8. Мойын өрімі: оның түзілуі,тармақтары, нервтендіру аймақтары



Дата01.03.2023
өлшемі17,16 Kb.
#170715

8.Мойын өрімі:оның түзілуі,тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Мойын өрімі plexus cervicalis түзіледі: жұлынның жоғары жатқан 4 мойын сегменттерінен шыққан жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарының қосылу нəтижесінен.
Орналасады: m.sternocleidomastoideus-тің астында (мойынның беткей бұлшықеттер тобының артынан)
Мойын өрімі тармақтары 3 топқа бөлінеді:
1) бұлшықеттік(қозғалтқыш)
2) сезімтал (тері)
3) аралас
Мойын өрімінің сезімтал тармақтары :
1. Кіші шүйде нервісі - n.occipitalis minor. Шүйде аймағының терісін нервтендіреді.
2. Үлкен құлақ қалқаны нервісі - n.auricularis magnus. Құлақ қалқанының терісін, сыртқы есту жолының терісін нервтендіреді.
3. Көлденең мойын нервісі - n.transversus colli. Мойынның бүйірлік жəне алдыңғы бетінің терісін невртендіреді.
4. Бұғана үсті нерві - n.supraclavicularis. M.pectoralis major мен m.deltoideus-тің үстіндегі терісін нервтендіреді.
Бұлшықеттік тармақтары: 1)Ramii muscularis - мойынның терең тобының бұлшықеттерін нервтендіреді: m.scalenus anterior, m.scalenus medius, m.scalenus posterior; m.longus colli et capitis; m.rectus capitis anterior et lateralis; m.intertransversari anteriores; m.levator scapulae.
2)Radix inferior. N.hypoglossus (тіласты нерві)-нен 1 тармақ жоғарыдан келеді де radix superior(жоғарғы түбіршік) мойын өрімінен radix inferior екеуі қосылып, ansa cervicalis мойын ілмегін түзеді. Ansa cervicalis-тен шыққан нерв талшықтары нервтендіреді: тіласты сүйегінен төмен жатқан бұлшықеттерді. Олар: m.omohyoideus, m.sternohyoideus, m.sternothyroideus, m.thyroideus.
Аралас тармақ - n.phrenicus көкет нервісі. Кеуде торының жоғарғы қабырғасынан өтіп, төмен түседі, перикард пен плевра арасынан өтеді. Қозғалтқыш тармақтары диафрагмаға, ал сезімтал тармақтарын перикард, плевра жəне бауыр капсуласына барып, нервтендіреді.
9.Иық өрімі:оның түзілуі,тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Иық өрімі plexus brachialis түзіледі: жұлынның төменгі жатқан 4 мойын жəне 1-кеуде сегменттерінен шыққан жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары қосылуы нəтижесінен.
Орналасады: Spatium interscalenum-да. Ол m.scalenus anterior мен m.scalenus medius-тың ортасында орналасқан кеңістік, өрім осы кеңістіктің ортасына енеді. A.subclavia-ның үстінде жатады.
Кеңістік арасында plexus brachialis 3 сабаумен шығады: truncus superios, truncus medius, truncus inferior. Төмен қарай бағытталған кезде 3 шоғырға айналады: fasciculus lateralis, fasciculus medialis, fasciculus posterior. Бұғана үсті артериясы қолтық артериясына ауысады. 3 шоғыр қолтық артериясын қаусарып алады да, қолтық қуысына түседі.
Иық өрімі тармақтары: ұзын (бұғанаасты) , қысқа (бұғанаүсті).
Қысқа тармақтары иық белдеуі бұлшықеттерін нервтендіреді. Қысқа тармақтар:
1. N.dorsalis scapulae жауырынның медиалді жиегін бойлай өтеді. M.levator scapulae, mm.rhomboidei нервтендіреді.
2. N.thoracicus longus m.serratus anterior-дың сыртқы бетімен түсіп, оны жүйкелендіреді.
3. N.suprascapularis incisura scapula арқылы fossa supraspinata-ға өтеді. Mm.supra- et infraspinatus пен иық буыны қапшығын жүйкелендіреді.
4. N.pectoralis medialis et lateralis mm.pectoralis major et minor-ға барады.
5. N.subclavius m.subclavius-қа барады.
6. N.subscapularis m.subscapularis, m.teres major, m.latissimus dorsi-ды нервтендіреді.
Жауырынның латералды жиегі бойымен m.latissimus dorsi-ге баратын тармақ N.thorocodorsalis деп аталады.
7. N.axillaris қолтық жүйкесі - иық өрімі қысқа тармақтарының ең жуан жүйкесі. A.circum flexa humeri posterior-мен бірге foramen quadrilaterum арқылы тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының артқы бетіне өтіп, mm.deltoideus, teres minor, иық буынына тармақтар береді.
Ұзын тармақтар. Олардың ішінен аллыңғы тармақтарды бүккіштер мен пронаторлар үшін nn.musculocutaneus, medianus et ulnaris-ті жəне артқы тармақтарды жазғыштар мен супинаторлар үшін n.radialis.
1. N.musculocutaneus бұлшықеттері жүйкесі теріге барып, бұлшықетті нервтендіреді. Иық өрімінің латералды шоғырынан шығып, m.coracobrachialis-ті тесіп өтіп, mm.biceps et brachialis латералды жиегінен шығып білекке келгенде атын өзгертеді n.cutaneus antebrachii lateralis деп, ол білектің латералды бөлімінің терісін нервтендіреді. Иықтың алдыңғы бұлшықеттерін нервтендіреді.
2. N.medianus ортаңғы нерв 2аяқшамен crus medialis, crus lateralis-пен басталады. Медиалды жəне латералды шоғырдан басталады да, a.axillaris-ті қаусарып алады да, төмен қарай бағытталады да, sulcus bicipitalis medialis-ке жатады. Fossa cubiti-ға түседі де, sulcus medianus-қа жатады. Одан canalis carpalis-тан n.medianus өтеді де, 3жарым саусақты нервтендіреді. Білектің алдыңғы тобының бұлшықеттері барлығын нервтендіреді. 1жарым бұлшықетті тастап кетеді: m.flexor carpi ulnaris пен m.flexor digitorum profundus-тың жартысын.
3. N.ulnaris шынтақ жүйкесі медиалды шоғырдан шығады, sulcus bicipitalis medialis-ке жатады, төмен қарай бағытталады да, медиалды айдаршықтың артындағы sulcus ulnaris-те жатады да, 1жарым саусақты нервтендіреді.
4. N.radialis кəрі жіліктік нерв m.triceps-тің астынан шығады. Кəрі жіліктің нервтік жүлгесі мен бұлшықет арасында канал пайда болады: canalis nervi radialis(canalis humeromuscularis, canalis spiralis). Иннервациясы. Артқы топ бұлшықеттері: m.anconeus, m.triceps. Алдыңғы топ: m.pronator teres, m.flexor carpi radialis, m.palmaris longus, m.flexor digitorum superficialis, m.flexor carpi ulnaris; терең қабатында : m.flexor policis longus, m.flexor digitorum profundus, m.quadratus pronator.
M.extensor carpi radialis longus et brevis
Бас бармақтың 3 бұлшықеті: m.abductor policis longus, m.extensor policis brevis, m.extensor policis longus.
M.extensor digitorum , m.extensor indicis, m.extensor digiti minimi, m.extensor carpi ulnaris.
Терілік тармақтар медиалды шоғырдан n.cutaneus brachii medialis, n.cutaneus antebrachii medialis, n.cutaneus antebrachii posterior, n.cutaneus brachii posterior. Латералды шоғырдан n.cutaneus brachii lateralis superior et inferior.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет