Бастапқы әскери дайындық құқықтық негіздері ” 050104 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша



бет1/5
Дата08.09.2017
өлшемі1,04 Mb.
#31077
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жаратылыстық ғылымдар факультеті

Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасы



Пәннің оқу – әдістемелік кешені

Бастапқы әскери дайындық құқықтық негіздері ”



050104 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша

IV курс студенттеріне арналған

Семей 2013 жыл

Құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.м. Акжигитов Болат Асқарұлы _________________
Кафедра отырысында бекітілген: хаттама №___ «__»__________жыл

Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасы меңгерушісі м.а. Прохоров Б.Н.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып бекітілді

Хаттма №___ «__»__________жыл


Жаратылыс ғылымдар

Факультетінің ОӘК төрайымы Абдишева З.В.


Жаратылыстану ғылымдар факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген
Хаттама №__ «__»__________________жыл
Жаратылыс ғылымдар

факультетінің деканы, х.ғ.к. Ибраева Л.С.



Мазмұны:



  1. Пәнге арналған глоссарий .............................................................4-6 бет

  2. Дәрістер бойынша қысқаша конспект ..........................................7-49 бет

  3. Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.50-57 бет

  4. СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар ........................................58-62 бет

  5. СӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар ...........................................63-65 бет

  6. Бақылау алу құралдары....................................................................66-72 бет


Пәнге арналған глоссарий


  1. Әскери қызмет – Қарулы Күштердегі басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметшілердің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

  2. Әскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары.

  3. Әскери міндеттілер – әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары.

  4. Әскер міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеттілігі.

  5. Әскери киім-нысаны – әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға тиістілігін айқындайтын, Қазақстан республикасының заңнамасымен белгіленген погоны бар нысанды киім мен жабдықтар.

  6. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер – мерзімді әскери қызметке шақырылған, сондай-ақ офицерлер құрамы лауазымдарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары.

  7. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскер қызметшілері – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінің әскери атағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары.

  8. Әскери лауазымды – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінің әскери атағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары.

  9. Әскери жиындар – әскер қызметшілердің әскери даярлығы, әскери білімін жетілдіру жөнінде, сондай-ақ әскери міндеттілердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлімдерге шақыра отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда жүргізілетін іс-шаралар.

  10. Әскери есеп – әскери қызметшілердің, әскерге шақырылатын мен жұмылдыратын ресурстардың есебін жүргізу және оларды талдау жүйесі.

  11. Әскери тағылымдар – практикалық дағдыларды меңгеру және жетілдіру, офицерлердің даярлау бағдарламасы бойынша алған білімдерін тереңдету және орнықтыру.

  12. Тәрбиеленушілер – әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан республикасының азаматтары.

  13. Әскер жасына дейінгілер – әскери есепке алынғанға дейін әскер қызметке даярлықтан өтетін еркек жынысты азаматтар.

  14. Әскери міндеттілердің запасы – аудандардың жергілікі әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толықтыра жасақтау, өрістету және шығынның орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын әскери міндеттілер.

  15. Әскери қызметті ерікті түрде өткеру туралы келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтамасыз ету және өткеру мүддесі үшін тараптардың міндеттемелері.

  16. Курсанттар – оқу жаттығу бөлімдерінде орта немесе жоғарғы әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар, сержанттар құрамының әскери қызметшілері.

  17. Бастапқы әскери даярлық – әскер іс және адамның қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету негіздері бойынша міндетті оқыту пәні.

  18. Жұмылдыру – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын немесе олардың қайсібір бөлігін соғыс жағдайы режиміне көшірумен байланысты жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешені.

  19. Ұйымдық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда өткізілетін штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту мен қысқарту жөніндегі іс-шаралар.

  20. Кейінге қалдыру – азаматтарды әскери қызметке шақыруды осы Заңда көзделген негіздер бойынша кейінге қалдыру.

