Дұрыс Тамақтанудың 10 кеңесі, тамақты ластандыратың бактерияларды жұқтырмау әдістері.
Мектеп жасындағы балалардың тамақтану негіздері.
Қорытынды.
Ұтымды тамақтану туралы түсінік.
. Ұтымды тамақтану дегеніміз дұрыс, саналы, пайдалы тамақтану. Денсаулық көбінесе адамның немен және қалай тамақтануына байланысты болады. Санасыз тамақтану көптеген аурулардың дамуына себепші болады. Үнемі артық тамақтану, қоректтік заттарды артығымен қабылдау заттарды көптеген ауруларды, мысалы семіру және сусамыз (қант диабеті ауруына соқтырады). Олар асқорту мүшелерінің,жүректің, ьауырдың,бүйректің зақымдануынв және басқа ауруларға қарсылығын төмендетеді.
«Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз,өмір сүру үшін тамақтанамыз» демекші,тамақтануда сабырлылық көрсету жалпы мәдениеттің белгісі болып есептеледі.Күшті қалпына келтіру үшін ғана тамақтану керек.
Тәбеті шауып ішкен тамақ қана адмға өте пайдалы.Тамақ ағза үшін пайдалы және зиянды өнімдерден тұрады. Азық-түліктің құрамына белок,май,көмірқышқыл,су,минералды тұз,витаминдер енеді.Тамақ жақсы қортылуы үшін біртіндеп,алғашқыда салат пен сұйық сорпа ішуден бастау керек.Артық мөлшердегі тұз,қант,ащы заттар,қуырылған тамақ және т.б. денсаулыққа зиян.Тәтті,кофе,шай,газды сусындарын көп мөлшерде қабылдамауға тырыс.Бұл сені асқазан,аллергия және басқа аурулардан қорғайды.
Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер,витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Функ ойлап тапқан.Ол күріш дәнінің сыртындағы қабықшасын ағзаға қажетті деп есептеп, «VITA» сөзі (өмір) мен амин сөзін қосып,витамин деп атаған. А,В,С витаминдері адам ағзасына қажетті.Олар:көкөністер,жемістерде көптеп кездеседі. Витаминдер бәрімізге де,әсіресе жас организмге аса қажет
Дұрыс тамақтану негіздері
Қазіргі кезде тамақтану қажеттілігі өзекті болып табылады.
Дұрыс тамақтану – адамның денсаулығының негізі, ол ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады. Біз жейтін тағам қуат көзі болып табылады, оны ағза тек дене жаттығулары кезінде ғана емес, сондай – ақ, біз демалған кезде де жұмсайды. Біз неғұлым дұрыс тамақтансақ , соғұрлым біздің ағза тез жаңарады.
Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі
1) Суды аш қарынға ішіңіз
2) Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3) «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден
қорғайды» дейді ұлттық даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
6) Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
7) Барлық аурулар тістерден
8) Тамақты жақсылап шайнаңыз
9) Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
10) Салауатты өмір сүру салты-ұзақ өмір сүрудің
жолы!
Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау үшін:
1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен
көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ əзірлеу жəне сақтау кезінде
шикі, пісірілген жəне пайдалануға дайын
тағамдарды бір-бірінен бөлек ұстаңыздар.
3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу
кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін
қыздырыңыздар.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды
тоңазытқышта сақтаңыздар.
5) Мыналарды пайдаланудаң алшақ болыңыздар:
~ шикі (пастерленбеген) сүттен жəне құрамына
пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;
~шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан,
құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан
~ шикі немесе шала піскен еттерден, тауық
етінен;
~ пастерленбеген шырыннан
«Мектеп жасындағы балалардың тамақтану негіздері»
Мектеп жасында балалардың дене салмағы, қаңқасы және бұлшықеті қарқынды өсіп, жыныстық жетілуі мен жүйке-гормональды қайта құрылу процесі басталады, яғни жасөспірімдік өзгерістердің белгілері айқын байқала бастайды. Осыған байланысты, сондай-ақ оқыту бағдарламасының тұрақты жүктемелеріне қарай оқушылар үлкен психо-эмоциялық күйге ұшырайды.
Мектеп жасындағы балалардың рационында азық – түліктің барлық негізгі топтары, әсіресе, көкөністер, жемістер мен жидектер, астық тұқымдастар (нан және нан-тоқаш өнімдері, жармалар, макарон өнімдері), ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, тағамдық майлар (өсімдік мен жануарлар майлары) және бұршақтар болуы қажет.
Дұрыс тамақтану принципі бойынша майсыз жылқы, сиыр еттерін, тауық, күрке тауық еттерін пайдалану керек.
Оқушылардың тамақтануына бұл өнімдерді қайнатылған және бұқтырылған тағамдар ретінде қолданған жөн, өйткені қуыру кезінде майдың тотығу өнімдері асқазан мен ішектің шырышты қабығын тітіркендіреді, қышу, іштің ауруы және т. б. жағдайларды тудыруы мүмкін.
Тиімді әрі дұрыс тамақтана отырып, қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұруға және көптеген созылмалы аурулардың алдын алып, өмір жасын ұзартуға болатыны бүгінгі таңда дәлелденгендіктен, отбасы мүшелеріммен салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға көшу керек.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттілігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Қорытынды