Өзін-өзі басқару, жетекшілік және көшбасшылық
Басқару үгымының мәнін ашып түсіндіру үшін оны келесі соған туыс үғым — өзін-өзі басқарумен салыстыру керек. Өзін- өзі басқару мен өзін-өзі реттеудің тек қоғамда ғана емес, биологиялық жүйелерде де орын алатыны белгілі. Ол сондай-ақ адамзат қолымен жасалған жасанды механизмдер мен машиналарға да тән.
Өзінің фундаменталды мағынасында өзін-өзі басқару жүйенің өзі іске асыратын басқару түрінде көрінеді, яғни бұл екі үғымның арасындағы функционалды қырларында айырмашылық болмайды: екі жағдайда да біз басқарумен жұмыс істейміз.