Қазақ спорт және туризм академиясы Казахская академия спорта и туризма The Kazakh academy of sports and tourism
№16 практикалық жұмыс. Органикалық қосылыстар
Лабораториялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері - Тәжірибені әдістемелік нұсқамадан берілген түсініктемемен сай жүргізу қажет, әсіресе реактивтерді қосу реттілігіне көп көңіл бөлу қажет.
- Тәжірибені жасау үшін тек таза лабораториялық ыдыстар қолданған дұрыс; әр реактивті өлшеу үшін арнайы өлшейтін ыдысы болғаны дұрыс (пипетка, бюретка,мензурка); пробиркаға құйылған реактивтің артық мөлшерін ластап алмас үшін қайта бұрынғы ыдысқа құюға болмайды.
- Егер тәжірибе барысында реакциялық қосылысты қыздыру қажет болса, әдістемелік нұсқада көрсетілген қыздыру тәсілдерін қолданған дұрыс; сулы монша, электр плитасында, спирт шырағында. Тез ұшқыш, жанғыш заттарды ашық жалында қыздырған қауіпті.
4. Реакциялық қосылыстарды қыздырғанда түтік аузы өзіңнен және айналадағылардан аулақ бағытталуы керек.
5. Қыздырылып тұрған сұйықтың үстіне еңкейіп беттеуге болмайды,өйткені ол түтіктен атылып шашырауы мүмкін.
6. Абайсызда төгіліп қалған реактивтерді тез сүртіп алу керек.
7. Улы және өткір иісті заттармен жүргізілетін тәжірибелерді тек тартпа шкафта жүргізу қажет.
8. Заттарды қолмен алуға және олардың дәмін көруге болмайды. Заттардың иісін түтіктің аузын мұрынға қарай қолмен желпіп отырып анықтауға болады.
9. Теріге немесе киімге қышқыл немесе сілті тамып кетсе, судың мол мөлшерімен, кейін 5 пайыз ас содасымен немесе араласқан аммиак ерітіндісімен (қышқыл болса), немесе 2 пайыз лимонды немесе сірке қышқылымен (сілті болса) шайып тастау керек.
10. Шамалы күйгенде (ыстық затпен немесе буға) күйген жерді этил спиртімен немесе марганецқышқыл калийдің 202ерітіндісімен сүрту қажет, ауыр күйгенде дәрігерге қаралған дұрыс.
11. Жұмыс кезінде қолданылған заттарды,фильтр қағазды арнайы шелекке тастап, қышқыл және сілтілерді арнайы ыдысқа тастау керек. 12. Жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын ретке келтіру қажет.
Органикалық қосылыстар - Органикалық қосылыстар – құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары). Адам ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әртүрлі майларды, т.б. пайдалана білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық қосылыстардың саны 5 млн-нан асты. Оларға органикалық химия зерттейтін изомерия құбылысы және әртүрлі күрделі өзгерулер тән.
Табиғи органикалық қосылыстар - Табиғи органикалық қосылыстарға жататын нуклеин қышқылдары, ақуыздар, липидтер, гормондар, витаминдер, т.б. жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінде және құрылысында маңызды орын алады.
Органикалық қосылыстардың түрлері - Құрылымына қарай органикалық қосылыстар: ашық тізбекті (алифатикалы), тұйық тізбекті (алициклді, ароматты), гетероциклді болып негізгі үш топқа бөлінеді. Ашық тізбекті қосылыстарда көміртек атомдары тармақталған немесе тармақталмаған тізбек құрады.
Көміртек атомдарының құрылыстары - Оларға қаныққан, қанықпаған көмірсутектер, олардың туындылары спирттер, аминдер, карбон қышқылдары, т.б. жатады. Ашық тізбекті органикалық қосылыстар көп мөлшерде мұнайда, табиғи газда, аздап гидросферада кездеседі. Қаныққан көмірсутектер бензин, тұрмыстық газ құрамында және метанол, жуғыш заттар алуда, қанықпаған көмірсутектер (олефиндер) полимерлер, спирт, ацетон, ацетальдегид, т.б. алуда қолданылады. Органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері ондағы орынбасушы элементтің, функционалдық топтың табиғатына және жай, қос, үш байланыстардың болуына негізделеді. Органикалық қосылыстар құрамдары CH2 тобының санымен ерекшеленетін гомологтық, молекулаларында көміртек саны мен функционалдық тобы бір, бірақ қанықпағандығы өсетін изологиялық, көміртек саны бір, функционалдық тобы әртүрлі генетикалық қатарлар түзеді. Құрамына галогендер, O, S, N, металдар енуіне байланысты: галогенді, оттекті, күкіртті, азотты, металды органикалық қосылыстар деп бөлінеді. Олар халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолданылады.
№1 сабақ. Әртүрлі функционалдiстерi. ы тобы бар оргiзгi жәнеаникалық заттарға тән реакциялар - Сабақтың мақсаты: органикалық заттардың қасиеттері олардың құрылысымен тығыз байланысты. Әрбір класқа жататын органикалық қосылыстың өзіне тән химиялық қасиеті негізінен көмірсутегі тізбегінің бос валенттігіне және оның құрамындағы функционалды топқа байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |