Сабақ тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлаудың тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру»



Дата26.08.2017
өлшемі73,7 Kb.
#29689
түріСабақ
Қарағанды қ. №82 ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі Бакирова Айжан Тиштыкбаевна

«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары» тақырыбы бойынша

коучинг жоспары

Өткізілген уақыты



Сабақ тақырыбы:

«Сын тұрғысынан ойлаудың тәсілдерін қолдана отырып,

оқушылардың білім сапасын арттыру»


Жалпы мақсат:

Мұғалімдерге сыни тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы білім сапасын арттыруға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылау

Сілтеме:

http://angimeler.wordpress.com

үлестірмелі материалдар

Мұғалімге арналған нұсқаулық


Оқу нәтижесі

Тапсырмаларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесін игеруі, логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білуі

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 2 парақтары,стикер, А4 парақтары, маркер, қалам.

Коучингті өткізу әдістері:


  • Ой қозғау әдісі

  • Мозайкалық әдіс

  • Жарнамалау әдісі

  • «Жүзім тармағы» әдісі

Тапсырмалар:






Уақыты

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті



2 минут


Физикалық терминдермен топқа бөлінеді. «Ток күші», «Кернеу», «Кедергі», «ЭҚК»

Үстел үстіндегі әр түрлі сипаттамасы жазылған парақшаларды таңдайды, сол арқылы топқа бөлінеді

Психологиялық ахуал туғызу

2 минут


«Әр елдің сәлемдесуі» - әр елдің сәлемдесу дәстүрін айтып отырады

Сәлемдесу дәстүрлерін іс-қимылмен көрсетіп отырады

3 минут

1-тапсырма

Сыни ойлауға арналған сұрақтар қояды:

1. Үйде бір қыз отыр. Егер Қыз тұрып кеткен жағдайда, сіз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр?

2.Кенгуру жолбарыстан неге қорықпайды?
3. Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі?

4. Артық әріпті тап

Сұрақтарға жауап береді.
1. Жауабы: тізеде отыр.

2. Жауабы: Cебебі жолбарыс Австралияда өмір сүрмейді.


3. Жауабы: Үстел теннисі
4. Жауабы: К әрпі

5 минут


Видеотаныстырылым

"СЫНИ ТҰРҒЫДАН

ОЙЛАУ"

ТЕХНОЛОГИЯСЫ







20 минут

2-тапсырма

1-топ.«Соғым жеу» стратегиясы

2-топ. «Фишбон» (Балық қаңқасы) әдісі

3-топ.Мәтінмен жұмыс

(Есеп құрастыру)

4-топ. «Жүзім тармағы» әдісі

(Кластер жасау)


Әр топ өз тапсырмасын орындайды да, оны қорғайды
Жеңілден қиынға қарай жүре отырып тапсырманы орындау
«Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» тақырыбын өткенде кездесетін проблемалар және оларды шешу
«Күн энергетикасы. Күн батареялары» берілген мәтіні бойынша есептер құрастыру
«Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» тақырыбын тарату


10 минут

Шығармашылық уақыты

Әрбір топқа түрлі түсті қағаздар беріледі. Осы қағаздан әр топ өздерінің фантазиясы бойынша формула жазып, досына сыйлайтын зат жасайды

3 минут

Сергіту сәті «Өмірлік тілек»




Рефлексия

2 минут


«Пойыз» әдісі

Мұғалімдер осы коучинг бойынша өз ойларын, көңіл күйлерін «пойызға смайликпен жабыстырады

«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»
А. Байтұрсынов


Күн энергетикасы. Күн батареялары.

         Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл – «олар мүлдем сарқылмайды» деген сөз емес. Әсіресе, бүгінде отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлерін – атом, су, жел, күн, т.б. энергияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Аталғандардың ішінде энергияның қосымша көзінің бірі – Күн энергетикасы.

         Күн энергетикасы дегеніміз –  дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы –  күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн тұрақтысы шамамен 1370 Вт/м²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн сәулеленуі шамамен 370 Вт/м² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000 Вт/м²-қа тең энергия ғана келіп түседі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады.

        Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Жеке ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0,5-0,55 В-қа тең және ол оның ауданына тәуелсіз (1 см² ауданға келетін қысқа тұйықталу тогының шамасы – 35-40 мА). Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты. Яғни күн сәулелері Күн батареясы бетіне перпендикуляр түскенде, ол ең үлкен мәніне жетеді. Қазіргі Күн батареяларының пайдалы әсер коэффициенті – 8-10%, олай болса 1 м² ауданға тең келетін қуат шамамен 130 Вт-қа тең. Температура жоғарылаған сайын (25ºС-тан жоғары) ФЭТ-тегі кернеудің төмендеуіне байланысты Күн батареясының пайдалы әсер коэффициенті кеміп, Күн батареяларының жиынтық қуаты ондаған, тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареяларының өлшемдері әр түрлі болады.   Фотоэлементтің Күн батареялары сияқты фотондар энергиясын электр энергиясына айналдыратын электрондық құрал екендігі аян. Өндірістік масштабтардағы фотоэлементтердің пайдалы әсер коэффициенті орташа есеппен 16% болса, ең жақсы үлгілердікі – 25%, ал лабораториялық жағдайларда 43,5%-ға дейін жетеді. Фотоэлементтің жұмыс істеу принципі металдан (калий, барий) не жартылай өткізгіштен жасалған электродтың (фотокатод) бетіне электормагнит сәуле түсіргенде фотоэффект құбылысының пайда болуына негізделген. Фотоэлементтің сыртқы фотоэффект және ішкі фотоэффект құбылыстарына негізделіп жасалған түрлері бар. Мысалы: сыртқы фотоэффектіге негізделгені электровакуумды фотоэлемент болса, ішкі фотоэффектіге вентильді, жартылай өткізгішті, жаппалы қабатты фотоэлементтүрлері негізделіп жасалған. Соның ішінде жартылай өткізгішті кремний кристалынан жасалған фотоэлементтер (пайдалы әсер коэффициенті 15%-ға жуық) ғарыштық ұшу аппаратының қоректендіру көзі ретінде радиациялық құбылыстарды зерттеуде, т.б. жағдайларда да пайдаланылады.        Жоғарыда келтірілген мысалдардан біз адамзат үшін Күн энергетикасының ауадай қажет екенін түсінеміз. Күн энергиясын пайдаланудың өзіндік артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Атап айтсақ, артықшылықтары: 1) Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді; 2) ол сарқылмайды; 3) қоршаған ортаға қауіпсіз; кемшіліктері:1) ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді; 2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын құрылғылардың қымбаттылығы; 3) оны шағылдыратын бетті периодты түрде тазалап отыру қажет; 4) электр станциясының жанында атмосфера ысып кетеді; 5) энергияны аккумуляциялау қажет. Соған қарамастан Күн энергетикасына деген сұраныстар жыл сайын артып келеді.


«Соғым жеу»

  
«Фишбон» әдісі

  
Мәтінмен жұмыс

  
«Жүзім тармағы» әдісі


Шығармашылық жұмыс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет