Түсініктеме хат



бет1/4
Дата04.05.2017
өлшемі461,8 Kb.
#15582
  1   2   3   4
Қ



Түсініктеме хат

Жұмыс дәптері оқушыларға «Лексика» тарауын жан-жақты меңгерудің неғұрлым тиімді жолдарын қамтыған. Білім беруде барлық материалдар бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру үдерісінде оқушының білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Оқыту бағдарламасы тоқсан басында әрбір оқушыға беріліп,оқушының білімін тереңдетуге ,пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы оқушыға қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Тарауды толықтай меңгеру үшін оқушы ұсынылған әдебиеттердің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.



Тарауды оқытудың мақсаты : Оқушының ҰБТ-ге дайындық барысында «Лексика» тарауын жан-жақты меңгеруіне жол көрсете отырып, әрбір оқушыға оқу материалдарын өздігімен меңгеруге үйрету,олардың ақыл-ой қабілетінің даму жолдары мен тәсілдерін анықтау. Оқушылардың білім деңгейін анықтап, оларды диагностикалау және коррекциялау.

Міндеттері :

  1. Оқушыларды осы тарау бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру.

  2. Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін анықтау.

  3. Оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін тапсырмалармен, ережелермен таныстыру.



Мазмұны

1.Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына.Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.Көп мағыналы сөздер.

2.Омоним.Синоним.Антоним.Табу.Тұрақты сөз тіркестері.Мақал-мәтелдер.

3.Сөздік қор.Қазақ тілінің сөздік құрамы.Көнерген, жаңа сөздер.Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері.

4.Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер.

Өткізу уақыты мен орны.



Мазмұны


Сабақты өткізу мерзімі мен орны

бақылау

Өзіндік жұмыс

1

Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына.Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.Көп мағыналы сөздер.








2

Омоним.Синоним.Антоним.Табу.Тұрақты сөз тіркестері.Мақал-мәтелдер.








3

Сөздік қор.Қазақ тілінің сөздік құрамы.Көнерген, жаңа сөздер.Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері.








4

Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер.








Оқу сабақтарының құрлымы

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: дәріс, өздік жұмыс, бақылацу жұмыстары.



Дәріс оқушыға тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін оқушы ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс жасау қажет.

Өздік жұмыс оқушының өзіндік жұмысы. Ол тапсырмаларды кестеге сәйкес белгіленген мерзімде тапсыруға міндетті.

Бақылау жұмыстары – оқытушының бақылауындағы оқушының өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде мұғалімнің көмегімен оқып меңгеру. Мұғалім тақырыпқа сәйкес оқушының білім деңгейін тексереді, бақылайды.



Оқушыларға арналған ережелер :

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде ұялы телефонның көмегіне, түрлі анықтамалықтар көмегіне сүйенбеу керек.

  3. Тапсырмаларды басқа біреуден көшірмеу керек.

  4. Сабақтан себепсіз қалмау керек, науқастығына байланысты болса, сынып жетекшіге ескерту керек.

  5. Барлық кешенді тапсырмалар орындалу керек, себебі мониторингісі шығарылады.

  6. Тапсырмаларды толық орындап болмай, келесі тарауға өтпейсіз.

Дәрістер

Жоспар:


  1. Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына.

  2. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.

  3. Көп мағыналы сөздер.

  4. Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. «Қазақ тілінен ҰБТ-ге дайындаламыз» І бөлім. А.Ә.Айнабек, Т.Ж.Ганиев. «Астана» -2013жыл.52-53 б.б.

  2. «Қазақ тілі» оқулық. 5-сынып.

  3. «Қазақ тілі» 10 –сынып ( сөз мәдениеті). «Мектеп»баспасы 2002 жыл

Лексика (грекше лексикос — сөз дегенді білдіреді) тілдегі сөздердің жиьштығы деген ұғымды білдіреді. Кейде лексика жеке ақын-жазушылардың шығармаларында қолданылған сөздер жиынтыгы деген ұғыммен де жұмсалады. Мысалы, Абай шыгармаларының лексикасы дегенде, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қолданылған сөздер жиынтығы дегенді, қазақ тілінің лексикасы дегенде, қазақ тілінде қолданылатын барлық сөздің жиынтығы деген ұғымды түсінеміз.

Лексика лексикология, семасиология, этимология және лексикография деген салалардан тұрады.


1. Лексикология — сөз туралы ілім (лексикос — сөз және логос — ілім), тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді.
2. Семасиология (гректің семантикос — білдіру, мән және логос — ілім деген сөздерінен алынған) сөз мағынасын, сөздің ішкі мәнін, сөздің мағыналық ерекшеліктерін қарастырады.
3. Этимология — сөздер мен жекеленген тұлғаларының тарихын, шығуын, дамуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Мысалы, қазіргі тілімізде қолданылып жүрген кітап, дос, бөкебай, биыл, сексен сияқты сөздерінің мән-мағынасы бізге түсінікті, бірақ ол сөздердің қалай шыкқандығына көз жүгіртіп, мән бере бермейміз. Кітап — китабун деген араб сөзі, дос — дост деген парсы сөзі, бөкебай — пуховый деген орыс сөзі, ал биыл — бұл+йыл (жыл), сексен — сегіз+он деген түбірден құралған біріккен сөздер.
4. Лексикография (гректін лексикос — сөз және графос — жазу деген сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды білдіреді. Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.
Сөздіктердің негізгі түрлері мынадай:
Түсіндірме сөздік тілдегі барлық сөздерді қамтып, білдіретін мағыналарды мысалдар арқылы талдап, саралап береді. Қазақ тілінде 1956—1961 жылдары екі томдық, кейін 1974—86 жылдары он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді.
Аударма сөздік бір тілдің сөздерін екінші тілге аударып береді. Қазақ тіліне қатысты аударма сөздіктер; «Орысша-қазақша сөздік», «Қазақша-орысша сөздік». «Парсыша-қазақша сөздік», «Ағылшынша-қазақша сөздік» т. б. Сондай-ақ кене түркі ғалымы Махмүд Қашғаридың «Дивану лұғат-ит түрік» (Түркі тілдері сөздігі, яғни түрікше-арабша, 1072 ж.), «Кодекс Куманикус (қыпшақша-немісше, 1303 ж.), академик В. В. Радловтың төрт томдық «Опыт словаря тюркских наречий» (түркі тілдерінің сөздері орыс және неміс тілдеріне аударылып беріледі, демек көп тілді сөздік, 1897—1911 ж.) осы сөздіктер қатарына жатады.
Терминологиялық сөздік тілдегі әр түрлі ғылым мен техника саласы бойынша қолданылып жүрген арнайы термин сөздердің мәнін ашып беретін немесе екінші тілге аударып көрсететін сөздіктің түрі болып табылады. Қазақ тілінде әр түрлі терминологиялық сөздіктер бар.
Этимологиялық сөздік — тілдегі сөздердің шығу төркіні мен тарихын, қалай пайда болғанын көрсететін сөздік. Қазақ тілінде алғаш рет 1965 жылы «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» жарық көрді.
Орфографиялық сөздік — тілдегі сөздердің дұрыс жазылу қалпын, емлесін көрсетіп береді. Қазақ тілінде бірнеше рет басылып шыққан үлкен орфографиялық сөздіктерден басқа мектепке арналған да орфографиялық сөздік бар.
Орфоэпиялық сөздік — тілдегі сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді: өйткені тілдегі сөздер бірдей жазылып, бірдей айтыла бермейді.
Сөздіктің баска да түрлері бар. Олар: энциклопедиялық сөздік, жиілік сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік, белгілі бір ақын-жазушының сөздігі, мысалы, Абай тілі сөздігі т. б.

Аспан, жер, бұлт, орман, аласа, жылы, жаман, бару, алу, оқу деген сөздерді алсақ олардың әрқайсысының өзіне тән белгілі бір ұғымы болатынын білеміз. Аспан, жер, бұлт, орман деген сөздер заттарды атаса, аласа, жылы, жаман деген сапаны, бару, алу, оқу деген сөздер қимылды білдіріп тұрғанын көреміз. Сонымен балалар, сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.

Сөздер әрқашан тура мағынада ғана айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасының негізінде пайда болған, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады. Мысалы: көз – деген сөзді алсақ,көз – адамның немесе жан-жануарлардың көру мүшесі. Бұл бастапқы тура мағынасы болса, күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз оның ауыспалы мағынасы. Тіл – сөзін алсақ, бастапқы тура мағынасы адамның баста орналасқан дене мүшесі, ауыспалы мағынасы – ана тілі, орыс тілі дегендегі тілдер.

Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады. Соның нәт жесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім) - 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.

Ата (зат есім) - 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы - ескіден қалған женө-жоба, әдет-ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп - атадан келе жатқан шаруашылық.
Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.

Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамныңпсихологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.



Каталог: uploads -> doc -> 043e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
043e -> Сабақтың тақырыбы: «Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мəдениеті»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет