Абилова Замзагуль Куанышевна Мұғалім портфолиосы В2 есебі 1-топ 3-деңгей



бет1/5
Дата20.05.2020
өлшемі252 Kb.
#69930
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
бір сабақ бойынша рефл. есеп


Абилова Замзагуль Куанышевна Мұғалім портфолиосы В2 есебі

1-топ 3-деңгей

Ақтөбе қаласы 26.11.2013


«Менің Қазақстаным. Буын.» тақырыбы бойынша қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағының рефлексивтік есебі

Таудың бетіне қарасаң – ол қайраусыз шыңға ұқсайды,

жанынан көз тастасаң – өткір найзадай болады.

тау шыңына жүгірсең – ол биіктей береді, ал

артқа қарай шегінсең – кішірейеді.

О адамзат, бұл сол баяғы тау емес пе?

Ол өз кейпін ешқашан өзгертпейді.

Бұл сөздің түпкі мәні де сол емес пе?

Тау - қай жағынан қарасаң, сол жағына қарай өзгеріп отырады.

Су Дун По.

Осы нақыл сөздерді оқи отыра, мен бұл шыңға, яғни өз ойымның сонау биік шыңына қалай қарасам екен деген ойда көп ойландым, толғандым. Ойлап-ойлап мен бір тоқтамға келдім. Осы шыңға қарай жүре беремін, ал ол болса биіктей береді деген шешімге келдім. Тау шыңын мен көз алдыма біздің шығармашылығымыз, жұмысымыз, оқушымыздың жетістіктері, отбасы мен жұмыстағы тыныштық ретінде елестеттім.

Қазақ тілі сабағында мен педагогикалық талаптардан педагогикалық қатынасқа көшуге талпындым, оқушыларға өзін-өзі реттеулеріне көмектесуге тырыстым.

Өзімнің білімім мен біліктілігімді арттыру мақсатында мен қыркүйек айының 9 мен 4 қазан аралығында Кембридж бағдарламасының үшінші деңгейі бойынша даярлау курсынан өткен болатынмын. Бұл бағдарламаның басты мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының мұғалімдеріне өз педагогикалық тәжірибелерін бағалау мен жаңалауға көмектесі болып табылады. Оқу барысында бір – бірімен байланысып оқытылатын бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модульдің мәнмәтінінде көрсетілген [1.12]

Бағдарламаның екінші кезеңінде мен бірінші «Бетпе –бет» кезеңінде алған, үйренген білімімді тәжірибеге енгізуім үшін өзім қызмет етіп жүрген мектебіме келдім.

Тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын құрастыруда мен жеті модульдің идеясына сүйендім. Менің сабақтарымның жалпы мақсаты оқушыларды топтық жұмыс жасауға үйрете отырып, Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту және үндестік заңын меңгерту болатын. Аталып кеткен мақсаттармен қоса төмендегідей міндеттерді көздедім: Бірлесе жұмыс жасауға үйрену; сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорларын молайту; АКТ пайдаланудың тиімді жолдарын меңгеру; дұрыс және орынды сұрақтар қоя білуді меңгеру. Осы мақсат пен міндеттерден шыға отырып, біз жеті модульдің идеясын сабақ барысында енгізуіміз қажет. Оқушылар жұмысқа белсенді араласуға бел буды. Бұл үшін класта жақсы психологиялық климат орнатылды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталған соң, оқуға деген мотивация жоғарылады.

Мұғалімге арналған нұсқаулықтың 35- бетінде көрсетілген «Бірінші тезисінде: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты» делінген. Осы тезисте айтылғандай мен оқушыларды топтық, жеке, жұптық жұмыс жасауға үйрете отырып, олардың сабақ барысында білген жаңа сөздерді ауызекі сөйлеуде қолдану жолдарымен таныстыруым керек еді. Кембридж курсына алғаш келгеннен бастап біздің тренелеріміз топта көптеген қызықты таңертеңгі тренингтерді өткізді. Соның нәтижесінде біз, яғни мұғалімдер күн ұзаққа сабақта жақсы психологиялық дайындықта болдық. Оқушылар үшін сабақта қолданылатын жаңа элементтердің барлығы да қызықты, сол себепті мен мектепке тәжірибе өтуге келгенімде сабағымды дәл осы жаңашылдығымнан бастадым. Қоңырау соғылғаннан соң, мен оқушыларды бір шеңбер бойына жинап алып, сәлемдесу- тренингтерін өткіздім. Ең алғашқы өткізген тренингім «Жүректен – жүрекке» деп аталды. Бұл тренинг барысында оқушылар алақандарын бір – бірінің алақандарына алақанын қойып, бір- біріне «әдемі сөздер» (комплимент) айтты.



Тренинг өткізіп болған соң оқушыларды топқа бөлуге кірістім. 4-класта барлығы 11 адам, сабақ өткізген күні 2 оқушы денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмады. Сол себепті класты 2 топқа бөлдім.Топқа бөлген кезде мен «Мозаика» құрастыру ойынын алдым. Әр оқушыға жеке- жеке сурет қиындылары таратылды. Сол сурет қиындыларын құрастыру арқылы класс екі топқа бөлінді.әрі қарай жұмыс жасау үшін топ құрдық. Содан кейін мен оқушыларға топтық, жұптық және жекелеген жұмыстың не екендігін түсіндірдім. Әр топтың көшбасшысын таңдау үшін екі топқа екі түрлі жұмбақ жасырылды. Жұмбақтың шешуін тапқан бірінші топтың көшбасшысы Назгүл есімді қыз болса, екінші топ басшысы Рамазан есімді ұл бала болды. Топ көшбасшысын сайлағаннан кейін оларға «Бағалау парағы» берілді. Әр тапсырманы орындап болған соң көшбасшылар топ мүшелеріне баға қоюлары керек еді. Бағалары келесі шартты белгілермен белгіленді: - өте жақсы, - жақсы, - қанағаттанарлық. Сонымен қатар сабақ барысында оқушыларға ББҮ кестесі таратылды.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Бұл кестенің екі бағанын оқушылар сабақ басында толтырса, соңғы бағанын сабақ аяқталған соң толтырды. Бағалау парағы мен ББҮ кестесінен басқа сабақ барысында «Үш шапалақ», «Өзін – өзі бағалау экраны», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен бағалау», БҮҮ сияқты бағалаудың түрлерін қолдандым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет