Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында «Егде жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйін пана қылуда. Олардың көбінің дені сау, балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету қазағымызға жат қылық, ата салтымызда болмаған. Бүгінгі қоғам туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді әрекеттерді қатыгездіктің ең жоғары деңгейі деп бағалауы тиіс», деп айтқан болатын.

Қазақ қоғамында "қарттар үйі" дейтін түсініктің өзі болмаған. Бұл Кеңес заманынан бастап біздің ділге енген пайым. Өкінішке орай, қазіргі қоғамда өзі ер жетіп, болары болған кезде әлі қалмаған әке-шешесін қарттар үйіне өткізетін қазақтың балалары да баршылық. Мұны қарттар үйінде толып жүрген қазақтың ата-әжелеріне қарап-ақ білеміз.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жалпы саны
2022 жылдың соңында осы ұйымдарда тұратындардың саны 40 321 адамды құрады, оның ішінде зейнет жасындағылар – 13 624 адам (33,8%), Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 14 адам (0,03%)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда тұратындардың негізгі контингенті – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны – 24 724 адам немесе қызмет алушылардың жалпы санының 61,3%-ы.