Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Амансың ба,алтын күн
Амансың ба,көк аспан.
Амансың ба,достарым .
Амансыз ба,қонақтар.
Сабағымызды бастаймыз.
Жамандықты тастаймыз .
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
Ы дыбысына берілген мәтінді тізбектей оқыту. Мақал-мәлелді, жаңылтпаш жатқа айту.
Ыдыс, ырыс,қыс, мысық сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Балалар бүгін бізде ерекше күн болғалы отыр.
-Ерекші деп отырғаным,сабағымызды ертегілер еліне саяхатқа шығу барысында жүргізетін боламыз.
-Енді тақтадағы суретке назар аудара отырып, қандай ертегі кейіпкерлері екенін айтып берейік.
-Жарайсыңдар!
-Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау арқылы суреттердің артында,бүгінгі тақырыпқа байланысты құпия сурет бар.
-Қандай сурет екенін білгілерің келе ме?
-Олай болса ертегідегі әр кейіпкерлердің тапсырмаларын сауатты, қызықты етіп орындайық.
-Алдымен ата мен әженің бауырсағының пісуіне жағдай жасайық.
А) Жұмбақ шеше білеміз бе?
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Ішіне тамақ, салынған,
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)
Осы біз шешіп тапқан сөздер, қай дыбыстан басталып айтылып тұр? Қане, қайталап айтып, байқап көрелікші. Ж дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?
Жылқы Жалау Жапалақ
Жұмыртқа Ж Жұлдыз
Жапырақ Жаңғақ Жолбарыс
Ж дыбысын 3 мәрте айту арқылы дауыссыз дыбыс екенін ажырату.
Ж дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру, ұғындыру.
Ж-тіл алдының таңдайға жуықтауынын жасалатын дауыссыз дыбыс.
-Жарайсыңдар балар ертегілер елінің алғашқы тапсырмасынан сүрінбей өттіңдер.
Ә)Бауырсақ пісті. Ол терезенің алдында тұр оған домалап кетуіне жағдай жасайық.
Жоғарыда атаған сөздерімізді буынға бөліп, сөзден сөйлем құрап көрелік.
Жыл-қы, жа-лау, жа-па-лақ, жа-пы-рақ, жаң-ғақ, жол-ба-рыс.
Жылқы шапты. Ағам жалауды ілді. Жапалақтың күндіз көзі көрмейді. Тиінге жаңғақ бердім. Жолбарыс жыртқыш аң.
ІV.Жаңа білімді бекіту.
Б) Бауырсақ домалап келе жатып қоянға кезігеді. Қоян не дейді.
Қоянның тапсырмасы. Кітаппен жұмыс.Буыннан сөз құра, жаңылтпаш ,өлең айту.
Кітаптағы буынды хормен оқу.
3-4 балаға жеке-жеке оқыту.
ға
сық
Жа ман
лау
В) Қасқырдың тапсырмасы. Осы оқылған сөздерге дыбыстық талдау жасау.
ж ж ж ж ж
а ы а а а
п л л ғ м
ы қ а а а
р ы у н
а
қ
Г)Аюдың тапсырмасы. Дәптермен жұмыс
Ж бас әрпі. Ауада жазу.
ж кіші әріп. Дәптерге зазу.
Сергіту сәті:
Toп-топ етіп басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
V. Қорытынды. Түлкінің тапсырмасы.
Д) Дидактикалық ойын. «Сөз ойла тез ойла»
Ойын шарты: мұғалім допты оқушының қолына лақтырар алдында ж дыбысын айту керек. Бала ж дыбысынан басталатын сөз айту қажет. Сол сөзді келесі балаға лақтырар алдында қайталау қажет. Бала сөзге сөйлем ойлайды.
VІ.Бағалау. Балалар сабақ барысында неше бала 3 жапырақтан артық жинаған балалар 5 деген бағаға ие болады. 2 жапырақ жинаған балалар 4 деген бағаға ие болады.
1 жапырақ жинаған балалар 3 деген бағаға ие болады.
VІІ. Үйге тапсырма.
Ертегінің астындағы құпия суретке назар аударайық. Ненің суреті жасырылған екен?
Әрине жайлау. Жайлау Қандай дыбыстан басталады екен?
Олай болатын болса жайлау тақырыбында әңгіме құрап, сурет салып келеміз
Достарыңызбен бөлісу: |