УДК 616-002.5-053.2-07
А.Г. ИСАЕВА, Г.С. ЕРКЕНОВА, С.М. ИСАЕВА
C.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
ЖИТС-ПЕН ҚОСАРЛАНҒАН ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
(КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ)
Қосымша патологиясы бар науқастың емінің тиімділігі иммунологиялық статусына және спецификалық үрдістің ағымына теріс
әсері бар асқынулары жатады. Ұсынылған мақалада қосымша ЖИТС туберкулезді асқындырып науқаста диффузды өкпе
эмфиземасын, жүрек және өкпе жетіспеушілігін, полиоргандық жетіспеушілігін дамытқан. Қосымша анықталған созылмалы ВГ С,
опиоидты наркомания, созылмалы алкоголизм салдарынан бірнеше рет үзілген этиотропты терапия, дәріге төзімділікке жеткізді.
Науқастың емге деген көз қарасын ескере отырып, 2 топты (резервтегі) препараттар тағайындалмай, тек симптоматикалық ем
жүргізілген.
Түінді сөздер
: ЖИТС, туберкулез, этиотропты терапия.
Өзектілігі:
Жүре пайда болған иммунды тапшылық белгісі (ЖИТС) әртүрлі ауруларды соның ішінде туберкулезді асқындыратын
елеулі медициналық мәні бар ауруға айналды. ЖИТС-мен ауыратын науқастардың ішінде туберкулез 6-10% кездеседі, көбінесе
30-50 жастағы нашақорлыққа әуес еркектер жиі ауырады. ЖИТС және туберкулезі бар науқастарда өлім көрсеткіші тек
туберкулезбен ауыратын науқастарға қарағанда 70 %-ға жоғары. Себебі: ЖИТС-мен ауыратын науқастардың көбінде
туберкулез ауыр гематогенді жайылмалы түрінде өкпе және басқа ағзалардың кеуде ішілік лимфа бездерінің зақымдануымен
жүреді [1,2].
ЖИТС және туберкулезі бар науқастың терапиясы сәтсіз аяқталғаны мысалы ретінде клиникалық жағдайды ұсынамыз.
Клиникалық жағдай.
Науқас В. 45 жаста. Сырқатнама №06423
Клиникалық диагнозы:
Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, инфильтрация және себілу фазасы. Туберкулез
микобактериясы (ТМБ+), 4 категория. Көп дәріге төзімді туберкулізі.
Достарыңызбен бөлісу: |