1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсің бе?
5-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Жануарлар әлемі»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты табу
Сенің меңгеретінің:
мәтін мазмұнын түсінесің;
мәтіндегі негізгі ойды анықтайсың;
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді түсінесің
|
|
Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.
|
1-3 минут
2 мин
1 мин
|
Тапсырмалар
Бекіту
|
1-тапсырма Мұғалім мәтінді аудиомен оқушыларға оқып береді.
Ақбөкен
Ақбөкен-шөлге төзімді әрі жүйрік ,ақылды жануар. Оны киік деп те атайды. Киіктер сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен ұзақ жүгіретін көрінеді. Ақбөкендер үйір-үйір болып топтасады. Бұл жауларынан сақтануына көмектеседі. Олар жайылып жүргенде біреуі жан жағын бақылап, «сақтық күзетінде» тұрады. Қауіпті дер кезінде сезген ол тұра қашады да, қалғандарын үркітеді. Қорегі-изен, қына, бидайық және тағы басқа өсімдіктер. Күз айларында жусанмен қоректенеді. Себебі оның құрамында іштегі зиянды құрттарды жоятын заттар бар. Міне, киіктердің өзін-өзі емдеуі - табиғаттың оларға берген тамаша қасиеті.
Дескрипторы:
мәтін мазмұнын түсініп тыңдайды;
мәтіндегі негізгі ойды анықтап жазады.;
Берілген тіркестерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бағандарға бөліп жаз.
Жақсы сөз, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, жақсы өмір,жақсы адам
Терең сай,терең білім,терең құдық, терең сезім, терең су.
Долы күш, долы дауыл, долы жел, долы адам,долы теңіз.
Дескрипторы:
Сөз тіркестерін оқиды
Тура және ауыспалы мағынадағы тіркестерді бағанға бөліп жазады;
Өзіңді тексер!
Тура мағына
|
Ауыспалы мағына
|
Жақсы бала
Жақсы адам
Терең құдық
Терең сай
Терең су
Долы адам
|
Жақсы өмір
Жақсы ой
Жақсы сөз
Жақсы күн
Терең білім
Терең сезім
Долы теңіз
Долы жел
Долы дауыл
Долы күш
|
3-тапсырма
Тура мағына
|
|
Мұрат осы қисық мінезінің кесірінен тағдырдан талай таяқ жеп жүр.
|
Ауыспалы мағына
|
Күздің суық күндерінде балалар да сағынған мектебіне оралды.
|
Дескрипторы:
Сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажыратады
Сөйлемдерді сәйкестендіреді.
Өзіңді тексер!
Тура мағына
|
|
Мұрат осы қисық мінезінің кесірінен тағдырдан талай таяқ жеп жүр.
|
|
Ауыспалы мағына
|
Күздің суық күндерінде балалар да сағынған мектебіне оралды.
|
|
Бекіту сұрақтары:
Ақбөкен туралы мәліметтер алдыңыздар.
Мәтіннің негізгі ойын білдіңіздер
Тура және ауыспалы сөздерді меңгердіңіздер
Қосымша тапсырма:
Көркем әдебиеттен тура және ауспалы мағыналы сөздерге мысал келтіру.
|
|
|