  21. Отставка – әскери қызметшілерді әскери қызметтен босату немесе запаста болудың шекті жасына жеткен әскери міндеттілерді әскери есептен шығару не әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды әскери есептен шығара отырып әскери қызметтен босату.

  22. Офицерлер – офицерлер құрамының тиісті әскери атағы берілген әскери қызметшілер.

  23. Тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдық-штаттық құрылымныдағы міндеттерді орындауға арналған әскери бөлімдердің даярлығын тексеру мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі.

  24. Әскери шақырушылар – аудандардың жергілкті әскери орныдарының шақыру учаскелеріне тіркелген және мерзімді әскери қызметтен өту үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерер мен әскери құралымдарға шақыруға жататын еркек жынысты азаматтар.

  25. Шақыру пункті- азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде оларды медициналық куәландыратын өткізетін, сондай-ақ әскеи патриоттық және спорттық-көпшілік жұмысты жүргізетін пункт.

  26. Запаста болу – әскери міндеттілердің әскери есепке және әскери есепте болған кезеңінде әскери жиындарда қызмет өткеруге байланысты міндеттерді атқару.

  27. Жиын пункті – әскерге шақырушыларды бақылау медициналық куәландырудан өткізу, медициналық көмек көрсету, әскеи-патриоттық, спорттық көпшілік жұмысты жүргізу, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер меен әскери құрылымдарға әскерге шақырушылардың командаларын құру және жөнелту пункті.

  28. Тыңдаушылар – жоғарғы әскери оқу орындарында, офицерлер құрамының білімін жетілдіру курстарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілері.

  29. Арнайы жиындар – төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін әскери жиындар түрі.

  30. Мерзімді әскери қызметке – еркек жынысты азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға негізделген әскери қызмет.


Дәрістер бойынша қысқаша конспект

1 тақырып: КІРІСПЕ


Дәріс мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының әскери қылмыстары туралы түсінік беру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. «Бастапқы әскери дайындық құқықтық негіздері» пәнінің мақсаты мен міндеті.

Бастапқы әскери дайындықтың құқықтық негіздері пәні – ҚРҚК-ң жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызметі заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым-қатынастары анықталды.

Мақсаты:

Қазақстан Республикасы «Әскери қызметшілер мен оларды отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау» туралы заңында былай көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарулы шабуылды тойтарумен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери өмірдің талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін құрайды».

Заң тұрғысынан алғанда әскери құқық-дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен заңдылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқық актілердің жиынтығы.

Міндеті:


Онда әскери қызметшілердің құқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін, жауынгердің қызметтегі және одан тыс уақыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқын, қатаң жарғылық тәртіпті жоғары ұйымдастырушылықты әскери тәртіптіліктпен ұрысқа дайындықты сақтаудың құқықтық жағы мен әдістерін реттейді.

Пәннің негізгі мақсаты-оқушылардың «Бастапқы әскери дайындықтың құқықтық негіздерін» білу, оларлды әскери антты, әскери құқық баптары мен талаптары мен ережелерін жете түсінуі, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын мүлтіксіз орындауы.




Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. «Бастапқы әскери дайындық құқықтық негіздер» пәнінің мақсаты мен міндеті қандай?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.

2 тақырып: Әскери қылмыстар: 366-бап. Әскери қылмыс ұғымы.



367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау. 368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету. 369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері. 370-бап. Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу.
Дәріс мақсаты: Студенттерге Қазақстан республикасының Әскери қылмыс ұғымы, бұйрықты орындамау, бастыққа қарсылық көрсетуге қатысты қылмыстар туралы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Әскери қылмыс ұғымы.

  2. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау.

  3. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету.

  4. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері.

  5. Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу.

      366-бап. Әскери қылмыс ұғымы

      Әскерге шақыру бойынша не келiсiм шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуi кезiнде әскери қызмет атқарудың белгiленген тәртiбiне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады.

