6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
|
Сабақтың тақырыбы: «Салт-дәстүр»
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Башеева А.А
|
Сынып:1 cынып
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
|
1.1.1.2 Таныс дыбыстар мен музыка тыңдау барысында анықтау және сипаттау
1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеумен орындау
1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және халық аспаптарында ойнау
1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.
Оқушылар ұлттық музыканы, бейнелеу өнерін және олардың тарихпен байланысын зерделейді.
Балалардың ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасын тыңдайды, орындайды, қарапайым импровизациялар шығарады.
Дәстүрлі қазақ ертегілерінен үзінділерді көреді, дәстүрлі халық әндер үйренеді.
|
Оқушылардың көпшілігі:
Динамикалық карталарды пайдалана алады.
Музыкадағы динамикалық реңктерді тани білуге қатысты музыкалық-ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады.
|
Кейбір оқушылар:
Ұлттық би қимылдарымен танысады.
Әнге қимылдар салады, сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушыларды пікір талас диалогтарға қатыстыру.Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Пән лексикасы мен терминологиясы:
Қазақтың музыкалық аспаптары
Мұны мынадай жолмен жақсартуға болады...
Мен көріністі ... жолымен жақсартар едім.
Диалог жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Салт-дәстүр туралы не айтасың?
-«Бесік жыры» қандай ән?
-Қандай бөліктерін жақсартуға болады?
-Неліктен ... екенін айта аласың ба?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Оқушылар алдыңғы сабақтардан әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық сүйемелдеу құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып, қоршаған ортаның әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренеді.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
0-5
|
(МК,Т) Оқушылармен үш тілде сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! –Здравствуйте, дети! –Hello, children!
Ынталандыру сәті:
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз.
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.
(ОТ,Т)Аудиожазбада берілген «Қара жорға» әніне би билетуден бастау.
|
Аудиожазба
«Қара жорға»
(қазақтың халық әні)
|
Сабақтың ортасы
7-11
12-14
15-20
15-20
21-35
|
(Ұ,Қ ) Оқушыларды қазақ халқының жекелеген би қимылдарымен таныстыру. Оқушыларға әнді «суреттеуге» ұсыну.
Салт-дәстүр туралы оқулықтан оқып, талдау жасау.
-Жұлдызшамен бірге қазақ ауылына «бесік тойына» барайық.
Балалардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін ашу. Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша оқушылар әңгімесін ұйымдастыру.
(|Ұ)Үштілдік: бесік жыры-колыбельная-lullaby-қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйрену.
(МК,Қ) Музыка тыңдау: «Бір бала» (қазақтың халық әні)-жұмсақ, сазды, асықпай орындалады.Бала дүниеге келген кезде адамдар қуанып, бір-бірінен сүйінші сұрайды.
Оқушылар өздері көрген бала дүниеге келген кездегі қуаныш, адамдардың көңіл күйі, бесікке салу дәстүрі туралы әңгімелейді.
Сүйінші, шілдехана туралы мәлімет беру.
(МК,Ұ) Ән үйрену: «Бесік жыры»(қазақтың халық әні)
-« Ән қай кезде айтылады,оны форте орындауға бола ма?
-Неліктеп деп ойлайсың?
Сұрақ-жауап түрінднәңгіме өткізу. Ән ырғағын бесік тербетіп отырған қол қимылымен көрсетіп, орындату.
«Бір бала» мен «Бесік жыры» әндерін салыстыра отырып әндердің мағынасын, мазмұнын., ырғағын, дыбыстық үйлесімін анықтау, түсіндіру.
(Ж ) Curven қолдың жүйелік белгілерімен көрсетіп үйрету.
«Бесік жырының» ырғағын кішкентай сылдырмақ (қоңырау аспабымен) сүйемелдеп орындату.
(Ұ,МК,Қ). Дәстүрлі қазақ ертегісін оқу. Оқушыларға музыкалық аспаптарды пайдаланып ертегіге музыкалық сүйемелдеу қосуын тапсыру.
|
Салт-дәстүр туралы танымдық әңгіме
Ырғақ жазылған карталар «Бір бала»(қазақтың халық әні)
«Бесік жыры»(қазақтың халық әні)
Curven қолдың жүйелік белгілірінің кестесі
Ертегілір кітабы
|
Сабақтың соңы
35-45
|
(Ө,Ж,Қ)Сабақты қорытындылау үшін жеңіл, ырғақты сөздерді(фразаларды) таңдап алу, қол шапалақтау немесе ырғақты түрде тарсылдату және оқушыларға осыған сәйкес ырғақ жазылған карталарды табуын тапсыру. «Бесік жыры» әнінің ырғағын қол шапалақтаумен көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Әнді қайталау.
|
Аудиожазба
Ырғақ жазылған карталар
|