А. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан



Дата30.11.2022
өлшемі286,84 Kb.
#160634
Байланысты:
9 сынып Құқық негіздері 9 2B Меншік құқығы таныстырылым

Меншік

Оқушылар меншік ұғымын қалай түсінесіз?

Оқушылар меншік түрлерін білесіздер, 6-7 түрін жазып шықсаңыз!


Меншік нысандары
Мемлекеттік меншік
Жеке меншік
Жеке тұлғалардың меншігі
Заңды тұлғалардың меншігі
Коммуналдық меншік
Республикалық меншік

Қазіргі кезде оқырмандар кітапханаға аз бара ма?


Меншік ұғымы
Менің автокөлігім
Менің үйім
Менің заттарым

9.2B Меншік құқығы

Қалай меншік иесі бола аламыз?

Оқу мақсаттары:

Сіздің отбасыңыз қандай меншік иеленетіндігі туралы ойланыңыз.

Сұрақтар:

1. Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз?

2. Біз осы меншікті иеленуге заңды құқықты қалай аламыз (иелену, пайдалану, билік ету).

ҚР Конституциясының 6-бабы

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.

3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

Меншік құқығы -

субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын, тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алу, сондай-ақ одан пайда табу

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алу, сондай-ақ одан пайда табу

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеу


Иелену құқығы дегеніміз тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі.

Тек мемлекет меншігі бола алады:

  • жер қойнауы;
  • су, өсімдік және жануарлар әлемі;
  • басқа да табиғи қорлар

Республикалық меншіктің иесі – Қазақстан Республикасы болып табылады

Республикалық меншіктің иесі – Қазақстан Республикасы болып табылады

Оған:

  • үкіметтік ғимараттар;
  • жолдар;
  • ұлттық мұражайлар, кітапханалар т.б. жатады

Коммуналдық меншік түріне:

Коммуналдық меншік түріне:

Облыстарға және қалаларға тиесілі әкімшілік-аумақтық бірліктер жатады

Меншік құқығының пайда болу негіздері

  • Бастапкы тәсіл негізінде мүлікке меншік құқығы бірінші рет пайда болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету құқығында болмаған. Мысалы: олжа; қараусыз жануарлар және т. б.
  • Туынды тәсіл дегеніміз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі. Мысалы, сатып алу-сату, қарыз немесе несиешарты, жекешелендіру және т.б.

Меншік құқығының мәжбүрлеп тоқтатылуы

  • Реквизициялау. Меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату тәсілдерінің бірі, ол соғыс, табиғат немесе өндірістік апат кезінде қолданылуы мүмкін
  • Тәркілеу (конфискация) - меншікке құқықты мәжбүрлеп тоқтатудың бір тәсілі, ол істелген қылмыс немесе басқа да құқық бұзушылық үшін жаза ретінде қолданылады.
  • Тәркілеудің реквизициядан айырмашылығы, тәркілеу қайтарымсыз жүргізіледі.

Топтық жұмыс:

№1 жағдаят

Азамат Д-ның жақын бір туысы қайтыс болады. Қайтыс болған азаматтың Д. жалғыз туысы болып табылады, демек жалғыз мұрагер. Қайтыс болған туысының меншігіне ие болу үшін Д. атты азамат қандай іс-әрекеттер жасауы қажет деп ойлайсыз?

№2 жағдаят

С. атты азамат үй салу үшін мемлекеттен жер телімін алды. Бірақ жағдайының болмауына байланысты 15 жылдың ішінде жер телімінде еш нәрсе салған жоқ. Ол одан әрі де осы жер телімінің қожайыны болып жүре бере ме?

№3 жағдаят

Ж. атты азаматтың меншігіндегі жер телімі арқылы, үкіметтің шығарған шешімімен, жол өтетін болды. Осы орайда Ж. атты азамат жер телімін бермей отыруға құқығы бар ма және осы жағдайға байланысты процестер қалай жүруі керек?

Кері байланыс



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет