Секірудің түрлері



Дата07.02.2022
өлшемі389,84 Kb.
#88452
Байланысты:
секіру

Секірудің түрлері

Секіру Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқу алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады. Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған 900 бұрыш жасай ытқитын болса, онда дене ептеп жоғары көтеріледі де, қайтадан сол өз орнына түседі.


Бүкіл секірісті негізгі 4 кезеңге бөлуге болады. Олар: 1. Дайындық кезеңі 2. Ытқу кезеңі 3. Ауада қалықтау кезеңі 4. Жерге түсу кезеңі
Дайындық кезеңі тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай ауысуынан басталады.
Ытқу кезеңі немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез жазылуынан тұрады.
Қалықтау кезде дене ауырлық күшінің доға сызық деңгейі алдын –ала (ытқу кезеңінде) берілгендіктен оның тек сырттан әсер ететін күш арқылы ғана (мысалы, қарсы алдынан соққан немесе жолай соққан желдің күшімен ғана) өзгертуге болады

Назар аударғандарыңа рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет