86. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою



Дата19.05.2020
өлшемі21 Kb.
#69707
Байланысты:
тарих


86. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою.
Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы барысында көзделген маңызды мақсат - еуропалық білімге деген қолжетімділікті қамтамасыз ету және қазақстандық білім беру жүйесінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Болон үдерісіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебін модернизациялаудың негізгі бағыттары мен басымдылықтарын анықтады. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу ұлттың интеллектуалдық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды алғышарты деп есептеледі.

Еліміз бұл үдеріске осыдан тура бір жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2010 жылдың 11 наурызда Венгрия астанасы Будапеште өткен Еуропа елдері білім министрлерінің ІІ форумында қосылды, сөйтіп 47-ші мемлекет болып оның тең құқылы мүшесі атанды.

білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, әлемдік білім кеңістігіндегі болашақ ықпалдастыққа жол салатын бірқатар шаралар сәтті түрде жүзеге асырылғанын айтып өту қажет. Атап айтқанда, білім беру жүйесінің кредиттік технологиясы, бакалавр-магистр-PhD докторы сатыларын қамтитын мамандар даярлаудың үш деңгейлі әдісі, халықаралық үлгі бойынша мамандандырылған аккредитация өткізу және білім беру сапасын бағалау мен бақылаудың жаңа жүйелері енгізілді. Қазақстанның 18 жоғары оқу орны Болон үдерісінің негізі саналатын Университеттердің Ұлы Хартиясына (УҰХ) қосылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2009 жылдың 5-6 ақпанында УҰХ-ның бас хатшысы Бастиан Бауман мен Еуропа Кеңесінің өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасының Болон үдерісіне қосылуы жөніндегі семинар өткізілді.

Болон үдерісі білім алудың мүмкіндіктерін кеңейтетіндіктен, бакалавр бойынша бір мамандықты игеріп, магистр бойынша екінші бір біліктілікті оқып меңгеруге кең көлемді мүмкіндіктер береді.

Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сай дамыту мен білім беру сапасын арттыру шараларын жүзеге асыру мақсатында негізі қаланған Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы республикадағы білім сапасын бағалай отырып, әлемдік тәжірибенің ұтымды жақтарын саралап, сапалы білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру стратегиясын орындауда маңызды болып отыр.


87. Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт – 2020" бағдраламасы іске қосылды.Елбасының айтуынша, білім беру - осы стратегия аясындағы бірінші басымдық болып табылады. Ол білім алуға деген сұранысты арттыруға ықпал ететін және озық ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға негізделген білім беру жүйесін құруға бағытталған. «Бұл бағытта біз барлық мектептерімізді интернетке қостық және халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуда кең ауқымды жұмыс жүргіздік. Бес жылдан аз уақыттың ішінде Қазақстанда интернеттті пайдаланушылардың саны 2 пайыздан 30 пайызға дейін ұлғайды», деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы ақпараттық технологиялардың көмегімен оқытудың заманауи әдістемелері, білім беретін порталдар әзірленіп, пайдаланылып, интерактивті сабақтар өткізіліп, қашықтан оқыту енгізіліп жатқанын айтты. «Білімге осындай технологияларды енгізу бүгінде републикамыздың барлық өңірлерінде құрылған және құрылып жатқан интеллектуалды мектептер желісін қалыптастыруды қамтамасыз етеді», деді Президент. Н. Назарбаев келесі жылы шілденің 1-інде Астанада ашылуы жоспарланып отырған халықаралық университет әлемдік деңгейдегі инженерлік және техникалық кадрларды, соның ішінде Ай-Ти саладағы мамандарды дайындайтынын атап өтті.

«Биыл американың «Карнеги Мелон» атты жетекші университетімен тығыз ынтымақтастықта Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ашылды. Ол ақпараттық технологиялар саласындағы үздік мамандарды дайындайды. Біз 2020 жылға қарай Қазақстанда интеллектуалды буынның және инженерлік элитаның тұтастай шоғыры қалыптасады деп күтіп отырмыз», - деді Н. Назарбаев.
88. «Назарбаев-университеті» негізінде жоғарғы оқу орындарының инновациялық үлгісін қалыптастыру.
Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.

Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Қазіргі таңда 6 профильдік мамандық ұсынылуда:



  • Биология ғылымдары (Биомедицина мамандығымен қоса);

  • Химия;

  • Компьютер ғылымдары;

  • Математика;

  • Физика;

  • Роботтық текхника және Механотроника.

