Байланысты: 8 сыныптарға арналған тест тапсырмалары
8 сыныптарға арналған тест тапсырмалары
1. р-элемент
А) Ar В) Mo С) Ag D) He E) Fe
2. Бесінші топтың бейметалы
А) селен В) кремний С) мышьяк D) хлор E) гелий
3. 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 электрондық формулаға сәйкес бөлшек
А) Mg В) F С) Cl D) Al Е) Ca
4. 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d3 4s2 құрылысты элемент
A) III периодта B) p-элементі C) RO3 оксидін түзеді D) металл E) IV валентті
5. ІІІ топтың екідайлылық қасиеті күшті гидроксид
А) таллий В) галлий С) алюминий D) иттрий Е) индий
6. R2 O5 -ке сәйкес келетін оксидтер түзетін элементтер қатары
A) B, Al, Ca. B) Mg, Ca, Be. C) Na, K, Sі. D) C, Sі, Ge. E) N, P, As.
7. Берілген элементтердің ішіндегі атомдарының радиусы ең үлкені
A) Sі. B) Na. C) Cs. D) Al. E) Mg.
8. Біріншіден соңғысына қарай металдық қасиеттері күшейетін элементтер қатары.
A) C, N, B, F. B) Br, Ca, Mg, Be. C) Sі, Na, K, Rb. D) Na, Mg, Al, Sі. E) Al, Sі, P, Mg.
9. Күкірттің ең жоғарғы валенттілігі:
A) 3. B) 2. C) 5. D) 6. E) 4.
10. р-элементтерге жататын:
A) P. B) Mg. C) K. D) Be. E) Cr.
11. F→Cl→Br→І қатарындағы элементтердің атом ядросының зарядтары үлкейген сайын бейметалдық қасиеттері …
A) металдық қасиеті нашарлайды. B) өзгермейді. C) күшейеді.
D) периодты түрде өзгереді. E) әлсірейді.
12. Валенттік электрондары бірдей элементтер атомдары ... орналасады:
A) бір қатарда. B) периодтық жүйенің диагональдарында.
C) периодтық жүйенің әр тобында. D) бір топшада. E) бір периодта.
13. Al3+ ионында электрондар саны төмендегі атомдардың қайсысына сәйкес:
A) Sі. B) Mg. C) Ne. D) Ca. E) Na.
14. 26 реттік нөмірлі элемент ...
A) p-элемент. B) лантаноид. C) d-элемент. D) f-элемент. E) s-элемент.
15. Химиялық қасиеттері өзара жақын элемент жұптары:
A) Lі, Be. B) Be, B. C) Be, Ba. D) Lі, Na. E) Mg, Al.
16. Be - Mg - Ca қатарында элементтердің металдық қасиеттерінің өзгеруі:
A) Кемиді. B) Өседі. C) Басында кеміп, сосын өседі.
D) Басында өсіп, сосын кемиді. E) Өзгермейді.
17. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері
A) ион зарядтарының өсу ретіне периодты тәуелділікте болады
B) ядро зарядтарының өсу ретіне периодты тәуелділікте болады
C) валенттіліктерінің өсу ретіне периодты тәуелділікте болады
D) молекулалық массаларының өсу ретіне периодты тәуелділікте болады
E) электрон сандарының өсу ретіне периодты тәуелділікте болады
18. Период бойынша рет нөмірі артқан сайын атом радиусы
A) әуелі артады, содан соң кемиді B) кемиді C) өзгермейді D) артады E) әуелі кемиді, содан соң артады
19. Топтарда рет нөмірі артқан сайын атом радиусы
A) өзгермейді B) әуелі кемиді, содан соң артады C) кемиді
D) әуелі артады, содан соң кемиді E) артады
20. 4-периодта 6-топтың қосымша топшасында орналасқан элементтің рет нөмірі
A) 32 B) 24 C) 72 D) 22 E) 3