Мектептің әлеуметтік педагогінің жылдық жұмыс жоспары Әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты



Дата08.10.2023
өлшемі23,42 Kb.
#184191
Байланысты:
мектеп социолог (2)


Мектептің әлеуметтік педагогінің жылдық жұмыс жоспары
Әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларымен,ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар қиын, құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру,отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларды, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, девиантты балаларды, «қатерлі» тобына жататын балаларды, бейберекетті отбасыларды анықтау, олар туралы мәліметтер жинау, құжаттарымен жұмыс істеу.
Міндеттері:
1.Оқушылардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін, қиындықтарын және проблемаларын, мінез-құлығында және дамуда ауытқуды, әлеуметтік ортаға бейімделуді анықтау
2.Әлеуметтік, педагогикалық көмекті және қолдауды қажет ететін оқушыларға уақытылы көмек көрсету.
3.Окушының жеке тұлғасы және мекеме, отбасы, орта, түрлі қызметтер мен ведомстволардың мамандары арасындағы делдалдық.
4.Әлеуметтік ынтаны дамытуға, әлеуметтік бағдарламалар және жобаларды іске асыруға бағытталғаніс-шаралар ұйымдастыру.
5.Жеке тұлғаның мектепте, отбасыда, қоршаған әлеуметтік ортада психологиялық жайлылық және қауіпсіздік жағдайын жасауға көмектесу.
Чаполеплб





Атқарылатын іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1


-Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспарын құру;


-«Қамқоршылық» кеңесінің құрамын, жоспарын бекіту;
-Білім беру мекемесінде әлеуметтік ұстаздың іс-әрекетін реттемелейтін бағыттары мен құжаттарды дайындау.

Тамыз


Әлеуметтік педагог



2


-Мектептегі әлеуметтік жағдайды зерттеп білу және талдау (жалы нашар отбасылар, табысы аз отбасылар, жетім балалар,) қорын жинау, отбасындағы жағдайын білу мақсатымен олардың үйлеріне бару ;
-Мектепке келген оқушыларға әлеуметтік диагностика жасау;
-Әлеуметтік қамқорлықтағы балаларды оқулықпен қамтамасыз ету;
-Балаларды қорғау бұрышын ұйымдастыру;
-Мектеп асханасынан арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушыларды анықтау;
-Мектеп оқушыларының әлеуметтік картотекасын жасау.
А) тұл жетім,жартылай жетім балалар тізімі;
Б)көпбалалы отбасы балалар тізімі;
В)оралман оқушылардың тізімі;
Г)аз қамтамасыз етілген оқушылар тізімі;
Д)үйде оқытылатын оқушылар тізімі,
Е)тәртібінде ауытқуы бар оқушылар тізімі,
-ҚББ сарапшыларына осы мағлұматтарды тапсыру;

Қыркүйек

1 апта
2 апта

3 апта
3 апта


4 апта

4 апта


Сынып жетекшілері


Әлеуметтік педагог


ітапханашы
Асхана
қызметкерлерімен
Әлеуметтік педагог

Әлеуметтік педагог



3


-Оқушыларға жүргізілген диагностикалық жұмыстың нәтижелерін сынып жетекшілеріне таныстыру;
- Мүмкіндігі шектеулі,үйде оқытылатын оқушылармен жұмыс ұйымдастыру;
-Әр сыныпқа әлеуметтік диагностикалық куәлік (паспорт) жасау;
-Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын-алуға арналған тренингтер мен дебаттар өткізу;
-Мектеп жоспарына байланысты педагогикалық кеңестерге, отырыстарға, педконсилиумдарға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, т.б. қатысу.
-Аз қамтамасыздандырылған отбасы балаларының және жетім балалардың үлгерімдерін бақылау:
-күнделік, дәптер, оқулықтарын тексеру
-пән мұғалімдерімен әңгімелесу;
-Әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар арасынан мектепте бір мезгіл ыстық тамаққа уақтылы баруын қадағалау, құжаттарын жинақтау, тұрмыс жағдайын тексеру;
-Мектеп оқушыларының қоршаған ортасының дамуына бақылау мониторингін жасау;

Қазан

Жоспар бойынша

1 апта

2 апта
2 апта
3 апта

3 апта

Үнемі


Әлеуметтік педагог


Сынып жетекшілерімен
Тәлімгерлер

Әлеуметтік педагог


Әлеуметтік педагог

4

-Мектеп оқушыларының қоршаған ортасының дамуына бақылау мониторингін жасау;
-Тәуекел тобындағы балалармен жұмыс проблемалары бойынша мұғалімдерге және сынып жетекшілерімен кездесуді ұйымдастыру: 
а) «Нормативтік-құқықтық база және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау»
8-11 сыныптар;
б) «Тәуекел тобындағы балалармен жұмыстың ерекшеліктері» 8-11 сыныптар
- Әлеуметтік және психологиялық көрсеткіштерге байланысты тәуекел тобына жататын балаларды анықтау (оқушының әлеуметтік және психологиялық жағдайын диагностикалау)
- Аз қамтамасыздандырылған отбасы балаларының және жетім балалардың үйірмелерге, спорт секцияларына,факультативтер ге қатыстыру;
-«Алтын күз» жәрмеңке.Жетім,жартылай жетім балаларға көмек көрсету мақсатында.

Қараша
1 апта

2 апта
3 апта


4 апта




Әлеуметтік педагог
Сынып жетекшілермен
Тәлімгер



5

-Әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілерін жүргізу;
- Оқушылардың отбасылық жағдайын талдау және мониторингін құру;
-Оқушылардың сабақтан босатуларын жүйелі бақылауға алу:
Босатушылықты есепке алу журналын жүргізу
- 1 сабакта күнделікті сыныптарды аралау
- 3 күннен аса босатқан оқушылар жөнінде әкімшілікті ескертіп отыру
- Сынып жетекшілерінің босатушылық жөнінде апта сайынғы есебі;
- «Өмір қымбатсың маған!» СПИД-ке, наркоманияға қарсы апталық ұйымдастыру;
- ЖҚҰ жұмысы .
Ата-аналармен « Жасөспірім және заң» тақырыбына байланысты;
-құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық бұзушылық кеңесінің отырысын өткізу;
-Жаңа жылдық шыршаға әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды сыйлықпен қамтамасыз ету;

Желтоқсан
1 апта
2 апта

3 апта

4 апта



Әлеуметтік педагог
Сынып жетекшілермен
Әлеуметтік педагог,
Педагог-психолог,
Сынып жетекшілер

Педагог-психолог


Әлеуметтік педагог



6


- Аз қамтамасыздандырылған жанұядан, көпбалалы жанұядан шыққан, жетім балалардың жасөспірімдердің үй-жайларын қарау мақсатында пәтерлеріне бару, ата-аналармен, қамқоршыларымен әңгімелесу;
-Оқушылармен әлеуметтік – психологиялық жұмыстар жүргізу;
-Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару;
- Мінез-құлқы қиын оқушылармен түзету дамыту жаттығуларын жүргізу;
- Ата-аналар олардың балалары арасындағы түсініспеушіліктер туралы кеңестер ұйымдастыру. Проблемасы бар отбасына психалогиялық көмек көрсету.
- «Мен және жанұям» тақырыбында 7 -сыныптарға семинар сабақ өткізу;

Қаңтар

Жоспар бойынша

1 апта
2 апта


3 апта

Үнемі
4 апта



Әлеуметтік педагог


Педагог-психологтар


Педагог-психологтар мен

Тәлімгер


7

-Мектепішілік есепте тұратын қиын құқықбұзуға бейім оқушылардың тізімін анықтау және әлеуметтік жұмыстармен тұрғын жай актін жасау;
-Қолайсыз отбасыларды анықтау және рейд жүргізу;
-Ата-аналармен « Жасөспірім және заң» тақырыбына байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық бұзушылық кеңесінің отырысын өткізу;
-10-11 сынып оқушылар арасында өзін-өзі тануды және қадағалауды дұрыс қалыптастыруға әлеуметтік педагогикалық дәрістік сабақтар өткізу;

Ақпан
Үнемі
2 апта

3 апта

4 апта


Әлеуметтік педагог
Сынып жетекшілері

КТЖБИ қызметкерлері


Сынып жетекшілерімен

8

-Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау мақсатында кездесулер ұйымдастыру;
-5-6 сыныптар арасында әлеуметтік диагностикалық жұмыстар жүргізу және анализ жасау;
-Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілердің материал жинауына көмек көрсету;
- Ата-аналар олардың балалары арасындағы түсініспеушіліктер туралы кеңестер ұйымдастыру. Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек көрсету.

Наурыз

2 апта
3 апта


Үнемі

Жоспар бойынша


4 апта



Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілермен


Әлеуметтік педагог



9

-Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға «Қамқорлық»акциясын ұйымдастыру;
-7-8 сынып оқушыларының әлеуметтік диагностика жұмыстарын жүргізу;
-11 сынып оқушыларымен
ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын және әлеуметтік бейімделу диагностикасын жасау;
-Оқушылардың әлеуметтік мұқтаждықтарын анықтау мақсатында сауалнама алу;

Сәуі

2 апта
3-4 апт


4 апта

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілермен


Әлеуметтік педагог



10

-Қалалық ,облыстық семинарларға қатысу;
-9-11 сынып оқушыларымен жеке кәсіби бағыттау жұмысын жүргізу;
-Сынып жетекшілеріне педагогикалық көрсеткіштердің қорытындысындағы кемшіліктерді түзетуге ұсыныстар жасап кеңес беру;
-Келесі оқу жылында кемшіліктер жібермеу үшін мектептің өткен оқу жылындағы қызмет жұмыстарын талдау;
-Жаңа оқу жылының ата-аналары жиналысында тақырыптар құру;
-Жазғы демалыс лагерлерін ұйымдастыру және ата- аналармен кездесу;
Әлеуметтік педагог қызметінің жылдық жұмыс нәтижесінің қорытынды есебін жасау.

Мамыр
Жыл бойы

1 апта

2 апта
3 апта

3 апта

4 апта



Әлеуметтік педагог

Әлеуметтік педагог



Әлеуметтік тәрбие – бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдар, бірлестіктер т. б) тарапынан болатын істер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет