А.Т. Курбанова, № 6 жалпы орта білім беру мектебі
Қаныш Сәтбаев
Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.
Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.
Қ.И. Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған. (96 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Академик Қаныш Имантайұлының бес томдық таңдамалы еңбектері қай жылдары жарық көргенін белгілеңіз.
А) 1968-1970
В) 1967-1970
С) 1969-1970
Д) 1970
Е) 1968
2. Мәтіннен алынған сөйлемді аяқтаңыз. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы ...................
А) дұрыс жауап жоқ
В) көптеген тілдерде шықты
С) қазақша шықты.
Д) орысша шықты.
Е) орысша, кейін қазақша шықты.
3. 1967-1970 жылдары жарық көрген кітаптарын белгілеңіз.
А) 7 томдық таңдамалы еңбектері
В) Бес томдық таңдамалы еңбектері
С) төрт томдық таңдамалы еңбектері
Д) үш томдық таңдамалы еңбектері
Е) 9 томдық таңдамалы еңбектері
4. Қаныш Сәтбаев атымен аталған қала қай облыста орналасқанын көрсетіңіз.
А) Павлодар
В) Ақмола
С) Алматы
Д) Жезқазған
Е) Талдықорған
5. Берілген сөйлемді аяқтаңыз. Қ.И. Сәтбаев құрметіне .................... мұздық пен шың аталған.
А) Алатауы жотасындағы
В) Жоңғар жотасындағы
С) Алатауда
Д) дұрыс жауап жоқ
Е) Жоңғар Алатауы жотасындағы
Зырян
Зырян – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ол 1941 жылы кенді Алтайдың орта бөлігіндегі табиғаты көркем жерде құрылған. Қала іргесінің қалануы 1791 жылы жұмысшы Г.Г.Зыряновтың осы өңірден полиметалл кенін ашу тарихымен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысы жылдары Зырян майдан үшін өте қажет болған қорғасын, мысты көптеп жіберді. Қазіргі Зырян – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі. Зырян полиметалл кені, Зырян қорғасын комбинаты осында. Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, 1977 жылы құрылған.
Аудан жері кенді Алтай мен Оңтүстік Алтайдың аралығындағы тауаралық аңғарлар мен аласа тауларды қамтиды. Оңтүстік, оңтүстік-батысында Бұқтырма бөгенімен шектелген. Жер қойнауынан қорғасын, мыс, мырыш, алтын, күміс, т.б. табылды. Климаты тым континентік, қысы ұзақ, аязды, жазы жылы (105 сөз).
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Сөйлемді аяқтаңыз. Зырян – ................. қала.
А) Батыс Қазақстан облысындағы
В) Оңтүстік Қазақстан облысындағы
С) Солтүстік Қазақстан облысындағы
Д) Шығыс Қазақстан облысындағы
Е) Батыс-Шығыс Қазақстан облысындағы
2. Сөйлемді мәтін мазмұнына қарай сәйкестендіріңіз. Зырян ...... жылы кенді Алтайдың орта бөлігіндегі табиғаты көркем жерде құрылған.
А) дұрыс жауап жоқ
В) 1941
С) 1942
Д) 1946
Е) 1950
3. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз. ...................Зырян майдан үшін өте қажет болған қорғасын, мысты көптеп жіберді.
А) Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін
В) Ұлы Отан соғысы жылдары
С) Ұлы Отан соғысы жылдарынан бұрын
Д) дұрыс жауап жоқ
Е) бейбітшілік жылдары
4. Сөйлемді аяқтаңыз. ................... – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі.
А) Павлодар
В) Ақмола
С) Алматы
Д) Жезқазған
Е) Қазіргі Зырян
5. Сөйлемді аяқтаңыз. Климаты тым ............................
А) континентік
В) қысы ұзақ, аязды, жазы жылы
С) континентік, қысы ұзақ, аязды, жазы жылы
Д) аязды, жазы жылы
Е) жазы жылы
Банктік жүйе
Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.
Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.
Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.
Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.
Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады. (106 сөз).
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Дұрыс сөйлемді белгілеңіз
А) Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді.
В) Банктік жүйе бизнес құрылымына енеді.
С) Банктік жүйе ақша құрылымына енеді.
Д) Банктік жүйе жұмыс құрылымына енеді.
Е) Дұрыс жауап жоқ
2. Банктердің мемлекеттік деңгейімен қатар тағы басқа деңгейін белгілеңіз.
А) дұрыс жауап жоқ
В) коммерциялық банктер
С) жеке меншік
Д) бизнестік
Е) бәрі дұрыс
3. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз. Коммерциялық банктер, негізінен, ...................
А) халыққа қызмет етеді.
В) халықпен жұмыс істемейді
С) мемлекетпен жұмыс істейді
Д) дұрыс жауап жоқзейнеткерлермен жұмыс істейді
Е) басқа елдермен жұмыс істейді
4. Сөйлемді аяқтаңыз. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы .................... тікелей байланысты.
А) бизнесмендерге
В) зейнеткерлерге
С) жұмыскерлерге
Д) шет елдерге
Е) экономистерге, банкирлерге
5. Сөйлемді аяқтаңыз. Банктер несие саясатын.............................
А) қамтиды
В) ұнатады
С) қадағалайды
Д) жүргізеді
Е) жүзеге асырады
Отбасы – тәрбие бастауы
Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. Осы бір қанатты сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Себебі, бұл шынайы өмірден алынған. Әрбір ата-ана баласының өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан тәрбиелі, заман талабына сай азамат болып өскенін қалайды. Ата-ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. «Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман бала болса солардан», - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-ана өз баласының тәрбиесі үшін, ел, халық алдында жауапкер. Бала аяғын тәй-тәйлап басқаннан бастап- ақ, ата-анасымен, отбасындағы басқа жандармен қарым-қатынаста болып, тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді үйренеді. Сондықтан отбасында күнделікті болып жатқан оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесу, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, қонақ қабылдауды- бәрі балаларға тікелей әсер етеді. ( 109 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Мәтіннен алынған сөз тіркесін аяқтаңыз. Баланың жақсысы – ...........
А) қызық
В) ақылды
С) тәрбиелі
Д) жақсы
Е) мәдениетті
2. «Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман бала болса солардан», - деп айтқан ақынды көрсетіңіз.
А) Жүсіп Баласағұн
В) Абай Құнанбаев
С) Мұхтар Әуезов
Д) Мұқағали Мақатаев
Е) Шал ақын
3. Мәтін бойынша сөйлемді аяқтаңыз. Бала аяғын тәй-тәйлап басқаннан бастап- ақ, ата-анасымен, отбасындағы басқа жандармен қарым-қатынаста болып, ..............
А) тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді үйренеді.
В) тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жаман қасиеттерді үйренеді.
С) тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы қасиеттерді үйренеді.
Д) тәрбие арқылы ересектердің бойындағы адамгершілік қасиеттерді үйренеді.
Е) дұрыс жауап жоқ
4. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс сөйлемді белгілеңіз.
А) Ата-ана өз баласына немқұрай қарау керек.
В) Ата-ана өз баласына үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
С) Ата-ана өз баласына жай қарау керек.
Д) Ата-ана өз баласына дұрыс қарау керек.
Е) Ата-ана өз баласына мейіріммен қарау керек
5. Сөйлемді аяқтаңыз. Әрбір ата-ана баласының өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан тәрбиелі, .....................
А) заман талабына сай азамат болып өскенін қалайды.
В) заман талабына сай тәрбиелі азамат болып өскенін қалайды.
С) заман талабына сай ақылды азамат болып өскенін қалайды.
Д) заман талабына сай жақсы азамат болып өскенін қалайды.
Е) заман талабына сай беделді азамат болып өскенін қалайды.
Компьютерде ақпараттар қалай сақталады?
Компьютерге енгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – жады. Жады процессорға орнатылады. Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған. Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас. Алайда олардың айырмашылығы үлкен. Адам жадында қайбір нәрселер ұмытылуы немесе шатасуы мүмкін болса, компьютер жадында барлық нәрсе сол қалпында және тұрақты сақталады.
Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және тұрақты жадыдан құрылады. Жады компьютердің қатты табақ жадында болады. Оның сыйымдылығы үлкен болғанмен, ақпараттарға толып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін бір тәсіл бар. Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек. Ал өзімізге керек болғанда, дискетті ендіріп, компьютерге ашып оқу бұйрығын береміз.
Компьютер жадында нұқсан келтіретін жағдайларды естен шығармау керек. Кейбір шағын көлемді бөгде бағдарламалар өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді. Оны ақпараттық вирус деп атайды. Керексіз ондай вирустар компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады (115сөз).
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Сөйлемді аяқтаңыз. Компьютерге енгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – ............. .
А) жады
В) жүйелік блок
С) монитор
Д) диск
Е) блок
2. Сөйлемді мәтін мазмұнына қарай сәйкестендіріңіз. Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және ...............жадыдан құрылады.
А) қалыпсыз
В) бірқалыпты
С) тез арадағы
Д) тұрақты
Е) стандартты
3. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз. Жады компьютердің .............. табақ жадында болады.
А) қатты
В) жұмсақ
С) әр түрлі
Д) дұрыс жауап жоқ
Е) барлық жауап дұрыс
4. Ақпараттық вирустың компьютерге ену жолдарын көрсетіңіз.
А) енбейді
В) арнайы енгізіледі
С) кейбір кезде
Д) өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді
Е) дұрыс жауап жоқ
5. Ақпараттық вирустың компьютерге әсерін көрсетіңіз.
А) әсер етпейді
В) мүмкін бұзатын шығар
С) біраз өзгерістер енгізеді
Д) компьютержұмысы оған тәуелсіз
Е) компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады.
Қазақстан
Арғы тегі ғұндар, сақтар, скифтер деп аталатын қазақ халқы көптеген ғасырлар бойы туған жерін қорғау үшін күресіп келеді. Халқымыз Алтай мен Еділ, Тянь-Шань мен Сібір аралығын алып жатқан орасан зор аймақты сақтап қалды.
Қазір қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан республикасы құрылған. Біздің республикамызды дүниежүзі елдері таныды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше.
Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтардың өкілдері өзара түсіністікте өмір сүруде. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді. Қазақ халқы осы достықтың ұйытқысы болып табылады.
Біздің елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сонымен бірге Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады. Өзінің Отанын, туған жерін гүлдендіру үшін еңбек етеді. Қазақстан азаматы Қазақстан республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата Заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді (120 сөз).
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Мәтін мазмұны бойынша қазақ халқына кімдер кіретінін көрсетіңіз.
А) сақтар, ғұндар, скифтер
В) қазақтар
С) орыстар
Д) сақтар
Е) ғұндар
2. Мәтіннен алынған сөйлемді аяқтаңыз. Қазақстан азаматы ............... .
А) Қазақстан республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата Заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді.
В) Қазақстан республикасының тәуелсіздігін құрметтейді.
С) Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтейді.
Д) Қазақстан республикасының Ата Заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді
Е) Қазақстан республикасының мәдениетін құрметтейді
3. Мәтін бойынша сәйкес келетін сөздерді таңдаңыз. Қазақ халқы осы достықтың ........... болып табылады.
А) ұйытқысы
В) бастамасы
С) негіздемесі
Д) бастауы
Е) дұрыс жауап жоқ
4. Мәтіннен алынған сөйлемді аяқтаңыз. Сонымен бірге Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, .............
А) өз халқының мәдениетін дамытады.
В) мәдениетті дамытады
С) мәртебесін дамытады
Д) болашағын жақсартады
Е) тілін дамытады
5. Мәтінде Қазақстан қай ұйымға мүше екенін белгілеңіз.
А) оон
В) Біріккен ұлттар ұйымы
С) ұйымға кірмейді
Д) халықаралық
Е) халықаралық валюта қоры
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты (122 сөз).
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Сөйлемді аяқтаңыз. Енді ................ сұрау үшін достарын іздейді.
А) көмек
В) қолғабыс
С) дұрыс жауап жоқ
Д) бәрі дұрыс
Е) бірнәрсе
2. Сөйлемді аяқтаңыз. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, ..........................
