Тақырып ; Қ. Мырза әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қ.Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру,оқушылардың таным-дүниесін кеңейту,сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін жан- жақты жетілдіру, « қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін түсініп оқуға дағдыландыру.
2.Дамытушылық: оқушының тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту,ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлау,есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы арқылы дамыту;
3.Тәрбиелік: жас ұрпақты өз халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпын сыйлауға,аға өсиетіне адал,білімді болуға тәрбиелеу. қазақ халқының қонақжайлығын көрсете отырып,азаматтық борышын өтеуге, әдептілікке,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушылардың білімдерін бақылау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ «Қыз қуу» ойыны ретінде.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелесу, шығармашылық жұмыс, АКТ, жұмыс дәптері ,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география,ән-күй.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,психологиялық тренинг ,топқа отырғызу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Мұғалмнің кіріспе сөзі.
Балалар,бүгінгі сабақ ерекше өтетін болады. Бұл сабақта Қ. Мырза Әлінің « Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңімен танысамыз. Сабақты «Қыз қуу» ойыны түрінде өткізейік. Сынып 2 топқа бөлінеді:
- қыздар тобы, ұлдар тобы.
Ойынның шарты:
Егер ұлдар жеңсе,қыздарға біраз зеректік не тапқырлық жетпеді деп санаймыз.
Егер қыздар жеңсе,ұлдар қыздарды «Қыз қуу» ойында қуып жете алмады деп санаймыз.
Сабағымыздың ұраны: «Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт,ең бастысы үнсіз қалма»
I тапсырма:
Әр топтан 1 оқушы шығып Қ.Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп береді. Қайталанбау керек. Кластер құрастыру
II тапсырма.
Мақал-мәтел сайысы.
Бірінші топ мақалдың басын бастаса, екінші топ аяқтайды.
Мысалы: ұлдар тобы – Оқусыз білім жоқ,
қыздар тобы - Білімсіз күнің жоқ.
Қыздар тобы – Құтты қонақ келсе,
Ұлдар тобы - Қой егіз туады. Ұлдар тобы – Келгенше қонақ ұялады,
Қыздар тобы - Келгесін үй иесі ұялады. ( Тағыда 2-3 мақал қосуға болады. )
-Бұл мақалдарда не туралы айтылады?
- Қонақ күту , қонақты қарсы алу адамдардың қандай қасиетіне жатады?
-Қонақжайлылық қазақ халқына тән қасиет пе?
- Сөздеріңді дәлелдеңдер
Мұғалімнің сөзі; Олай болса бүгінгі сабақта біз Қадыр атамыздың қазақ халқының тамаша өсиеттері туралы жазған өлеңімен танысамыз.
Өлеңді оқу:
I-топқа;
1-Өлеңде қазақ халқының қандай ұлттық ойындары аталады? Сол ойындар туралы не білесіңдер?
2- 1,2,3,4 шумақтарында қазақтарға тән қандай қасиеттер туралы жазылған?
3- Қазақ халқының басқа халықтарды жатсынбайтыны туралы ой қозғаңдар.
II- топқа;
5,6,7,8,9 шумақтарында қазақтарға тән қандай қасиеттер туралы жазылған?
Қазақтың тойларыңда болып көрдіңдер ме? Сол туралы айтып беріңдер
Қонақ күту дәстүрі туралы көрініс дайындаңдар.
VI. бес жол өлең жазады.
1зат есім (Қазақ)
2 сын есім ( қонақжай, өнерпаз,ақкөңіл )
3 етістік той жасайды, өкпелеп қалады
4 сөйлем-
5 зат есім- (1-ші сөзге сәйкес) халық (25 минут)
Сабақ қорытындысы. Мұғалім:
- Осымен ойын-сайыс сабағымыз аяқталады. Ұлдарда да, қыздар да сабаққа белсенді қатысты.
VII.Рефлексия. « Табыс баспалдағы»
VIII.Оқушылардың ой- пікірін білу
Табыс баспалдағы стратегиясын өткізу
* Бағалау. Бағалау парақ арқылы (5 минут)
*Үйге тапсырма: * Келесі сабақ «Олжас Сүлейменов» тақырыбына байланысты алдын ала тапсырмалар:
1. Олжас Сүлейменотың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасау.
2. О.Сүлейменовтың қоғамдық қызметі туралы,яғни «Невада –Семей» халықаралық қозғалысының
төрағасы ретінде атқарып кележатқан жұмысы туралы баяндама.
Достарыңызбен бөлісу: |