Абай Құнанбайұлы туралы эссе



Дата19.05.2023
өлшемі19,6 Kb.
#177192
Байланысты:
Документ (копия) (копия)


  1. Абай Құнанбайұлы туралы эссе

Абай Құнанбайұлы - қазақ халқының данышпан тұлғасы, жарық жұлдызы.Ол 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келеді. Ақын өз заманынан ерекше зерек, білімпаз болып, халықты да осыған шақырған. Оны тек қазақ жұрты ғана емес, көптеген өзге ұлт өкілдері де таниды.
Абайды қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. Ол өз шығармаларын ғана жазып қоймай, орыс және еуропа әдебиеттерін оқып, қазақ тіліне аударған. Абайдың әкесі Құнанбай өз заманында беделді басқарушы, ақсүйектердің бірі болды. Сондықтан да ол баласы Абайды билік ісіне араластырып, осы жолда болғанын қалады. Алайда, кішкентай кезінен зеректігімен көзге түсіп, үнемі ілім-білім қуған Абай 28 жасында ел ісіне араласудан бас тартады. Абайдың бүгінгі күнге дейін сақталған 170-ке жуық туындылары мен 50-ден аса аудармалары бар. “Ғылым таппай мақтанба”,”Масғұт”,«Қалың елім,қазағым,қайран жұртым», “45 қара сөз” сынды туындылары мектептегі оқушыларға дәріптеледі.
Ұлы ақын жастайынан көпті көрген әжесі Зеренің қолында өсіп, тәрбиеленген. Абайдың дүниетанымы, рухани болысы, гуммандық көзқарасы өз замандастарынан ерекше болды.Менің ойымша ақынның осындай болып өсуіне әжесі Зеренің көп еңбегі бар.
Абайдың философиядағы даналық дүниетанымының бай болғандығының дәлелі ретінде ақынның “45 қара сөзін” алуға болады. Бұл ақынның көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі болып саналады. Егер бұл қара сөздерді басынан бастап оқып, мән-мағынасын терең ұғынсақ біз әлемге деген көзқарасымызды өгерте алушы едік. Алайда, ғұламаны өз заманында көбісі түсіне алмады. Хакім Абайдан:
-Бұл өмірде кімнен, неден жеңілдіңіз?- деп сұрапты. Сонда Ұлы Абай Құнанбайұлы “Сөз ұқпайтын ақымақтан күнде жеңілемін” деген екен. Оның сол уақыттағы өзінің елі туралы, айналасындағы адамдар туралы ойын осы қара сөздерден көруге болады. Абай ел-жұртты ғылымға, адамгершілікке шақырып, надандықтан бездіруді, береке- бірлікке шақыруды ниет етті.
Абай атамыз тек өз заманының ғана емес, мыңдаған ғасырдың данасы, ұлы тұлғасы.Ол ұлтымыздың рухани ұстазы екені сөзсіз. Қазақ халқының тарихында терең із қалдырған тұлғаның туындылары бүгінгі күнге дейін сақталып, жетіп отырғанына өте қуаныштымын!



  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы эссе

Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақ халқының дүниетанымының кеңеюіне ат салысып, тарихта ерекше орын алатын тұлғалардың бірі. Ол жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек етті.
Дара тұлғаның әкесі Құдайберді-ұлы ақын Абайдың ағасы. Сондықтан да, Шәкәрім жастайынан Абайдың қамқорлығында болып, үлгі-өнегесіне қанық болып өседі. Оның білімді, кемеңгер әрі дана болып өсуіне Абайдың әсері зор. Себебі Шәкәрім Абайды бала кезінен бастап өмірлік үлгі, өнеге етті. Тіпті Шәкәрімді Абайдың философиялық лирикасын жалғастырған бірден-бір тікелей шәкірті десек еш артық етпес.
Ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы кемел адам, оның адами қасиеттер туралы пайымы, дүниетанымы ерекше. Оның жазып қалдырған, бүгінге дейін жеткен туындылардың барлығы осы ойдың айқын дәлелі.Шәкәрімнің тағдырлы ғұмыры секілді, әр өлеңі мен еңбегінің айтар ойы ұшаң-теңіз. Ақын ар-ұят, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, ешкімге қиянат жасамады. Өз шығармаларында ел-жұртты адамзатқа ортақ мүддені қорғауға, “адам” деген ұлы ұғымды қор етпеуге шақырады. Адамдардың адамгершілігін жоғалтпай, ар-ұжданын таптамағанын қалап, өз шығармаларында философиялық тұрғыда талдады. Алайда оның ғұмыры қайғылы жағдайда үзілді. Оған жалған айып тағылып, жазықсыз құрбанға айналады.Көп жыл бойы оның аты аталмай, ел арасына танылмаса да, оның есімі халық жадынан ешқашан өшірілмеді. Егемен заманда Шәкәрім Құдайбердұлының дүниетанымын зерттеудің маңызы зор. Оның дүниетанымын зерттеу. ойшылдың шығармашылығындағы дүниетанымдық мәселелерді біртұтастықта, жүйелікте қарастыра отырып, оның ойлау мәдениетінің ерекшелігін тануға жол ашады.


Шәкәрім Құдайбердіұлы қайшылыққа толы, қиын-қыстау заманда өмір сүрсе де, қазақ философиясына жаңа тұжырым жасаған ойшыл ретінде тарихта қалды. Асыл бабамыздың қазақ халқына жасаған еңбектері, даналығы ешқашан ұмытылмауы тиіс. Шәкәрімдей тұлғалардың өмірін зерттеп, тәлім-тәрбие алу әрбір қазақ баласының парызы деп санаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет