқаруда доп қайтадан көтерілгенде белге дейін не жоғарыға жетеді. Төмендеген секіріспен басқаруда допты алаңға жақын жерде қарсы алу керек. Мұндай ойыншы аяғын қаттырақ бүгеді, допты соғу көбіне колдың басына жүктеледі.
Допты иелену және қарсы әрекет техникасы. Допты иелену тәсілдеріне қағып алу, жұлып алу және қалқаннан секіргенде алу жатады, ол қарсы әрекет тәсілдеріне адастыру, жұлып алу, лақтырғанда тартып алу жатады.
Бұл тәсілдердің ерекшіліктері қарсы әрекеттің тәсілінің таңдауы, оның атқарылу уақыты, әрекет озгешілігі әр қашан доп басқаратын қарсыласқа байланысты. Оның әрқашан әрекеті бірінші болып жасауға мүмкіндігі бар. Допты беру және қағып алуға арналған жаттығулар
«Квадрат» - төрт бағанға екі доппен:
1.Оң жаққа беру – оңға жүгіру
2.Сол жаққа беру – солға жүгіру
3.Диагональ бойынша беру – оңға жүгіру
4.Оң жаққа беру – Диагональ бойынша жүгіру
5.Оң жаққа беру - солға жүгіру
6.Оң жаққа беру – алдыңғы бағанаға барып қосылу.
Баскетбол ойынына жақындатушы ойындар
А) қорғаушының қосымша қадамын жетілдіру үшін “лашын, ұябасар, балапандар”
б) допты беру және қағып алуды жетілдіруге «Допты капитанға»
в) «12 шеңбер». Екі жүргізуші. Допты бір біріне беру арқылы ойыншыларға тигізу
г) “керме ау”. Дәл сол, тек олар жүргізушілермен бірге. Мақсаты: ойыншылардың өзара әрекеттестігі және алаңды жүргізуі.
е) дриблингті жетілдіру.
Ептілікті және қозғалыс координациясына арналған жаттығулар.
Қағып алу – қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі. Ол қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік береді. Оның арқасында қолдан-қолға беруге, жүргізуге қарсы тұруға болады. Қолдан-қолға бергенде қағап алу. Шабуылушыға қолдан-қолға беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе арқасына орналасады. Доп беретін адамның қолынан шыққанда денеде алға шығп допты қағып ала білу керек .
Жұлып алу. Егер қарсылас допты ұстап тұрып айналып жатқанда жұлып алса пайдалы, жұлып алудың 2 тәсілі бар: өзіне қарай жұлқу және қарсыластан алға-төмен жұлқылау.
Өзіне қарайжұлқу арқылы жұлып алу. Ойыншы допты екі жағынан ұстап алып,жылдам әрекетпен өзіне қарай жұлқып тез теріс қарау керек. Алға төменге жұлқалау арқылы жұлып алу. Ойыншы допқа бірден бас салып оны қарсыласы жоқ жерге итереді.
Допты секіру кезінде ал. Бұл тәсіл өте маңызды және өте әсерлі. Ол кезде лақтыра шабуыллға және қарсы шабуылдауға мүмкіндік береді. Доп секіргенде екі жақтың ойыншылары да теңдей қалыпта болады және допты басқаруды ойластырып тұрады. Допты алу үшін бірінші болып алып шығып,жоғары секіріп,допты ұстап алуы керек. Жерге түскенде аяқтарды кеңінен ашып,шынтақтарды шетке кіріп, допты кеуденің астына тығу керек. Бұл тәсілдің сәттілігі допты алып үлгеруге және секіруге байланысты.
Тартып алу. Бұл тәсілді ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда немесе жүгіртіп жүргенде орындауға болады. Қолдан тартып алу. Ойыншының жанына сәтті әрекет жасай алатындай немесе сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау керек. Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра ұстаған саусақтармен допты бос жерге ұрып үлгеру керек. Жүгірту кезінде тартып алу. Доп басқарған қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап сәл итермелеп допты жанынан тартып алады.
Алдынан тосу. Бұл тәсіл лақтыруға қарсы қолданатын тәсіл. Допты лақтырып жатқан ойыншыға жақындап, дәл лақтырар кезде доптқа қарсы шығу керек .
Тойтарыс беру. Бұл тәсіл допты тосуға немесе басқау болмағанда қолданылады. Доптың лақтыруың қолынан босағанын көре сала шапшаң әретпен доптың ұшу траекториясынан алып ұлгеру керек. Бұл тәсілдің сәттілігі әрекеттің өз уақыттылығына және әрект орындаушының секіру биіктігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |