СӨЖ № 1. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсына кіріспе.
Кіріспе
1. Қазақстан егеменді, тәуелсіз, өз алдына жеке мемлекет болғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Екі ғасырға жуық басқа мемлекеттің отары болған халықтың ұлттық санасын жаңғырту жолында қоғамдық пәндердің, оның ішінде төл тарихымыздың алатын орны ерекше. Ұлттық тарихты терең білмейінше ұлттың менталитетін, тарихи даму жолын, сол жолда көрген қиыншылықтары мен табыстарын түсіну мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан территориясында көне заманнан, қазірге дейін өмір сүріп жатқан тарихи отаны санайтын халықтардың тархын білу маңызды болмақ. Отан тарихы бүкіл адамзат тарихының бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Еуразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының тарихы, Орталық Азия елдерінің тарихымен ұштасып жатады.
Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үрдістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы - отандық тарихтың аса маңызды бөлігі және жалғасы. Тәуелсіз Қазақстан әзірше ұзақ емес, бар жоғы отыз жылды құрайтын жолдан өтті. Дүниежүзілік тарихпен салыстырғанда, ширек ғасыр астам соншалықты үлкен мерзім болмағанмен, егеменді ел
№1 тапсырма
Курстың негізгі мақсат- міндеттерін анықтаңыз.
Дәрістің мақсаты: пәннің алдында тұрған міндеттерді айқындау арқылы қоғамда атқаратын рөлін көрсету, отан тарихын кезеңдерін айқындап, деректердің мәні мен ұлттық тарихымыздың зерттелу деңгейін ашу.
Дәрістің мазмұны: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің мақсат-міндеттері, оның кезеңдері және деректері мен тарихнамасы мәселелері қарастырылады.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін жоғары оқу орындарында оқытып үйрету мақсаты - студенттердің бойларында отансүйгіштік пен азаматтық ұстанымның қалыптасуына, еліміздің күрделі, тәлімі мол тарихы бойынша терең ғылыми білімдердің бекуіне септігі тиетін факторға айналуы тиіс.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан бері халықтың ел тарихына деген қызығушылығы арта түсті. Себебі бұрын айтылмаған, айтылса да саясаттың ыңғайына көндігіп айтуға мәжбүр болған көзқарастар қазіргі таңда басқаша сипатқа ие болуды.
Осыған байланысты ұсынылып отырған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің негізгі міндеттері мынада:
1) Халықтың ұлттық тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сананы дамыту.
2) Ұлттық идея мен бірлікті қалыптастыру.
3) Азаматтық ұстанымға, отаншылдыққа тәрбиелеу.
4) Өз халқына, еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін игеру азаматтардың қазіргі таңда Қазақстан қоғамында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени мәселелерді түсінуге, оның оң шешілуіне әсер етеді. Осыған байланысты бұл пән еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген.
№2 тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |