Бағалы қағаздар есебі.
Бағалы қағаздар есебінің тәртібі.
Бағалы қағаздар мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтайтай отырып куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн- оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.
Атаулы баға дивидендтерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға – бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.
Бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданылатын әртүрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілге мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Бағалы қағаздармен операцияларды жүргізудің тәртібі Қазақстан республикасының заңдылықтарымен реттеліп отырады.
Бағалы қағаздармен операциялар – келесідей мақсатарға жету үшін қор нарығында ақшалай қаржылармен немесе бағалы қағаздармен аяқтаған іс-әрекет немесе әрекеттер қатары:
банк қызметін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету – меншікті капиталды қалыптастыру және арттыру, қарыздық капиталды немесе ресурстарды айналымға тарту – эмиссиондық операциялар;
өз клиентінен меншікті және тартылған ресурстарды қор активіне салу – инвестициялық операциялар.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция -– бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.
Бағалы қағаздар мерзімді және мерзімсіз болады. Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Олар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз мерзім етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.
Инвестициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).
Инвестициялық емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, консаменттер).
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:
мемлекеттік;
муниципалдық;
мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны;
эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.
Банк өзінің қызметтерін жүзеге асыру үрдісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:
акциялар;
депозиттік сертификаттар;
облигациялар;
бағалы қағаздардың басқа түрлері.
Бухгалтерлік есеп қызметі сәйкес баланстық шоттарда бағалы қағаздармен
операциялардың дұрыс бейнеленуін бақылауды және жалпыланған есебін, мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу көлемі бойынша лимиттің сақталуын және алынған өтініштер негізінде дербес шоттар ашуды жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар нарығының орналасу механизімінің ұйымдастырылу құрылымы
Капиталды жинақтап немесе оны алу сферасына – қаржылық қызмет сферасы жатады. Қаржылық қарым-қатынастары басым негізгі нарықтар келесілер:
- банктік капиталдар нарығы;
- бағалы қағаздар нарығы;
- валюта нарығы;
- сақтандыру және зейнетақы қорларының нарығы;
Аталған нарықтар арасындағы капитал салымындағы құралдардаң қозғалысы көптеген факторлардан тәуелді:
нарық табыстылығының деңгейі;
нарықтың салық салу шарты;
капитал жоғалту тәуекелділігі мен күтілген табысты алмау деңгейі;
нарықтың ұйымдастырылуы мен инвестор жағдайының жақсылығы, нарыққа кіру және шығудың жылдамдығы, нарықтық ақпараттандырылуының деңгейі;
Бағалы қағаздар нарығының құрамды бөліктеріне мыналар жатады:
біріншілікті және екіншілікті; ұйымдасқан және ұйымдаспаған;биржалық және биржадан тыс;дәстүрлі және компьютерлендірілген; ассолық және жедел;
Біріншілік нарық – бұл бағалы қағаздарды бірінші иеленушілері мен бағалы қағаздардың нарықта ең бірінші пайда болуы, олар белгілі ережелер мен міндеттемелерге байланысты шығарылады.
Екіншілікті нарық – бұл бұрын шығарылған бағалы қағаздар айналымы. Бұл барлық шығарылған бағалы қағаздардың сату-сатып алу актілері және бір иеленушіден екіншіге өтуі.
Ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығы – бұл бағалы қағаздардың қатаң бекітілген ережелернегізінде лицензияланған мамандандырылған делдалдар арасындағы айналыс.
Ұйымдаспаған нарық - бағалы қағаздарды сатуда барлық қатысушыларға бірдей ережелердің сақталмауы.
Биржалық нарық – бағалы қағаздарды қор биржалары арқылы сату.
Биржадан тыс нарық – сәкесінше бағалы қағаздарды қор биржасынан тыс сатылымдар.
Бағалы қағаздармен сауда жасау дәстүрлі түрде және компьютерлендірілген нарқтарда жүзеге асады. Кейінгісінде сауда компьютер желілері арқылы жүзеге асады. Бұл сәйкесінше қор делдалдарын біріктіретін келесі сипаттамаларға ие:
- физикалық орынның жоқ болуы, яғни сатушы мен сатып алушы кездесуі сәйкесінше олардың арасындағы тікелей қатынастардың жоқтығы;
- сауда үрдісі мен оны қамтамасыз етудің толықтай автоматтандырылуы;
Кассолық бағалы қағаздар нарығы – бұл келісімшарттың тез арада 1-2 жұмыс күнінде орындалатын нарық.
Жедел бағалы қағаздар нарығы – бұл келісімшарттың әр түрлерінің 2 жұмыс күнінен артық мерзімде орындалатын нарық. Көбінесе орындалу мерзімі 3 ай.
Сурет 2. Бағалы қағаздар нарығы
Бұл сызбанұсқа екінші нарыққа кіреді. Осы арқылы біз бағалы қағаздардың айналысының тек екінші нарықта жүретінін байқадық. Себебі, олар шығаралып, орналастырылып, бағалы қағаздар нарығының қатысушысы кез-келген субъект бола алады.
Бағалы қағаздар нарығының орналасу нысандарын талдау
Біріншілікті бағалы қағаздар нарығы және андеррайтинг
Бірінші нарықта керекті құқықты статусқа ие кез –келген тұлға эмиссия арқылы меншікті және қарыз капиталын ала алады. Қарыз капиталы облигация шығарылымынан немесе басқа да қарызды бағалы қағаздармен жүзеге асады. Әр бағалы қағазды шығарушы эмитент оны шығаруға шешім қабылдамай тұрып келесі мақсаттарды анықтауы керек:
- өткізілетін бағалы қағаз мақсаты;
- бағалы қағаз түрі (құжаттық және құжаттық емес)
Ал бағалы қағазды шығару мақсаты келесідей болуы мүмкін:
- ұйымдастыру –жаңа коммерциялық банк құруға және пайлық банктің акционерлік банкке қайта құрылуы;
- ашық нарықта келесі акция эмиссиясы және орналастыру арқылы банктің акционерлік капталының үлкеюі;
- эмиссиялық емес бағалы қағаздар және облигация шығару арқылы қарыз капиталын құру;
- қаржылық басқару – төлем сызбанұсқасын жаңаландыру, қаржылық ағымдарды оптимизациялау;
Бірінші орналастыруға соңғы акциялардың шығару көлемі мен бағасы «гастрольдер» біткеннен кейін жүргізуші андеррайтер компаниясымен анықталынады. Акциялары нарықта бар компаниялар жаңа акциялар шығаруда жазылу бағасын дәл анықтауға мүмкіндік беретін оның биржалық және биржадан тыс бағдарлары болады. Әрине, акция шығарушы компания оны жоғарғы бағамен сатқысы келсе, инвесторлар керсінше оның төмен бағасына қызығушылық танытады. Қазіргі уақытта келісім – шартқа сұранысты күтуде немесе басқа да нарықтық шарттарда акциялардың бастапқы құны диллерлермен, ұйымдық – гаранттармен анықталынады. Инвестициялық делдал акция шығарушы және көп мөлшерде табыс алушы компания мүддесімен өзінің инвестициясының тез арада өсуін қалайтын инвесторлардың мүдделеріне қарайлаулары қажет. Мамандардың ойы бойынша инвестициялық банктер келісім шарт үшін ашылу бағасының өсуі 15 пайызды құрауы керек. Бірақ бағалы қағаздың нақты курсын ғана айқындайды.
Андеррайтинг – халыққа сату үшін және бірінші нарықта орналастыру үшін бағалы қағаздарды кепілді сатып алу.
Андеррайтер – келісіліп, сыйақы үшін белгілі шарттарда эмитентке кепілді түрде бағалы қағазды орналастыру үшін қызмет ететін инвестициялық институт. Андеррайтер бағалы қағаздарды жеке инвесторларға қайта сату үшін сатып алады. Қор нарығында корпоративті бағалы қағаздар эмиссиясын бірінші орналастырылуы – андеррайтинг – инвестициялық банктер, брокерлік фирмалар, инвестициялық және қаржылық компаниялар.
Достарыңызбен бөлісу: |