Күні: 10.03.2017
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Мақсаты:
Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлуматтар алуына жағдай жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық: өз бетінше талдау , зерттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ақын портреті, слайд, кеспе қағаздар, ағаш суреті, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сабаққа келмеген оқушыларды журналға белгілеу
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
б) Психологиялық тренинг «Сиқырлы қорап»
Оқушылар өздерінің бір жаман және бір жақсы қасиетін айтады.
Топқа біріктіру Сынып ішінде түстер үйлесімділігіне байланысты жағымды атмосфера қалыптастыру. Гүлдер таңдау арқылы топқа біріктіру.
Сыныпты 4 топқа біріктіру. 1 - топ қызыл «Әдеп» тобы, 2 - топ көк «Ақыл» тобы, 3 - топ сары «Адамгершілік» тобы, 4 - топ қызғылт «Еңбек» тобы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Ойлы сұрақ - ұтымды жауап» әдісі
Оқушылардың үйге берілген тапсырма бойынша білімдерін жинақтау мақсатында топқа 2 – 3 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.
1-топ: «Әдеп» тобына
1. Қасым Аманжолов қай жылы қай жерде дүниеге келген?
2. Ол жайлы не білесің?
2-топ: «Ақыл» тобына
1. Ақынның «Жамырап күнде жас өмір» өлеңі не туралы?
2. Теңеу дегеніміз не? Өлеңде теңеу сөздер бар ма?
3-топ: «Адамгершілік» тобына
1. «Жамырап» деген сөзді қалай түсінесің?
2.Ақынның туған жерге деген сезімі өлеңнің қандай жолдарынан байқалады?
4-топ: «Еңбек» тобына
«Жамырап , «марқа» сөздерінің мағынасын аш.
Өлеңді жатқа айтып бере аласың ба?
«Екі жұлдыз, бір тілек»
ІІІ. Мағынаны тану
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, шолу жасау.
Сөзжұмбақ.
А
Р
Ұ
Я
Т
1.Желмаямен желіп жүріп Жерұйық іздеген кім еді?
2.Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не дейді?
3.Абайдың әкесінің аты.
4. «Мадан хан» қай ертегінің кейіпкері?
5. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
«Ой қозғау»
А) «Мен қазақпын» өлеңі оқылып, қазақ халқының тарихынан
сыр шертетін деректер көрсетіледі.
Ә) Ж.Молдағалиев өмірінен мәлімет беріліп, слайдтық шолу жасалады.
Б) «Дөңгелек үстел» әдісі «Ар-ұят туралы не білеміз? Кім, қалай ойлайды?»
ІV. Топтық жұмыс
1-топ: «Топтастыру» әдісі
Ж.Молдағалиев кім?
2-топ: «РАФТ» стратегиясы
3-топ: Шығарманы құрылысына қарай талдау «Ар ұят туралы» өлеңін СКТ ( Сатылай кешенді талдау)
4- топ: Ж.Молдағалиевтің «Ар ұят туралы» өлеңінің мазмұнына сай жоспар құрып, мақал мәтелдерді табады.
V. «Ойлан, жұптас, талқыла!» Жұптық жұмыс
1 - жұп «Мюнстенберг» әдісі «Шатасқан әріптер» ойыны
2 - жұп «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша балалар өздеріне әсер еткен жолдарды жазады және оны не үшін жазғанын дәлелдеп ойын жинақтайды.
3 – жұп Сөздіктер баламасын табады
4 – жұп Шығармадағы қайталанған сөздер анафора мен эпифораны табады.
VІ. Ой толғаныс кезеңі Жеке жұмыс
«Аяқталмаған сөйлем .....» әдісі арқылы интер тақтаға шығармадан үзінділер жазылады балалар өздері аяқтайды.
«Тұжырым кестесі»
Ж.Молдағалиев айтады
|
Халық айтады
|
Мен айтамын
|
.
|
|
|
Сергіту сәті «иә» десе-қол шапалақтау, «жоқ» десе-аяқты сартылдату, «жауап беруге қиналамын» десе-екі қолды жоғары көтеру.
Ж.Молдағалиев 1920 жылы дүниеге келді ма?
«Мен қазақпын» өлеңінің авторы М.Мақатаев па?
Ж.Молдағалиев Ұлы Отан соғысына қатысты ма?
«Ар-ұят туралы» өлеңінде қарт пен жігіт суреттелген ба?
Жалқаулық, өзімшілдік адами қасиетке жата ма?
Ж.Молдағалиев шығармалары орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, венгр, араб, манғол тілдеріне аударылған ба?
VІІ.Сабақты қорытындылау
Сызба арқылы түйіндеу. Постер қорғау
Шағын психологиялық тест
Кері байланыс: «Еркін микрафон» әдісі
Бүгінгі сабақтан алған әсерің?
Сабақтан не түсіндің?
Сабақ саған ұнады ма және несімен?
Қандай болу керексің?
ІҮ Үйге тапсырма
1.Өлеңнен өздеріне ұнаған шумақты жаттау;
2.«Ар-адамның өлшемі» тақырыбында эссе жазу.
Ү.Бағалау
Өз-өздерін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |