8-сынып 9-бөлім.Қазақстандағы туризм және экотуризм



Дата06.06.2023
өлшемі17,1 Kb.
#178332
түріБағдарламасы
Байланысты:
Қазақстандағы туризмнің дамуы.


8-сынып
9-бөлім.Қазақстандағы туризм және экотуризм
Төмендегі екі мәтінді оқып тапсырма орындаңыз.
А мәтіні. Мақаладан үзінді.
Қазақстандағы туризмнің дамуы.
Қазақстан Республикасында туризмді әрі қарай дамыту үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи географиялық және климаттық жағдайлар бар. Осыған байланысты республика Үкіметі өзінің ұзақ мерзімді дамуы жөніндегі бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде жариялады.
1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымның мүшелігіне енді. Дәл осы жылы Туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, ал 1997 жылы «1997-2003 жылдары кезеңінде Ұлы Жібек Жолының тарихи орталықтарының өркендеуі, түркі тілді мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және туристік инфроқұрылым құру» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында аталған саланың айырықша маңызы атап өтілген.
Маңғыстау облысында «Кендірлі», Ақмола облысында «Бурабай» және Алматы облысында «Қапшағай» су қоймаларында халқаралық туристік орталықтарын, курорттары мен демалыс аймақтарын құру жөніндегі үш ірі жобаны атап кетуге болады. Келешек өңірлік жобаларда Ақкөлдегі «Шаржұм» демалыс аймағын, «Қатон-Қарағай» емдеу-сауықтыру кешенін, «Шеберлер ауылы» этографиялық кешенін сондай-ақ Алматы облысындағы «Талхизды» жатқызуға болады.
Қазақстанда 9000-нан астам археологиялық және тарихи ескерткіштер, 118 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, оның ішінде 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орналасқан. Ең танымалдары Алматы облысындағы «Алтын Емел» және «Іле Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», сондай-ақ Ақмола облысындағы «Көкшетау» және «Бурабай» болып табылады.
(173 сөз)
Ә мәтіні. Ғаламтор желісіндегі сұхбат.
Мәдени туризмді дамыту үшін «Қазақстан Энцеклопедиясы» атты ауқымды интернет жобаны қолға алу қажет- Түгелбай Бекбергенов.

-Түгелбай Бекбергенұлы, Сіз еліміздің әрбір жерін, әрбір тасын білетін адамсыз. Қазақстанның бас картографы десекте артықтық емес.
-Меніңше, карта –адамзаттың ойлап тапқан ең кемеңгер жаңалықтарының бірі. Ал картографияның өзі ескі ғылым болғанмен, қазіргі уақытта жаңа салалардың бірі ретінде қайта түлеп шығып отыр. Ең бастысы-оны баршаға ұғынықты етіп топтастыру қажет. Сондықтан сіздің сұрағыңызға қайта оралатын болсақ, мен өзімді біздің елдің жетекші картографы және географы деп атауыма толық құқығым бар.
-Қазақ ғылыми-зерттеу мәдени институтының бас ғылыми қызметшісі, кәсіби маман ретінде айтыңызшы, елдегі туризмді дамыту мәдени саланың дамуымен қаншалықты етене жақын?
-Тәуелсіздік алғаннан бері ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің мәдениет саласы бағытындағы басым саясаты анықталды. Ол өз кезегінде Ұлт Жоспарында және Қазақстанның мәдениет саясатын дамыту тұжырымдамасында көрініс тапқан. Елбасы 2030 жылға қарай Қазақстанды Еуразиялық мәдениет орталығына айналдыруға тапсырған болатын. Біз осы межеге талпынуымыз керек. Біз отандық және шетелдік туристер үшін Қазақстанның бай мәдени мұрасын сақтау және қазіргі заманғы мәдениетін дамыту үшін, еліміздің барлық өңірлерінде әлеуетін жандандыру бағытында барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз.
-Ал мәдени туризм біздің елде қаншалықты дамыған. Сіздің ойыңызша, Қазақстан туристерге не ұсына алады?
- Экономикалық тұрғыда дамыған елдер туризм, оның ішінде мәдени туризм өте мықты дамыған. Ол мемлекеттік және сыртқы саясаттың ажырамас бір бөлігі саналады. Қазіргі уақытта республикамыздың туризмі дағдарысты бастан кешуде. Басты проблема –мәдени туристік кластердің жоқтығы.
Мен айтайын, карта тілі өте ауқымды. Мысалы, «Ақмола облысының туристік картасын» алып көрейік. Схемадан не көреміз? Облыс орталығында халықаралық әуежайы бар, Мемлекет елордасы-Астананы, «Бәйтерек» немесе океанариум сияқты туристер баратын орындарды қала маңындағы мәдени нысандармен туристік орындарды көреміз. /246 сөз/

Тапсырма
«Отандық туризмнің әлемдік деңгейде дамымауының себебі неде?» .Осы тақырыпта екі мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып, өз пікіріңізді білдіріп (170-200 cөз көлемінде) эссе жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет