Сабақ. Тақырыбы: «Браузер. Браузермен жұмыс істеу.»



Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#79155
түріСабақ
Байланысты:
«Браузер. Браузермен жұмыс істеу.»
Остеомиелит КЗ, экология, Тапсырма 1, Тапсырма 3


Жаңа сабақ. 
Тақырыбы: «Браузер. Браузермен жұмыс істеу.»
Браузер (Қарап шығушы) -гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалықбейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т.б. жатады; Web-беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды.
Бірнеше браузер туралы айтатын болсақ,

  • Google Chrome — бұл Google компаниясының Chromium еркін браузері. Алғашқы beta-нұсқасы 2008 жылдың 2 қыркүйегінде Microsoft Windows-ке арналып шығарылды. Ал бірінші тұрақты нұсқасы - 2008 жылдың 11 желтоқсанында шықты.

Алты жыл бойы Google-дің бас директоры Эрик Шмидт үздік браузерді ойлап табу идеясын қолдамады. Ол Google-дің тек қана "кішкене компания" деп және де "браузерлер соғысына" қатысқысы келмеді. Компания негізін қалаушылары Сергей Брин мен Ларри Пейдж Mozilla Firefox браузерін жасаған бірнеше адамдарды ала отырып, Chrome-ның алғашқы түрін көрсеткеннен соң, Шмидт өз сөзінде «Оның керемет болғаны соншалық, өз ойымды өзгертуге тура келді»- деді.

  • Mozilla Firefox — еркін таратылатын веб браузер. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29,98%), ал еркін бағдарламалық қамтама ішінде бірінші орын алады. Файрфокс құрамында орфографияны тексеру, мәтін терілген кезде-ақ оны іздеуді бастау, RSS-ағымдарының интеграциясы, жүктеулер менеджері, "атып шығатын" терезелерді болдырмау, шолғышқа орнатылған кеңейтулерді автоматы түрде жаңарту қасиеттері бар.

  • Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) —Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі, 2002-2003 жж. аралығындағы ІЕ5 пен ІЕ6-ның жарық көрген мезгілінен бері бұл қолданымдық көрсеткіші шырқау шегіне жетті де, сонан бері қарай тұрақты төмендеу күйінде болды.

  • Opera (О́пера) — Opera Software ASA компаниясы шығаратын Интернетте жұмыс істеуге арналған веб-браузер және бағдарламалық пакет. Норвег компаниясы Telenor-мен 1994 жылы жасап шығарылған. Опера мини- интернеттегі не басқа кез-келген желілердегі веб парақтарын қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.

Сонымен, веб браузер дегеніміз интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған жүйе.

Іске қосу үшін: Іске қосу – Google Chrome командасын орындау керек






4. ТАПСЫРМА
1. www.google.kz cайтынан Интернет туралы реферат іздеу 
2. Республикалық «Жас алаш» газeтінің серверін тауып көрсетіңіз
3. https://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=16450 адресі бойынша сайтпен танысып көріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет