Сабақ тақырыбы: Білімді ұрпақ –елдің болашағы
Мақсаты:
Оқушылардың әр салада білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін жетілдіру;
топпен ұжымшылдықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Отан тарих-табиғатына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: интерактивті, ашық тәрбие сабағы, сыныпішілік сайыс
Көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, тапсырмалар
Әдіс-тәсілдері: СТО әдісі бойынша дайындалған тапсырмаларды топпен орындату
Сабақтың барысы
1. «Серігіңді тап» топқа бөліну
2. «Жұмбақтар әлемінде» жұмбақ шешу
3. «1001 мақал» мақалдар айтысы
4. «Шешендік сайыс»
5. «Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
6. «Ғылымдар сыры»
7. «Кім көп біледі?»
8. қорытынды
1.«Серігіңді тап» - оқушылар мозаикалардың жалғасын тауып құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.
1 топ – суреті «Жылқы»
2-топ – суреті «әтеш»
3-топ – суреті «Қоян»
4 топ – суреті «Барыс»
2.«Жұмбақтар әлемінде» жұмбақтар шешу
3.«1001 мақал» мақалдар айтысы
- ас, тағам туралы
- қонақ, қонақжайлылық туралы
- өтірік пен шындық туралы
- жаспен кәрілік туралы
4.«Шешендік сайыс»
Белгісі болса-жолдан жаңылмас,
Білімі болса- сөзден жаңылмас.
Махмұд Қашқари
Қыран құстың баласы
Ұшса келмес ұяға...
Асыл ердің баласы
Жауды көрсе шыдамай
Көзін салар қияға.
Махамбет Өтемісұлы
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.
Сонда да бар солардың таңдамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.
Сонда да бар солардың таңдамасы.
Абай Құнанбаев
Қызығыңды көп көрдім
Қарабастау, Құлансаз.
Күндерімді өткердім
Сенде жүріп ұзақ жаз.
Жамбыл Жабаев
5.«Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
Егерде мен бестік баға алып келсем ...
Егерде мен сабаққа даярлықсыз келсем ...
Егерде мен досымның көңілін қалдырсам ...
Егерде мен сабаққа келмей қалсам ...
6.«Ғылымдар сыры»
Математика
Отбасында 7 ұл бар. Әрқайсының қарындасы бар. Отбасында неше бала бар? 8
Қазақ тілі
-на,-не қай септікке жалғанады? Барыс
Қазақстан тарихы
1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда әділетсіз байларға қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Көтеріліс көсемінің бірі, оның бас ұраншысы, ақын кім? М.Өтемісұлы
География
Кез келген нысандардың географиялық орнын қалай анықтауға болады? Жауабы:Карта
Биология
Ол біздің ағзамыздағы микробтармен күреседі. Сен дем алатын оттегіні бүкіл денеңе таратады. Пайдаланылған газды өкпеге жеткізеді, сен оны деммен шығарасын. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетін жабатын жабысқақ ерекше затөндіреді. Ол не?(қан)
Арнайы сұрақ
Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, оны суы сарқылғанша қайнатады. Қайнауы жеткен соң, қызыл-сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Бұл қандай ұлттық тағам? ірімшік
Логика
Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса .24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? Жауабы : Жоқ
7.«Кім көп біледі?»
1. Бала туылғанда жасалатын той
2. Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл
3. Наурыз мерекесінің басты асы
4. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра
5. Үш байлық деген не? Денсаулық, ақ жаулық, он саулық
6. 61 жас нешінші мүшел? 5
7. Үш арсызды ата? Ұйқы, күлкі, тамақ
8. қорытынды
Осымен ойын сабағымыз өз мәресіне таяп қалды. Сайысымызды жинақ парағымен қорытындылайық.
Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым – Шоқан Уәлиханов. Ал, қазір Сіздердің назарларыңызға қазақтың жарық жұлдызына арналған өлең жолдарын ұсынамыз.
Оқушы:
Әлемді шолып ой көзбен,
Тереңге сүңгіп бойлаған,
Қайғыны жазып бойды езген,
Толғанған әр кез ойлы адам.
Тарихшы елді зерттеген,
Сапармен барып Қашғарға!
І. Тауларын кезіп Тянь-Шань,
Манасын жазған қырғыздың.
Жете алмай кеткен сан қыран,
Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
Жоңғардың батыс сілемін,
Мекендеп қалған мәңгілік.
Туған жер жауып кілемін,
«Алтынемел» тұр жаңғырып.
ІІ. Ғылым оқып білгенше,
Тыным, тыныштық таппаған.
Дүние кезіп көргенше,
Рахат іздеп жатпаған.
Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады,
Көрген, білген өкінді,
Мін тағар жан болмады.
Оқушылар сендерге «Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыз» деген тілекпен «Білімді ұрпақ» атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |