8 -сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Мәтінді оқы.Төменде берілген тапсырсмаларды оқы.
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйреткен.Ұлттық ойындар:теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.
Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз «келіннің – аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.
1. Сұрақтарға мысалдармен жауап беріңіз.
Қазақ халқы ұл баланы қалай тәрбиелеген?
|
Қыз баланы қалай өсірген?
|
|
|
2. Мәтіннің негізгі ойына сай келетін мақалды көрсетіңіз.
Тәрбие – тал бесіктен
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Ер жігітке жеті өне де аз
Ата-ана – аяулы қазына
3. Мәтінде қандай ұлттық ойындар туралы айтылады? Атауларын жаз.
1.
2.
3.
4.
5._______________________________________________________________________
4. Ұл баланың тәрбиесінде оның еңбекқорлығынан бөлек оны неге тәрбиелеу маңызды болған?
Өнерге баулу
Би билеген
С) Ән салған
5. «Ұл бала мен қыз бала тәрбиесі» тақырыбында 70 сөзден тұратын эссе жаз.
№
|
Дискриптор
|
Балдар
|
1
|
Мәтін мазмұнын түсініп оқиды.Сұрақтарға жауап береді?
|
4
|
2.
|
Мәтіннен ұлттық ойындарды теріп жазады.
|
5
|
3.
|
Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтың дұрыс нұсқасын көрсетеді.
|
1
|
4.
|
Тақырып бойынша эссе жазады
|
5
|
|
Жалпы баллы
|
15
|
Достарыңызбен бөлісу: |