А) алдынан достары кездеседі
В) алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті
С) жаулары кездеседі
Д) екі досы кездеседі
Е) дұрыс жауап жоқ
3. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз. Құмырсқа қайта ................... қосылады.
А) тобына
В) үйіріне
С) табынына
Д) ұясына
Е) орманға
4. Сөйлемді аяқтаңыз. Достары көмектеседі де, ....................... бірігіп көтеріп алып кетеді.
А) дәнді
В) бидайды
С) тарыны
Д) күрішті
Е) ұнды
5. Сөйлемді аяқтаңыз. «Жаңа достың ............. ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
А) қадірі
В) маңызы
С) пайдасы
Д) дұрыс жауап жоқ
Е) бәрі дұрыс
Әлкей Марғұлан
Әлкей Хаканұлы Марғұлан – белгілі қазақ ғалымы. Марғұлан Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салты мен өнерін зерттеді.
1945 жылы «Хандар тарихының тарихи-әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл көне қыпшақ зерттеудегі құнды еңбек. Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» деген еңбек жазды.
Марғұлан тарих, археология, әдебиет, өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми – зерттеу жұмысының, 100 – ден астам энциклопедиядық мақалалардың авторы.
Әлкей Марғұлан Шоқан Уәлиханов жазып алған «Манас» жырының бөлігін қазақ тілінде жариялады. Сонымен қатар 1971 жылы «Шоқан мен Манас» атты монографиялық еңбегін жазды (125 сөз).
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Сөйлемді аяқтаңыз. Әлкей Хаканұлы Марғұлан – белгілі қазақ ............... .
А) ақыны
В) адамы
С) ғалымы
Д) тарихшы
Е) дұрыс жауап жоқ
2. Сөйлемді мәтін мазмұнына қарай сәйкестендіріңіз. Адайлар мен Наймандардың .............................
А) дұрыс жауап жоқ
В) әдет-ғұрпын, тұрмыс-салты мен өнерін зерттеді
С) кітаптарын
Д) жерлерін
Е) ғылыми еңбектерін
3. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз. 1945 жылы «Хандар тарихының тарихи-әлеуметтік мәні» деген тақырыпта ................... қорғады.
А) кандидаттық диссертация
В) дипломдық жұмыс
С) реферат
Д) дұрыс жауап жоқ
Е) баяндама
4. Сөйлемді аяқтаңыз. Сонымен қатар 1971 жылы ................... атты монографиялық еңбегін жазды
А) «Шоқан мен Манас»
В) «Шоқан»
С) «Манас»
Д) «Монография»
Е) «Манас жыры»
5. Сөйлемді аяқтаңыз. Марғұлан тарих, археология, әдебиет, өнер тарихынан ............................ ғылыми – зерттеу жұмысының, 100 – ден астам энциклопедиядық мақалалардың авторы.
А) 300-ден астам
В) 400-ден астам
С) 500-ден астам
Д) 200-ден астам
Е) 100-ден астам
Мамандық
Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.
Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.
Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.
Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады. (135 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Мәтін мазмұны бойынша 1-ші сөйлемді аяқтаңыз. Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің .................
А) тілегі
В) міндеті
С) арманы
Д) мақсаты
Е) дұрыс жауап жоқ
2. Сөйлемді мәтін мазмұнына қарай сәйкестендіріңіз. «.................адам қанатсыз құспен тең» дейді халық.
А) Армансыз
В) дұрыс жауап жоқ
С) қабілетсіз
Д) мамандықсыз
Е) бәрідұрыс
3. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді аяқтаңыз. ................... білімге жетелейтін ұстаз болу.
А) Шәкірттерді
В) балаларды
С) оқушыларды
Д) дұрыс жауап жоқ
Е) мұғалімдерді
4. Сөйлемді аяқтаңыз. Болашаққа................... тура жол бала шақтан басталады.
А) жетелейтін
В) алға сүйрейтін
С) апаратын
Д) бәрі дұрыс
Е) дұрыс жауап жоқ
5. Сөйлемді аяқтаңыз. Жақсы маман болу үшін.............. .
А) еңбек ету керек
В) жұмыс істеу қажет
С) дұрыс жауап жоқ
Д) оқу керек
Е) жазу керек
Наурыз тойы
Бұл мейрам көктемде күн мен түн теңеліп, халық алты ай қыстың қыспағынан әзер шыққан, Жер-Ана иіп, мал жанның жадырайтын шағында өтеді. Зеңгі бабаның арқасынан күн өткен, кейбір желіктері күлтөбені мүйіздеп, көктемге қалғып-шұлғып жеткендері суға сілейіп ап, күншуақ-күншуақта ораза ұстап тұратын кезі. Жылы жақты қыстап қайтқан тырналар да көген-көген болып келе бастайды. Шулап шүрегейі, қынқылдап қазы келеді. Жерде насыбайға салатын қар қалмайды. Көде көжеленіп, қараған мен бүрген қызыл сары сырғаларын таға бастайды. Арық жағалауында тебіндеп, қаулап шыға бастаған көк мұраттарына тіс тиеді. Енесінен тамақ дәметкен сап-сары балапан құсап жауқазын бас жарады. Жан-жануар, аң мен құстың жаңа тіршілігі басталады. Мал төлдеп, құс жұмырт- қалайды, жеміс-жидек, жер мен ағаш көктейді. Былайша айтқанда, Жаңа Жылда бәрі де жаңарып, жаңғырады.
Бұл жер бетіндегі көктем әкелген бірінші жаңалық болса, екіншісі іле-шала көкек пен маусымда жер желкілдеп, көк жиденің жұпар иісі аңқиды.
Жұрттың аузы аққа тиетін, күннің нұры шуақтана бастаған шақта келетін Наурыз мейрамы кезінде адамдар бір-біріне өте бір қайырымдылық танытып, өкпе-ренішін ұмытып, ізгі тілектер айтысып жатады. Наурыз көже ішіліп, бұдан былайғы күндер тоқшылық пен қуанышқа ұлассын деген ізгі тілекпен жұрт ойын-сауық құрады.
(175 сөз).
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
А) Наурызда күн ұзарады.
В) Наурызда күн қысқарады.
С) Наурызда түн ұзарады
Д) Наурызда түн қысқарады.
Е) Наурызда күн мен түн теңеледі.
2. Сөйлемді мәтін мазмұнына қарай таңдаңыз.
А) дұрыс жауап жоқ
В) аң мен құстың жаңа тіршілігі басталады
С) ештене өзгермейді
Д) құстар жылы жақтан келеді
Е) аңдардың жаңа тіршілігі басталады
3. Мәтін мазмұны бойынша сәйкес келетін сөз тіркесін таңдаңыз.
А) ізгі тілектер айтысып жатады
В) адамдар бір-біріне өте бір қайырымдылық танытады
С) өкпе-ренішін ұмытып
Д) дұрыс жауап жоқ
Е) барлық жауаптар дұрыс
4. Сөйлемді аяқтаңыз. ..................., құс жұмыртқалайды, жеміс-жидек, жер мен ағаш көктейді.
А) Мал төлдеп
В) Күн жылынып
С) Ауа райы жылынып
Д) Жылынғанда
Е) Жылы болғанда
5. Мәтіннен алынған сөйлемді аяқтаңыз. Жаңа жылда бәрі де жаңарып, ............ .
А) жаңғырады
В) жақсарады
С) көгереді
Д) жылынады
Е) дұрыс жауап жоқ
Мәтіндер
|
Мәтін сұрақтары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
В
|
Е
|
В
|
Д
|
Е
|
2
|
Д
|
В
|
В
|
Е
|
С
|
3
|
А
|
В
|
А
|
Е
|
Е
|
4
|
А
|
А
|
А
|
В
|
А
|
5
|
А
|
Д
|
А
|
Д
|
Е
|
6
|
А
|
Д
|
А
|
А
|
В
|
7
|
А
|
В
|
В
|
А
|
А
|
8
|
С
|
В
|
А
|
А
|
А
|
9
|
Д
|
А
|
А
|
С
|
А
|
10
|
А
|
В
|
В
|
А
|
А
|
Достарыңызбен бөлісу: |