Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Тақырыбы:Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберлік.
Қабылдаған:Нұрсейітова Ләззат
Орындаған:Аухымбай Жанар
Тобы:С1301-10ж
Шымкент 2020ж Жоспар: 1.Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберліктің маңызы.
2. Педагогтың режиссерлік міндеті.
3. К.С.Станиславскийдің бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудағы театрлық жүйесі принциптері.
Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберліктің маңызы зор. Бұл болашақ маман қызметінің негізінде жатқан заманауи мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің алғы шарты болып табылады. Бұл туралы айқын түсініктің болуы студенттердің кәсіби-педагогикалық дайындығының тиімділігі мен ерекшеліктерін арттыруда маңызы зор.
Өмір мұғалімнің нақты ғылыми білімдердің және жалпы адамзаттық рухани құндылықтардың ұстанушысы болуын ғана емес, сондай-ақ өзінің жұмысында жоғары шеберліктің маңызды қайнары болуын, яғни педагогтың бойында актер және режиссерге тән қасиеттердің болуын, ол нені дұрыс, шабытты және сенімді, қызықты және жөн айтуды білуін ғана емес, сонымен бірге қалай айтуды білуін талап етеді.
Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберліктің болуы, мұғалім көпшілікпен, яғни балалармен жұмыс алып барады. Мұғалімнің бала үшін әлеуметтік нормалар мен қатынастардың қайнар көзі болып табылуы оның тұлғасының ерекшеліктерін арттыратыны сөзсіз. Бала мұғалімді қабылдай отырып, қоршаған әлемге деген оның қатынастарымен бірге қоғамды қабылдайды. Басқа адамдардың ерекшеліктері балаға аса күшті әсер етпейді, олардың ықпалы эпизодты ал мұғалімнің ерекшеліктері күнделікті бала көзімен бақыланады және оқушылар үшін тұрақты болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби қызметі үшін маңызды ерекшеліктерін жіктеген кезде қызмет ететін педагогтар мен болашақ мұғалімдер, педагогтың өз пәнінің материалдарының білімін, педагогикалық ықпалдың әдістемесін меңгеруін, дамыған психологиялық-педагогикалық ойлауды шамасы бірінші орынға қоятын болса керек. Мұндайда әртістіктің педагогқа қажет ерекшеліктердің тізіміне енбейтіндігін былай қойғанда, тіпті педагогикалық қызметке негативті ықпал ететін факторлар қатарына да қосылуы мүмкін.
Мұғалімге актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтерін меңгерту қажет деген мақсатқа күмәнданатын мұғалімдер (ал бұл, ережеге сай, білім беруде өзгерістерге қинала күйзеліп жүрген мұғалімдер, яғни өзінің түсініктерінің, дүниені сезінуінің жиі-жиі ауысуына дайын болу сияқты заманауилықтың білім талабы) педагогикалық әртістікке қарсы балалар ойынды қабылдамайды деген жаңсақ пікірге келіп жүр.
Біздің ойымызша, бұл әртістік пен актерлік ету, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық техника ұғымдарының шектелмеуінің нәтижесі, сондықтан мұнда терминологиялық нақтылық қажет. Егер де әңгіме шынайы әртістік жөнінде болса, онда ойында тәрбиеленушінің шеберлігінің, педагогикалық мақсаты мен психологиялық иімділігінің элементі бар. Ал актерлік етуді балалар жеңіл тауып алады.
Мұғалімнің шығармашылық, эмоциялық қабілеттерін, белгілі актерлік-режиссерлік икемділіктерін дамытатын, аудиторияға тиімді сөз және демонстрациялық әсер бойынша білім беретін, көңіл бөлу, өзін-өзі реттеу дағдыларын меңгеру бойынша өзіндік жеке және топтық сабақтар үшін мұғалімді жаттығулар жүйесімен қаруландыратын театр педагогикасының элементтерін біз, студенттің кәсіби дайындығын және толығымен мұғалім тұлғасының қалыптасу үрдісін міндетті түрде құрайтын бөлік ретінде қарастырамыз. Егер де болашақ мұғалім өзінің шығармашылығында әртістікке дейін көтерілуге ұмтылса, онда театр педагогикасының элементтерін меңгеру орындауды қажет ететін шарттардың бірі болып табылады.
Мұғалімнің ғылыми, абстрактілі материалда өмірлік құбылыстарды, ал ғылыми шешімде қоғамдық мағына мәселелерін көру, оның оқытылатын объектіге әлеуметтік құнды қатынастың құру шеберлігі педагогикалық әртістіктің танылуына, оқушыларға өнегелі әсерін ұйымдастыруға себепші болады.
Міне, осы педагогика режиссурасы, яғни өнер жағдайында адамдардың өзара әрекетінің логикасын құрудың өнері деп аталады.
Өйткені әрбір педагогикалық жағдай – ол “егер де” деген жағдай. Мәселелік ойын жағдай жүйесінде әрбір оқытушы және тәрбиеленуші субъектіге таңдау еркіндігі – жеке мағыналарды таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Сонда оқыту білімге, шеберлікке, дағдыға баулу құралы ретінде ғана емес, білімнің, шеберліктің, дағдының көмегімен субъектінің жеке ерекшеліктерін дамыту құралы ретінде қызмет етеді.
Мұндайда педагогтың басты режиссерлік міндеті – эмоциялық әсердің ойы мен күшіне қарай сабақтың негізгі бөліктерін бөлуден және оларды педагогикалық жағдайлардың режиссерлік шығармасына құрудан тұрады. Мұғалім сабақтың шығармасын танымдық шығармашылықтың негізі, оқу материалының мазмұнына өзінің қатынасын білдірудің құралы етеді.
Украин зерттеушісі В.Ф.Моргун осы жөнінде былай дейді: “Актердің өнері біріншіден, әлеуметтік; екіншіден - өмірлік; үшіншіде ғана театралды болуы тиіс, оның үстіне мұндай ұйғарым педагогтың шеберлігіне қатысты әділ болып саналады.
Демек, педагогикалық шеберліктің формуласы былайша көрініс табады: біріншіден, өнегелілік; екіншіден, біліктілік және үшіншіден әртістік.” Бельгиялық психолог Ж.Нютеннің бақылауын келтірейік: өмір – бұл маскалар театры деп болжасақ та, масканың бетке қосыла өсетін ерекшілігі барын да ұмытпаған жөн. К.С.Станиславский жүйесінің принциптері.
Станиславскийдің ілімі, оның таныс жүйесі мұғалім дайындауда көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Станиславский жүйесі - әмбебап, жан-жақты әдіс. Ол актермен жұмыста – педагог үшін де мүмкіндіктерге бай , себебі бұл әдіс жан-жақты үйлесімді, адамгершілікті және кәсіби тәрбиеде. Станиславскийдің әдісі техникалық тәсілдер мен ережелердің жинағы болып табылмайды. Жүйенің басты мақсаты – актер шығармашылығын өзімен ауыстырып алу емес, ал керісінше оның қабілеттілігінің еркін және толық ашылуына орай жағдай жасау. Бұл жағдай педагогқа да ауадай қажет. Олар мұғалімге бақылаусыз қысымнан құтылуға көмектеседі, өз мүмкіндігін білместіктен. Сонымен жүйе еркін шығармашылық үшін қандай жағдай жасайды?
Станиславскийдің жүйесінің бірінші және басты принципі (қағидасы) өмір шындығы - реалистік (шындық тұрғысынан) өнер принципі болып табылады. Өмір шындығына қойылатын талаптар оның жүйесінде барлығы келісілген түрде терең бойлаған. Сахнаға екіжүзділікті, өтірікшілікті, қасақана тәртіп бұзушылықты жіберіп алуға болмайды. Қазіргі біздің мектептерде бұл керек десеңіз, кірмек түгілі тамырлап терең бойлап кеткен – барлық әкімшілік аппаратында және мұғалім іс-әрекетінде немесе міндетті іс-шараларда. Органикалық, табиғилыққа тірі қағидаға не енуі мүмкін?
Міне осы жерде Станиславский мектебінің екінші маңызды принципі көмекке келеді – аса жоғары міндет туралы ілімі. Аса жоғары міндет дегеніміз, суретші не үшін өз идеясын адамдардың санасына ендіргісі келеді, қорытынды есебінде неге ұмтылады. Аса жоғары міндет –суретшінің ең ардақты, қымбатты, ең мәнді тілегі, ол – оның идеялық белсенділігінің мазмұны. Аса жоғары міндет туралы еске түсіре отырып, суретші материалдарды, техникалық тәсілдер мен мәнерлі құралдарды таңдап алады.
Біз өзіміздің педагогикалық қызметімізде аса жоғары міндет туралы жиі ұмытамыз: не үшін жұмыс істейміз, есептей келе неге ұмтыламыз осы? Педагогикалық шығармашылықтың әр түрлі стадиясына орай аса жоғары міндет түрлі деңгейде болады, олардың арасынан үш негізгігісін бөліп қарастыруымыз мүмкін:
Жалпы аса жоғары міндет, педагогтың қызметіне қатынасы және оның азаматтық зрелости түсінігін бейнелейді.
Этаптық аса жоғары міндет (Этапные сверзадача): жеке сабақтың, тұтас курстың т.б.аса жоғары міндет.
Ситуативтік аса жоғары міндет, әр түрлі жағдайда және іс-әрекеттерде пайда болады.
Мысалы, мұғалімге “А.П.Чеховтың шығармашылығы” деген тақырыпта әдеби кеш өткізу жоспарланған. Бұл жерде мұғалімнің этаптық аса жоғары міндеті қандай? Іс-шара іс-шара үшін бе? Әрине, жоқ. Чеховпен танысу үшін бе? Жоқ. Мұғалімге ең алдымен маңыздысы сол, балалар ұжымдық еңбектің қуанышын, біргеліктегі іс-әрекеттің қуанышын сезінуі: “мен-ұжымға”, “маған-ұжым”, үлкен, жауакершілігі мол істердің өздерінің қатысуымен өтіп жатқандарын сезінуі. Осы аса жоғары міндетте А.П.Чеховтың рөлі қандай? Істің мәні мынада, Чеховтың шығармашылығының жалпы аса жоғары міндеті – адамды бұрынғы қараңғылықтан жұлып алып және оның өмірін шындығында да әдемі ету – мұғалім идесымен үндесу. Жеке аса жоғары міндет, ситуативтік, біргеліктегі іс-әрекеттердің белгілі бір кезеңдерінде пайда болады: өзара қарым-қатынастағы репетицияда кенеттен пайда болатын дөрекілік немесе мәтінді біледі, бірақ қимыл-қозғалысы келінкіремейді, себебі пластикалық жасалып үйретілмеген және т.б. Міне мұғалім қызметінде пайда болады сквозные действие, ал Чехов армандайды адамдық қарым-қатынастағы ішкі және сыртқы әдемілікті, пошлосты , рухани мешеулікті көргісі келмейді. “Адамда барлығы әдемі болуы керек – бет-пішіні де, киімі де, жан дүниесі де, ойы да”.
Станислвскийдің жүйесінің үшінші принципі – іс-әрекет және белсенділік принципі, бейне мен құштарлықты ойнауға болмайтындығын айтады, бейне және құштарлық роліне әрекет жасау керек, - осы практикалық жүйенің өзегі болып табылады. Бұл принципті кім түсінбесе, оның барлық жүйені түсінбегені. Әрекет – бұл адамдық мінез-құлықтағы белгілі бір мақсатқа бағытталған еріктік акт. Іс-әрекетте физикалық және психикалық бірлік айқын пайда болады. Театр – бұл адам өмірі көрнекті, тірі, нақты адамдық іс-әрекетте бейнеленетін өнер. Актер өз өнерінің әрі жасаушысы және әрі аспабы, оның әрекеті сол образды жасауға өзіе материал болып табылады. Мұның барлығы бізге, мұғалімдерге дәл келеді. Педагогикалық іс-әрекет – бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған, біздің сіздермен ерікті актымыз. Мұндай әрекетпен біз биікке көтеріле аламыз, егер фмзмкалық және психикалық бірлік болса, ол негізделген, мақсатқа сәйкес, нәтижелі болуы тиіс.
Мұғалім – жасаушы. Оның шығармашылығы адамдық сөйлеу мен адамдық қимыл-қозғалыста, оқушыларға эмоционалды әсер ете білуде выражается. Озат мұғалімдердің өз оқушыларымен өзгеше әсер ете білуінің өзіндік құпиясы да осында. Оған қалай қол жеткізуге болады? Сабақтың және өз іс-әрекетінің жаңашылдығын қалай сақтауға болады? Керек эмоцияны қайдан алуға болады? Станиславскийдің ізденістері бұл жоспарда мұғалімдерге көмектеседі.
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989
2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.
3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.
Қосымша:
Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.
Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.
Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.
Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.
Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.