Сабақтың тақырыбы: Күш
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Денелердің өзара әрекеттесуі
|
Күні: 29.11.2019 ж
|
Мұғалімнің есімі: Кожагулова А.Т. СЫНЫП: 7 а
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
7.2.2.2 – күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Күш туралы түсінік біледі. Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіреді
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Күшті SІ жүйесінде кило мегаға аудара алады.
|
Кейбір оқушылар: Күштің формулаларын түрлендірі жолддарын түсіндіреді.
|
күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
|
Бағалау критерийі
|
туралы түсінік біледі. Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіреді
|
Тілдік құзіреттілік
|
Күш, деформация, серпімді, пластикалық, ауырлық күш......
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, қазақ тілі.
|
Алдыңғы тақырып
|
Инерция құбылысы
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
|
Басталуы 5 минут
|
Топқа бөлу 2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
|
Ортасы
15 минут
|
Білу және түсіну 10 минут
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
«Броундық қозғалыс»
Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
«Білегі күшті бірді жығады,
білімі күшті мыңды жығады».
«Көптің күші – бірлікте».
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз.
Демек, күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін.
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.
Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.
SІ жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. 1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н.
Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді
Күш дегеніміз не?
Күш немен сипатталады?
Күштің өлшем бірлігі қандай?
Күш бірлігі кімнің құрметіне ие болған?
Деформация дегеніміз не?
Деформация нешеге бөлінеді?
Пластикалық деформация дегеніміз не?
Серпімді деформация дегеніміз не?
Деформациялаушы күшке қарсы күш қалай аталады?
Түсірілген күштің шамасы белгілі бір шектен асқанда не болады?
|
Аяқталуы 20 минут
Кері байланыс
|
Синтез
Физикалық диктант
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын _________________ болып табылады.
SІ жүйесінде күш бірлігіне _________________ алынған.
Физикалық негізі мақсаты табиғатта болып жатырған _________________ зерттейді.
Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрген, ондай қозғалыс _________________ қозғалыс деп аталады.
Пішіні мен көлемін сақтау _________________ денеге тән қасиет.
Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама ________ деп аталады.
«Кім шапшаң?» сайысы.
Есептер шығару.
1 – есеп: Көлемі 0,012 м3 ыдыс сумен толтырылған. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. ыдыстағы судың массасы қандай?
2 – есеп: Ыдыста массасы 200 гр су бар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. Ыдыстың көлемін анықта.
3 – есеп: Массасы 2 кг, ал көлемі 100 см3 металдың тығыздығы қандай?
4 – есеп: Көлемі 0,1 м3 ыдыста сүт бар. Сүттің массасын тап. Сүттің тығыздығы 1030 кг/м3.
Екі жұлдыз, бір тілек
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? ИЯ
Бүгін оқушылар не білді? күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіруді
Сыныптағы ахуал қандай болды?ЖАҒЫМДЫ
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?ИЯ
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?ИЯ
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне
неліктен?ЖОҚ
|
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
|