Химия. Тест 9- сынып. 1- нұсқа. Период бойынша рет нөмірі артқан сайын атом радиусы
Химия. Тест 9- сынып. 1- нұсқа.
1. Период бойынша рет нөмірі артқан сайын атом радиусы:
А) кемиді В) артады С) өзгермейді
Д) әуелі кемиді, содан соң артады Е) әуелі артады содан соң кемиді.
2. Жай заттардың тотығу дәрежелері:
А ) атомдағы электрон санына тең В) протон санына тең
С) валенттік электрон санына тең Д) нольге тең Е) жұптаспаған электрон санына тең.
3. Қысқаша иондық теңдеуге сәйкес барий хлоридімен әрекеттесетін заттың формуласы:
Ba 2+ + SO4 = BaSO4
А ) Na 2SO3 В) SCl4 С) SOCl4 Д) SCl2 Е) H2SO4
4. Сутек изотоптарының саны:
А ) 1 В) 2 С) 5 Д) 4 Е) 3
5. Сілтілік металдарды алу әдісі:
А) металлотермия В) электролиз С) пиролиз Д) гликолиз Е) гидролиз
6. Мыстың периодтық жүйедегі орны:
А) 4 период 1А топша В) 1 период 4А топша С) 4 период 1Б топша Д) 1 период 1А топша Е) 4 период 4Б топша
6. 68,4 г алюминий сульфатындағы молекула саны:
А) 1,20 * 1023 В) 3,01 *1024 С) 6,02 *1023
Д) 1,20 *1022 Е) 6,02 *1024
7. 490 г күкірт қышқылын алу үшін қажет күкірт (ІҮ) оксидінің массасы:
А) 400 г В) 340г С) 360 г Д) 380 г Е) 320 г
8. 120 г көміртекті жағуға қажет оттектің зат мөлшері:
А) 10 В) 8 С) 18 Д) 12 Е) 6
9. 4 период 2 А топшада орналасқан элементтің салыстырмалы атомдық массасы:
А) 48 В) 65 С) 24 Д) 88 Е) 40
10. Ион алмасу реакциясы:
А) NH3 + H2O = NH4OH B) Zn + Cl2 = ZnCl2 C) Zn + SnCL2 = ZnCl2 + Sn
Д) NH3 + HCl = NH4CL E) CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3 + 2NaCl
Достарыңызбен бөлісу: |