9-сынып.
Жиынтық бақылау жұмысы «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар»
1-нұсқа
Шығу жұмысы 2 эВ болатын металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықта.
Цезий бетіне толқын ұзындығы 500 нм болатын жарықпен сәулелендіргенде ыршып шығатын электрондардың қандай энергиясы бар болады? Шығу жұмысы 1,9 эВ.
Толқын ұзындығы 6,3 * 10-5см фотонның массасын анықта.
* Ауданы 4 м2 жазықтыққа перпендикуляр бағытта 10 с ішінде толқын ұзындығы 0,64 мкм болатын 7,74*1022 фотондар келіп түседі. Қара және айналық бетке, шағылу коэффициенті 0,4 болатын жазықтыққа түсетін жарық қысымын анықта.
2-нұсқа
Толқын ұзындығы 10-12 м рентген сәулесінің бір фотонының энергиясын анықта.
4,9 эВэнергиясы бар жарық квантының металл бетінен шығу жұмыс 4,5 эВ. Ұшып шығу кезіндегі электронның импульсін тап.
1 В тежегіш кернеуде фототок тоқтаған кездегі электронның жылдамдығын анықта.
2 мА ток күшіндегі, 50 кВ кернеуде жұмыс істейтін рентген түтікшесі секундына 5*1013 фотондарды шығарады. Толқын ұзындығын 0,1 нм деп санап, түтікшенің ПӘК-ін табу керек, яғни рентген сәулесінің қуаты пайдаланылған токтың қуатының қанша пайызын құрайтынын анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |