Презентация
Тақырыбы:Қазақстандағы көші-қон,демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
Орындаған:Тәжімурат Б.Т
Тобы:ЖМҚА-10-22
Қабылдаған:Маликов Мұхтар Маратұлы
Шымкент 2022ж.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Қазақстанның демографиялық мәселесі
Қазақстандағы көші-қон,демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар: Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады.
Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.90 жылдардан бастап күшті эмиграциялық қозғалыстың, яғни саны көбейген көшіп кетушілердің орнын халықтың қарқыны төмендеген табиғи өсуі толықтыра алмады. Қазақстандағы тұрғындар саны 1989-1992 жылдар аралығында 0,7%-ын өссе, кейінгі жылдарда күрт кеми бастады.
1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы (Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген.
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың. Бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті анықталмаған ділі шала қазақтар.
Қазіргі таңда Президентіміздің жолдауы бойынша әр жыл сайын мемлекеттік квотаның көлемін кең дегенде 15 мыңның үстінде ұстап отырып, экономикамыздың дамуына орай квоталар санын бұдан 2 есеге көбейту жоспарланып отыр.
Үкіметтің жоспарлап отырған жылына 15000 квота мен біз шете елдердегі қандасатрымызды жақын арада көшіріп алу мүмкін емес. Шет елдердегі қандастарымыз жағдайы келгендері яғни өз күшімен көшіп келе алатындары квотаға қарамай өз қаражатарымен келеуде.
Оралмандар өз тарихи отанына келу үшін көптеген қиыншылықтарға кездеседі:
—Тұрғылықты жерінен отанына қайту үшін рұқсат алуы керек. Ол мемлекет Қазақстан Республикасымен Көші-қон туралы келісім шарт жасасқан болса онда қандасымызға виза алу көп қиындық болмайды. Ал егер де ондай келісім-шарт жасалмаса онда виза алу да көп қиындықтар болады.
—Қазақстанға келгеннен кейінгі азаматтық алу қиындықтары. Азаматтық алғаннан кейін берілмейтін жәрдем ақының тоқтатылуы. Мамандығы бойынша жұмыс табу, егерде мамандығы болмаса жұмыс табу қиындығы, әлеуметтік жағдайының нашарлауы т.б.
Көшіп келудің түрлі қиындықтарына қарамастан көшті тоқтатпау керек.Үкіметтің осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстары да оралмандарды қолдау мақсатында жүргізілуде. Шет елдердегі ұандастарымызды көшірудегі мақсаттың бірі ол өмір сүріп жатқан халыққа сіңісіп кету қауіпі. Мысалыға: Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігінің өзбек болып жазылып кетуде.Қаржы қиынықтарына байланысты ол елдегі мектептердің жабылуы, Соңғы уақыттағы екі ел арасындағы салқындықта екі ел арасындағы көші-қон мәселесін тежеуде. Осы мәселелерді шешуде екі жақты келісөздер жүргізілуде.
Қытай Республикасының батысты игеру мақсатында жүргізіліп жатқан саясаты яғни қытайлардың саны аздау батыс аймағын игеру бұл.Батысты мекен ететін қазақ ұлтына қиындықтар туда, өйткені саны көп қытайлықтар аз санды қазақтарды жұтып жіберуі мүмкін.Міне осы жағдайларды ескере отырып Қытайдағы қандастаымызды тез арада көшіріп алу жолдарын қарастыруымыз керек. Осы елдермен қатар тарыдай шашылған қандастарымызды көшіріп әкеле алсақ. Президентіміз айтқандай 2020 жылы Қазақстандағы халықтың санын 20 млн адамға жеткізуге болады. Қандастарымызды әкелу өз республикасында саны аз қазақ ұлтының көбеюіне,яғни үлес салмағының артуына әкеледі.
Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.
Елдің демографиялық дағдарыстан шығуы үшін көші–қоны үрдістерін реттеу қажет. Қазіргі кезде мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздік мүдделері көші– қонды реттеуде жаңа жолдарды талап етіп отыр. Мемлекетімізде байырғы кезде əр түрлі себептермен көшіп кеткен шетелдердегі қазақтардың еліне қайта оралуына жағдайлар жасалуда. Мемлекет əр жылы оралмандарды қабылдауда квоталар белгілейді. Елімізде заңсыз көшіп келушілер мен босқындар саны өсуде. Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мəселе болды.