     
367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау

      1. Бағынбау яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгiленген тәртiпте берiлген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесiне елеулi зиян келтiрiп, өзгедей әдейi орындамауы - 
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет - 
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер - 
      бес жылдан жиырма жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал қылмысты ауырлататын жағдайларда өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3-1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер - 
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал ауырлататын мән-жайлар кезiнде - өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      4. Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты орындамау - 
      бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      5. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған, осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әрекет - 
      үш жылдан он жылға дейiнгi мөлшерде бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 367-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 175-IV , 2009.07.10 N 177-IV , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк 


                мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету

      1. Бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзiне жүктелген мiндеттi атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы мәжбүр ету - 


      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл осы әрекеттер: 
      а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; 
      б) қару қолдана отырып жасаса
      в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы дене жарақатын салса не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса - 
      үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер - 
      бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер - 
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 368-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 175-IV , 2009.07.10 N 177-IV , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi

      1. Бастықтың әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе осы мiндеттердi атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану - 
      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Дәл осы әрекеттер: 
      а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; 
      б) қару қолданып жасаса; 
      в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтiрсе - 
      үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген,  ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер - 
      бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер - 
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
       Ескерту. 369-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 175-IV , 2009.07.10 N 177-IV , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

     
370-бап. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары 


               болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы 
               өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн 
               бұзу

      1. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн кемсiту немесе жәбiрленушiнi масқаралауға байланысты бұзу - 


      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет: 
      а) бiрнеше рет; 
      б) екi немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; 
      в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; 
      г) қару қолданып жасаса; 
      д) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе - 
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер - 
      он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. 370-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Әскери қылмыс ұғымы?

  2. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету?

  3. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 2011 ж.

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскери жарғылары 2007 ж.

3 тақырып: Әскери қылмыстар: 371-бап. Әскери қызметшіге тіл тигізу. 372-бап. Бөлімде немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету. 373-бап. Қашқындық. 374-бап. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару. 375-бап. Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу.


Дәріс мақсаты: Әскери ызметшіге тіл тигізу, Қашқындық, Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзуға қатысты қылмыстар туралы айту.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Әскери қызметшіге тіл тигізу.

  2. Бөлімде немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету.

  3. Қашқындық.

  4. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару.

  5. Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу.

      371-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу

      1. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.10 N 177-IV Заңымен. 
      2. Бағыныштының бастыққа сол сияқты әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тiл тигiзуi - 
      бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. 371-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      372-бап. Бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап


                кету

      1. Бейбiт уақытта жасалған, бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелсiз себептермен мерзiмiнде келмеу, егер өз бетiмен тастап кетушiлiк бiр айдан ұзаққа созылса, - 


      үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, егер өз бетiмен тастап кетушiлiк бiр тәулiктен ұзаққа созылса, - 
      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Ұзақтығына қарамастан, ұрыс жағдайында бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кету, - 
      үш жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. 372-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.

      373-бап. Қашқындық

      1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлiмдi немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу - 
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      2. Қызмет бойынша сенiп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған қашқындық - 
      үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      3. Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет - 
      жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      4. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекет - 
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметшi, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. 
      Ескерту. 373-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 , 2009.07.10. N 175-IV Заңдарымен.

      374-бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге 


               тәсiлмен әскери қызметтен жалтару

      1. Әскери қызметшiнiң ауруды сылтау ету, немесе өзiне қандай да бiр болмасын зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтiру, немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан жалтаруы - 


      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не екi айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Әскери қызмет мiндеттерiн атқарудан толық босану мақсатында жасаған дәл сол әрекет - 
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген,  ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер - 
      бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер - 
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. 374-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363 , 2009.07.10 N 175-IV , 2009.07.10 N 177-IV , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн 


                бұзу

      1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, - 


      екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет - 
      үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер - 
      бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiнi, қылмысты жеңiлдететiн мән жайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. 
      Ескерту. 375-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09 N 10 , 2009.07.10 N 177-IV , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет