Мектеп:«Жаңақоныс ЖОББМ» КММ
«Т.Шанов атындағы ЖОББМ» КММ
Күні: 12.12.2023
Сыныбы : 10
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
10.2.4.1 - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:Қаныққан және қанықпаған бу және ауаның ылғалдылығы қасиеттерін тұжырымдай алады
Басым бөлігі:Ауаның абсалют және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайтын есептер шығаруда қолдана алады
Кейбір оқушылар:Қаныққан және қанықпаған бу және ауаның ылғалдылығына өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады
Сабақ барысы
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
7 мин
І.Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық көңіл – күйін байқау.
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау Жұптық жұмыс
«Адасқан терминдер» әдісі Оқушылар бос орынға тиісті терминдерді орналастырады.
Қажетті терминдер: (абсолютті ылғалдылық, температурада, салыстырмалы ылғалдылық, массасының, пайыздық мөлшері)
..... - ауадағы су буының мөлшерінің берілген температурада болатын мөлшеріне пайызбен көрсетілген қатынасы. Ауада болатын су буының (ылғалдылықтың) нақты мөлшері, әдетте, ........ деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, абсолютті ылғалдылық дегеніміз - су буының ............. құрғақ ауа массасына қатынасы. Салыстырмалы ылғалдылық, керісінше, ауада болатын су буының мөлшері, сол ....... ұстай алатын мөлшерге қатысты болады.
Оқушылар бос орынға тиісті терминдерді орналастырады.
Таратпа материалдар
Сабақтың
ортасы
ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбын ашу. Проблемалық сұрақ арқылы сабақ тақырыбына шығу: «Төмендегі суретте қандай табиғат құбылысы бейнеленген?». Кейін сабақ тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірге айқындау.
«Сұйықтың сізге 8-ші сыныптан белгілі қасиеттерін атап шығыңыз? МКТ негізінде бұл қасиеттерді қалай түсіндіруге болады?»
Оқушылардан күтілетін жауап: «Сұйықтар молекулалардан тұрады, олардың арасындағы арақашықтың өз өлшемдерімен салыстырмалы. Сұйықтың молекулалары қатты денелердің молекулаларына қарағанда бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтаң олардың арасындағы тартылыс күштері де, тебіліс күштері де қатты денелерге қарағанда кем болады. Сөйтіп, сұйық оңай ағады, оңай бөлінеді. Сұйықтың көлемін өзгерту өте қиын. Аққыштық, көлемін сақтау және пішінің оңай өзгерту – сұйықтыққа тән қасиет.»
Мұғалім 8 сыныпта қарастырылған тақырыппен көпір орнату мақсатында келесі сұрақ қояды: «Буландың қандай түрлерін білеіздер?»
Оқушылардан күтілетін жауап: «кебу және қайнау»