Терінің сыртқы қабаты, ең қалың қабат, қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі пигментке байланысты, егер аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, тым көп болса – қара қоңыр болады.
Дерма
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қантамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі.
Гиподерма
Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.
Мұнда тер бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап арасында көбірек болады.
Теріде май өндіретін май бездері бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды.
Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микроорганизмдер өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.
Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық жүйке талшықтарының теріге келетін холинергиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе жылы тер, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады.
Салқын тер жағымсыз эмоция кезінде, адам қиналып-қобалжығанда шығады.
Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, қантамырлары көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Жаңа туған сәбидің терісінің қалыңдығы 1,1 мм, 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды.
Бала терісінде май көбірек болады.
Температураға бейімделу 3-5 жастан бастап қалыптасады.
Тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы 5-6 жаста толық жетіледі.