Тыңдалым мәтінмен жұмыс кезеңдеріндегі мәтіналды кезеңі, мәтінмен жұмыс, мәтіннен кейінгі кезең әдістерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз



Дата25.05.2022
өлшемі93,04 Kb.
#144996
Байланысты:
7-тапсырма


7-тақырып. Тыңдалым.
Тапсырма:
Тыңдалым мәтінмен жұмыс кезеңдеріндегі мәтіналды кезеңі, мәтінмен жұмыс, мәтіннен кейінгі кезең әдістерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз.

 Оқу мақсаты  Т5 Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы ойды анықтау

Тапсырма

Ресурс

Тыңдалым алды әдісі
Компьютер – заман талабы

Тыңдар алдында

Тыңдау кезінде

Тыңдағаннан кейін

Бес сөзді жазыңыз

Тірек сөз тіркестер

Мәтін туралы сенің пікірің қандай?

Тыңдар алдында мен мынадай бес сөзді жаздым:



Тыңдау кезінде мен мынадай сөз тіркестер жаздым:

«Бес маңызды сұрақ» стратегиясы.
Кім? ...............................................
Не? .................................................
Қандай?.........................................
Не істейді? ....................................
Не үшін? .......................................

Мұғалім оқушылырға мынадай кестені үйлестіреді, оқушылар ойланып бірінші бағанды толтырады.
«Неге мен осы сөздерді жаздым?» - деп топпен талқылайды



Үйлестірмелі кестелер





«Бағдаршам» суреті

Дескриптор:
Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды




Кері байланыс







Тыңдалымнан кейін







Тыңдалымды ұйымдастырудың шарттарын түсіндіріңіз.

  1. Тыңдалым – қазақ тілі сабақтарының ажырамас бөлігі болу керек.

  2. Тіл үйренушілердің тыңдалыммен жұмыс істеу ережелерімен таныс болып, тапсырмаларды белгілі бір тәртіппен орындауын міндеттеу керек.

  3. Аптасына бір рет болса да тіл үйренуші тыңдаған мәтіні бойынша үй жұмысын орындауы тиіс.

  4. Оқытушы сабақты жоспарлаған кезде тыңдалым тапсырмалар оқытудың әр деңгейіне қарай іріктеліп берілуге тиіс.

  5. Тіл үйренушілердің деңгейіне қарай тыңдалым әрекетіне аутентикалық мәтіндерді міндетті түрде кіргізу керек. Бұларға теле-радио хабарларын, бейнежазбалардан үзінділерді тыңдатуды жатқызуға болады.

  6. Оқытушы ұсынып отырған мәтіннің тіл үйренушінің тілді білу деңгейіне қарай тақырыбын, мазмұнын дұрыс таңдап, тапсырмалардың жеңілден қиынға құрастырылуын қадағалау керек.

  7. Аудиомәтінді ұсынғанда оларға арналған мақсат та бірге ұсынылады: Мазмұнды толық түсіну, ең басты ойды түсіну, ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылап түсіну, болжам жасай білу және т.б.

  8. Тыңдалымды меңгертуге арналған тиімді техникалық құралдар (аудиодискілер, бейнесюжеттер, ғаламтор мүмкіндіктерін және т.б.) мен оны өткізетін орынды, мезгілді таңдау қажет.

  9. Тыңдалымды жаңа материалды меңгертуде және тіл үйренушінің білімін бақылау, бағалауда да қолдану керек.


Оқулықтарда тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға берілген тапсырмалардың сынып деңгейімен сәйкестігіне талдау жүргізіңіз.
Тақырыбы: тыңдалым дағдыларының ішкі кезеңдері мен сабақ жүйесінің құрылымы.

Мақсаты: Тыңдалым дағдыларын дамытуға берілген тапсырма үлгілерін талдау

Негізгі ұғымдар: тілдесімнің түрлі формаларын талдау, мәтінмен жұмыс түрлері. Жоспары: Тыңдалым әрекеттерін дамытуға арналған тапсырма үлгілерін тәжірибе барысында қолдану зерттеу.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Тыңдауға және түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтінді ұсыну
2.Мәтіннің негізгі айтпақ ойын, идеясын табу әрекеттерін дамыту
3.Тыңдалған мәтіндер бойынша сұрақ және жоспар құрастыру
4. Мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы бойынша бағалау пікір білдіру
5.Тыңдалым түрлеріне талдау жаса, мысалдар әзірлеу.
Тыңдалымға арналған сабақ жүйесінің мысалы: Әдістемелік нұсқаулық: 2-4 сыныптар аралығындағы Әдебиеттік оқу пәнініен тақырыпты таңдап алыңыз, ресурстардан дәрісті қараңыз, слайд түрінде көрсетілген төменгі ссылканы ашып тыңдаңыз.
1.Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.
2. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады. 3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет