Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару.
Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады. Патогендік микроорганизмдер — жұқпалы ауруларды қоздырушы—көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді
Саңырауқұлақтар — дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтардың ұрығы кебуге, күн сәулесі мен дезинфекциялау заттар әсеріне өте тұрақты. Цатогендік саңырауқұлақтардан жұққан аурулар адамдар ішкі органдарының зақымдалуымен сипатталады және ауыр я болмаса ұзақ болып келеді. Олардың ішінде мынадай ауыр жұқпалы аурулар бар: кокцидиондомикоз, гистоплазмоз және басқа терең микоздар.
Вирустар — биологиялық агенттердің ең үлкен тобы, биосинтетикалық аппаратты қолданып, олардың тұқым беруге және дамуға қабілетті клеткалы құрылымы жоқ. Клеткадан тыс формадағы вирустардың көлемі 0,02-ден 0,4 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Олардың көбі сыртқы ортадағы түрлі факторларға: құрғаққа, күн сәулесіне (әсіресе ультракүлгін сәулелерге), сондай-ақ +60°С астам температура мен дезинфекциялау құралдарының (формалин, хлорамин және басқалар) әсеріне тұрақсыз. Патогендік вирустар көптеген ауыр және қауіпті аурулардың себебі болып табылады, атап айтқанда: натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар.
Биологиялық қарудан медициналық жолмен қорғану