Миссиясы: Дарынды, бәсекелестікке қабілетті адамзат капиталымен Еуразияның ғылыми-білім және мәдениет орталығы ретінде Астананың қарқынды өсуіне ықпал ету.Қазақстан Республикасының білім мен ғылым жүйесін қарқынды дамыту және халықаралық деңгейге шығуды қамтамасыз ету.

Университеттің миссиясына жетуге бағытталған мақсаттар Ғылым мен технологияда жаңа тенденцияларды құруға және дамытуға қабілетті профессионалдардың жаңа ұрпағын қалыптастыру; Білімге негізделген ұлттық экономиканың тұрақты және оны жан жақты дамуына ықпал ететін білім, ғылым және өндіріс интеграциясының моделін құру; Оқу бағдарламаларын интернационалдандыру және әлемдік жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым – қатынас арқылы әлемдік білім сезімін қалыптастыру; Білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай технологиялық инфрақұрылымын құру. Әлемдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу; Әлеуметтік профессорлық – оқытушылардың құрамын құру және отандық оқытушылардың мүмкіндіктерін арттыру; Университеттің ұлттық және халықаралық беделін құру.

Жаңа университет Астананың сол жағалауында қаланың экологиялық таза бөлігінде орналасқан.Университеттің сәулеті қазіргі заманға және үздік батыс стандарттарына сай. Барлық оқу ғимараттары бір бірімен ортақ атриум және ішкі өту дәліздер арқылы байланыстырылған - бұл кешеннің тұтастығын және сәулеттің ерекшелігін көрсетеді. Зертханаларға және басқа ғимараттарға қызмет көрсету құрылыстың бас ғимараттың сыртындағы айналма жол арқылы жасалады.
89. «Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі. 
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына жатады. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы ұсынылып, ол былтырғы жылы іске қосылған-ды. Қазіргі кезде мемлекетте кәсіби білім алған мамандардың өткір жетіспеушілігі сезіледі, сондықтан да сондай жүйенің жандануына Қазақстан үлкен үміт артады. Қазақстан Республикасының Үкіметімен еңбек нарығындағыөңірлік үйлеспеушілікті теңдестіруге және жастарға кәсіби білім алуға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Серпін-2050" әлеуметтік жобасы қабылданды және іске асырылуда.Жоба бірден бірнеше себеп бойынша айрықша. Бірінші кезекте, бұл мыңдаған жас бойжеткендер мен бозбалалар үшін сапалы тегін білім алу мүмкіндігі. Бұл жұмыс берушілермен талап етілген кәсіпті игеруге мүмкіндік беретін білім. Және ақыры, түлектерді міндетті түрде жұмысқа орналастыру-бағдарламаның тағы бір маңызды шарты.

"Серпін-2050" жобасын іске асыру 2014-2015 оқу жылы республиканың 25 колледжінде ТжКБ 37 мамандығы бойынша басталды. Мемтапсырыс шеңберінде солтүстік өңір колледждерінде 1000 түлек оқытылады, олардың 364 адамы-Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. 2015-2016 жылдары мемтапсырыс арттырылады және 1200 орынды құрайды. Сонымен қатар биыл жұмыс берушілердің белгілі бір кәсіби салалардағы мамандарға мүдделі болуына сәйкес бағдарлама бағыттары кеңейтілді. Талапкерлер "Тігін өнеркәсібі және киімді модельдеу", "Темір жолдарының құрылысы, жол және жол шаруашылығы", "Мұнай және газ кен орындарын пайдалану", "Жол қозғалысын ұйымдастыру", "Өрт қауіпсіздігі" сияқты қызықты әрі талап етілген мамандықтар бойынша оқу мүмкіндігін алады.Республиканың әрбір өңірінде талапкерлер қажетті ақпаратпен жүгінуге болатын "Серпін-2050" штабтары ашылған. Жастардың кәсіби және аумақтық мобильділілігін арттыру мәселелерін жедел және уақытылы басқару үшін Үйлестіру кеңесі құрылған.



Техникалық, педагогикалық және аграрлық мамандықтарға бөлінген грант иегерлерінің тиісті дәрежеде білім алуына барлық жағдай жасалған. Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы мемлекеттік деңгейде бақылауға алынған. Өйткені, бағдарламаның әлеуметтік қоғамдық орны аса маңызды болып табылады. Бұл қысқамерзімдік жоба емес, өйткені, мәңгілік ел идеясының ғұмыры ұзақ.

90. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы жазып келеміз.Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет