Бездер Орындаған : Туралимов Бахтиям фос 22-3



бет1/4
Дата15.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#174588
  1   2   3   4
Байланысты:
Бездер. Туралимов Бахтияр

Бездер

Орындаған : Туралимов Бахтиям ФОС 22-3

Адам ағзасында өте көп әр түрлі заттар түзетін ерекше мүшелерді бездер деп атайды. Кейбір бездер ағзадан затта бөліп шығарады, мысалы тер. Ол өте кішкентай тер бездері арқылы бөлінеді. Бездер өзінің атқаратын қызметіне қарай: сыртқы секреция бездері — бауыр және сілекей бездері, ішкі секреция бездері — қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті безі, эпифиз деп бөлінеді. Тәулігіне адам ағзасында 1,5 литр тер, 8 литрдей асқорыту сөлі және бар-жоғы бір миллиграмға жетпейтін гормон жиналады.

  • Адам ағзасында өте көп әр түрлі заттар түзетін ерекше мүшелерді бездер деп атайды. Кейбір бездер ағзадан затта бөліп шығарады, мысалы тер. Ол өте кішкентай тер бездері арқылы бөлінеді. Бездер өзінің атқаратын қызметіне қарай: сыртқы секреция бездері — бауыр және сілекей бездері, ішкі секреция бездері — қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті безі, эпифиз деп бөлінеді. Тәулігіне адам ағзасында 1,5 литр тер, 8 литрдей асқорыту сөлі және бар-жоғы бір миллиграмға жетпейтін гормон жиналады.

Сүт бездері

  • Кеуденің алдыңғы жағында екі емшек орналасады. Олардың түсі жалпы адамның терісінің түсінен өзгеше болады. Жыныстық жетілуге дейін ұлдар мен қыздарда олардың айырмашылығы байқалмайды. Бірақ қыздарда балиғатқа толу кезінде олардың көлемі ұлғайып, кеуденің алдыңғы жағынан білініп тұрады. Біртіндеп бұл жерде пішіні жарты шар тәрізді, жұп мүше — сүт бездері жетіледі. Қыздарда сүт бездері — аналық жыныс гормондарының әсерінен дамиды. Осы дамыған сүт бездерінде жаңа туған нәрестені қоректендіретін — ана сүті түзіле бастайды. Сүт бездерінде сүт әйел босанар алдында пайда болады.

Сілекей бездері

  • Егер тамақ жеген кезде, адамның аузы кебірсіп, құрғап кетсе, онда шайнаған тамақ қиын жұтылады. Ал адамның тамаққа тәбеті жақсы болса, онда сілекей бөлініп, ауыздағы тамақ оңай жұтылады. Сонымен сілекей ауыздағы тамақты суландырып, оның оңай жұтылуына мүмкіндік жасайды. Сілекейдің құрамында 99 пайыз су, қалған 1 пайыз минералды заттар, белоктар және ферменттер болады. Осы ферменттердің көмегімен ас қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ауыз қуысындағы тамақтың құрамындағы қанттың күрделі молекулалары жай заттарға ыдырайды. Сілекейдің құрамындағы минералды заттар тіс түбіне тұнып, тістің сыртына тас жинақталады. Сілекей бездері — шықшыт безі, тіл асты безі және жақ асты бездерінен бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет