I. Театр үйірмесінің мақсаты мен міндеттері



бет1/2
Дата30.01.2023
өлшемі27,97 Kb.
#166839
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Актер2


Түсінік хат:

“Актер шеберлік”үйірмесі баланы сахна тәртібіне,қойылым қозғалысына,жүрісіне,мәдениетіне үйретіп,тіл тазалығын,сөйлеу мәнеріне үйретеді. Үйірменің ерекшелігі-ортақ қызығушылықтары негізінде біріккен адамдардың(оқушылардың)ұйымшылдығы мен ынтымақтастығын арттырып, бірауыздыққа үйретеді. Үйірме бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты екі жылдық жұмыс жоспарына сай есептеліп жасалған. Үйірме – бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған.
Театр үйірмесінің жұмысын жоспарлау барысында балалардың жас ерекшілігін ескеру аса қажет. Жас шамасына қарай қойылатын талапты ескере отырып, балалардың ересектер тобы- 9-11 сынып, орта буын – 6-8 сынып, бастауыш топқа- 3-6 сынып оқушыларын топтауға болады.
Әр топ (15 бала) аптасына 2 рет үйірме сабағы ұйымдастырылады. I жарты жылдықта үйірмеде сөйлеу мәнері, актерлік шеберлік, арнайы бағдарламалық іс-әрекет, этюдты меңгеру бағытында жұмыс жүргізіледі. Оқу жылының II жарты жылдығында алғашқы пьеса үзінділерін сахналастыру жұмысы жүргізіледі. 
I. Театр үйірмесінің мақсаты мен міндеттері
- Балалардың сана сезімін, жауапкершілігін, сауаттылығын, мәдениеттілігін, рухани дуниесін қалыптастыру.
- Балалар мен жасөспірімдерді көркемдік эстетикалық, шығармашылық, моральдік-этикалық нормаларды қалыптастыру, өнерге баулу.
- Балаларға актерлық шеберліктің негіздерін меңгерту, жеке тұлғаның таным талғамын арттыру.
- Балаға актерлық техниканы меңгерте отырып, шығврмашылық көзқарас, ойлау функцияларын қалыптастыру.
- Сахна мәдениетін өн бойына қалыптастыру, сахна тілін дамыту.
- Көпшілік ортада өзін этикалық нормаларға сай ұстауға тәрбиелеу.
- Үйірмеге қатысушыларға өнерге деген құштарлығын арттыру.
- Дұрыс сөйлеу техникасына икемдеу.
- Этикет нормаларына баулу және тәрбиелеу 
-  Шығармашылық ой-өрісті калыптастыру және дамыту.
Жаңашылдығы:
«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет