«Бақыт сыры» атты тренинг Мақсаты : оқушылардың «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері



Дата03.03.2020
өлшемі16,88 Kb.
#59457
Байланысты:
Бақыт

«Бақыт сыры» атты тренинг

Мақсаты : оқушылардың « Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Бақыт сыры туралы түсінік беру

  • Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдары үйрету;

  • Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу.



Жоспар:

  1. Таныстыру ( топқа ат қою, төс белгі)

  2. Пікірлесу;

  3. Сенің бақытты сәттері сыр шерту;

  4. Әріптер ойыны;

  5. «Суреттер сқйлейді» ойыны

  6. Сергіту сәті: Көрермендерге хат жолдау;

  7. «Бақыт символдары» қортынды

  8. Жүректен жүрекке.

  1. Таныстыру ( топқа ат қою, төс белгі)


  1. топ «Бақ», 2- топ «Қайрат».

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не ЕКенін кез – келген адамнан сұраңызшы, « мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Біз бақыт деген не? Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы – қасіреттің болдырмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны сезіне және бағалай білсе.

« Қанағат қарын тойғызады», – дейді халық философиясы. Ендеше, қанағат болған жерде бақыт та болады. Бақыт – бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осында!




  1. «Пікірлесу»

Сәби бақыты, ол– ….

Ата – ана бақытты, ол – …

Әйел бақытты, ол–…

Дәрігер бақыты, ол–…

Ер – азамат бақыты, ол–…

Ұлт бақыты, ол – …

Ұстаз бақыты, ол – …

Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң , өзің де бақытқа кеңелесің. Біреуге қарап жымисаң, ол да жымияды. Бұл Табиғат ананың ғажайып заңдарының бірі. Неғұрлым көп берсең, жерге сепкен әр тұқыммнан мың тұқым алатының сияқты, соғұрлым қайтымы көп болады. Берсең, міндет етпе. Алғаны үшін ол бір рет қуанса, бергенің үшін сен бірнеше есе қуанышқа бөленесің.

Адам жанына ең қажеті – өмірінің мәнді болуы, мақсат та сол үшін қажет. Мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым – қайғың өзінен – өзі тарап кетеді. Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатына жетер жолдағы шағын кедергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кезеңдерден қиналмай өтесің.

Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл– күйіме байланысты. Енденше, мен өз ойымды, яғни бақытымды басқара аламың.



  1. Ойлан тап.

Бұл ойынның шарты: суреттерге қарап тез әрі дұрыс мақал айту

Ақша, кітап, айна, бұзау,табақ,дос

  1. Сенің бақытты сәттерің;сыр шерту

Оқушылардың өз ойларын ортаға салады. Ә радам өзінің бақытты болуын армандайды. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылуы тиіс. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп жаны рақатқа бөленеді. Сол себепті де арман – тілектерді орындалған адамның бойында өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілігі мол болады. Әр істінің нәтижесіне қуана білген адамның бағы жанады. Бағы жанған адам сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің қзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Адамдар арасында қарым – қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір ниеті жаман адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бәсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақталастықтан сақ болуымыз керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышың, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа жетеді.

  1. «Әріптер ойыны»

А О Р Л Д Н

Е У Ъ Ц Ф Т

М С З Я Х В




  1. Сен қазіргі сәтте өзіңді қалай сезініп тұрсың?

  2. Сен адамдарға не сыйлар едің?

  3. Өзіңді еліміздің қандай азаматымын деп санайсың?

  4. Болашақта кім болғың келеді?

  5. Сенің сүйікті асың?

  6. Қандай аңды көргің келеді?

  7. Қала аттарын ата?

  8. Бақыт дегенді қалай түсінесің?


  1. «Суреттер сөйлейді».

Әр түрлі суреттер екі топтың ойыншыларына таратылады. Оқушылар суреттерді отырған көрермендерге мимика немесе жест арҚылы көрсетеді. Көрермен қандай сурет екенін тауып алады.

  1. Сергіту сәті: Көрермендерге хат жолдау.

Келген қонақтарға, ұстаздарға табақшада түрлі конвертер ұсынылады. Әр адам өзіне ұнаған түстегі конвертті алып ашады. Конверттің ішінде әр түстің мінездемесі жазылған.

  1. Бақыт символдары не?

Мұхтар Шахановтың « Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп санайтын жігітке арнау» өлеңін мәнерлеп оқу.

Жүректен жүрекке

Екі топтың оқушылары сайысқа түскен оқушыларға және көрермендерге өздерінің лебіздерін, ақ тілектерін айтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет